Қазақстанда кәсіби армияға көшу туралы петиция жарияланды

Қазақстанда міндетті мерзімді әскери қызметтен кезең-кезеңімен бас тартып, Қарулы күштерді негізінен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілерден жасақтауды ұсынған петиция жарияланды.

Петиция 25 қыркүйекте жарияланған. Оның бастамашысы – Қазақстан азаматы Әсел Фролова. Құжат Қорғаныс министрлігіне жолданған.

Петиция авторы Маңғыстау облысында 24 қыркүйекте әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қарулы күштерді жасақтау жүйесін реформалау мәселесін қарауды ұсынған.

Құжатта міндетті мерзімді әскери қызметтен бірден бас тартпай тұрып, алдымен мұндай өзгерістің ықтимал салдарына жан-жақты талдау жүргізу қажеттігі айтылған.

Атап айтқанда, Қарулы күштерге қажетті жеке құрам саны, мемлекеттің қорғаныс қабілеті, әскери қызметшілердің даярлық деңгейі, келісімшарт бойынша қызметке іріктеу жүйесі, әскери қызметшілердің қаржылай және әлеуметтік қамтылуы, медициналық қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесі, бюджет шығындары және жұмылдыру резервін даярлау тетіктерін зерттеу ұсынылған.

Петицияда қазіргі шақыру жүйесі мен кәсіби келісімшарттық армия моделін салыстырып, олардың әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне, армияның жауынгерлік қабілетіне, кәсіби даярлыққа, жұмылдыру резервіне, мемлекеттік бюджетке және әлеуметтік кепілдіктерге ықпалын бағалау қажеттігі көрсетілген.

Авторлар келісімшарттық модельді енгізу мүмкін әрі орынды деп танылған жағдайда, мерзімді әскери қызметтен кезең-кезеңімен бас тартып, кәсіби армияны дамытуға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеуді ұсынады.

Сонымен қатар, петицияда Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу нәтижелерін заңда белгіленген шекте барынша ашық жариялау және әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен Қарулы күштерді жасақтау мәселелері бойынша парламенттік және қоғамдық тыңдаулар өткізу ұсынылған.

Петиция авторы бұл бастаманың Қарулы күштерге немесе мемлекетті қорғау міндетіне қарсы бағытталмағанын айтады. Оның мақсаты – әскери қызметті кәсіби мамандық ретінде өз еркімен таңдаған әскери қызметшілерден тұратын армия моделін талқылау.

Айта кетейік, бұған дейін 24 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында жас әскери қызметшілерді теңіз алып кетіп, 14 жас жігіт қаза тапқанын жазған едік.

Что просят у государства

В петиции содержится просьба рассмотреть реформирование системы комплектования Вооруженных сил и провести публичное обсуждение возможного отказа от обязательной срочной службы.

Если переход на контрактную модель признают возможным, автор предлагает разработать соответствующие изменения в законодательство.

Отдельно в обращении говорится о необходимости обеспечить максимальную прозрачность расследования гибели военнослужащих в Мангистауской области в пределах, которые допускает законодательство.

Также автор предлагает рассмотреть проведение парламентских и общественных слушаний по вопросам безопасности военнослужащих и реформирования системы комплектования армии.

В петиции подчеркивается, что инициатива не направлена против Вооруженных сил или военнослужащих. Автор связывает ее с идеей профессиональной армии, в которой военную службу добровольно выбирают как профессию, а военнослужащие получают соответствующую подготовку, денежное довольствие и социальные гарантии.

Ознакомиться с петицией можно по этой ссылке.

Ранее Youth.kz рассказывал, чем призыв в Казахстане отличается от других стран.

Сондай-ақ оқыңыз


Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз