Тағылымдамалар

вакансиялар, тағылымдамалар, гранттар


Ақтөбеде «Адам құқықтарын қорғаудағы өңірлік бастамалар» тренингіне қатысушыларды қабылдау басталды

Ұйымдастыру: Еркіндік қанаты
г. Актобе•18.11.2026, 20:05

Адам құқықтары, азаматтық белсенділік, адвокация және жергілікті қауымдастықтарды дамыту мәселелеріне қызығушылық танытатын азаматтар екі күндік тренингке қатысуға шақырылады.

Тренинг барысында мына тақырыптар талқыланады:

  • Жергілікті деңгейдегі мәселелерді анықтау және шешу жолдары;
  • Жергілікті мәселелердің адам құқықтарымен байланысы;
  • Қауымдастық мәселелерін шешуде қолдануға болатын адвокация құралдары;
  • Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу және жергілікті бастамаларды ілгерілету;
  • Өз бастамасын жүзеге асыру үшін қаржыландыру алу мүмкіндігі.

Тренинг барысында қатысушылар өздерінің адвокациялық науқанының идеясын әзірлей алады. Кейін оны жүзеге асыру үшін гранттық конкурсқа қатысу мүмкіндігі беріледі. Алайда тренингке қатысу грант алуға кепілдік бермейді.

Кімдер шақырылады: ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар, жастар, сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының осы тақырыпқа қызығушылық танытатын тұрғындары.

Қоғамдық қызметте тәжірибенің болуы міндетті емес. Ең бастысы – тақырыпқа қызығушылық таныту және жергілікті мәселелерді шешуге атсалысуға дайын болу.

Қатысу үшін Instagram желісіндегі erkindik_qanaty парақшасының профилінде орналасқан тіркеу формасын толтыру қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 23 қараша (қоса алғанда).

RIKEN CBS Summer Program 2027 – Жапониядағы ғылыми-зерттеу бағдарламасы

Ұйымдастыру: RIKEN Center for Brain Science
Барлық қалалар•18.11.2026, 20:02

RIKEN Center for Brain Science (CBS) студенттер мен жас зерттеушілерді нейроғылымдар бағытындағы жазғы бағдарламаға қатысуға шақырады. Қатысушылар ғылыми зертханаларда жұмыс істеп, заманауи зерттеу әдістерін меңгеріп, халықаралық деңгейдегі ғалымдармен тәжірибе алмаса алады.

Бағдарламаға қатысудың екі форматы қарастырылған:

  • Plan A – екі айлық ғылыми-зерттеу тағылымдамасы (2027 жылғы 8 маусым – 5 тамыз).
  • Plan B – қарқынды дәрістер курсы (2027 жылғы 5-9 шілде).

Бағдарлама тілі: ағылшын тілі.

Қаржыландыру: ұйымдастырушылар екі бағыттағы әуе билеттері мен тұру шығындарын өтейді.

Қатысу талаптары: нейроғылымдар мен миды зерттеу саласына қызығушылық танытатын білім беру мекемелерінің студенттері мен компания қызметкерлері қатыса алады.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2027 жылғы 8 қаңтар.

Қалай өтінім беруге болады: бағдарламаның ресми сайтындағы тіркеу формасын толтыру қажет.

Global UGRAD – АҚШ-та бір семестр оқуға арналған алмасу бағдарламасы

Ұйымдастыру: АҚШ Мемлекеттік департаменті
Барлық қалалар•18.11.2026, 19:59

Global Undergraduate Exchange Program (Global UGRAD) бағдарламасы студенттерге АҚШ колледждері мен университеттерінде бір академиялық семестр оқуға мүмкіндік береді. Қатысушылар америкалық білім беру жүйесімен, елдің мәдениетімен танысып, еріктілік жобаларына қатыса алады.

Бағдарлама сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді, кәсіби дағдыларды және мәдениетаралық қарым-қатынас қабілетін дамытуға бағытталған.

Бағдарлама қандай шығындарды өтейді:

  • екі бағыттағы әуе билеттері;
  • оқу ақысы;
  • тұру шығындары;
  • бағдарламада қарастырылған басқа да шығындар.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • жасы 18-ден асқан болуы;
  • бакалавриат бағдарламасында білім алу;
  • оқу үлгерімінің жақсы болуы;
  • ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеру.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 15 желтоқсан.

Қалай өтінім беруге болады: бағдарламаның ресми сайтындағы онлайн сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет.

Жол қозғалысы ережелерін білу арқылы MacBook ұтып алуға болады: оқушыларға арналған викторина

Ұйымдастыру: Sergek Group, Bilim Group
Барлық қалалар•18.11.2026, 19:56

BilimClass білім беру платформасында жол қозғалысы ережелеріне арналған республикалық интерактивті викторина басталды. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексеріп, үш MacBook ноутбугының бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Викторинаға Қазақстан мектептерінің 2–11-сынып оқушылары қатыса алады. Жоба балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін бекітуге бағытталған.

Басталу күні: 2026 жылғы 16 қараша.

Қалай қатысуға болады: BilimClass білім беру платформасындағы интерактивті викторинадан өту қажет.

PR room Awards 2026

Ұйымдастыру: PR room
г. Астана•18.11.2026, 19:52

PR room кәсіби қауымдастығы PR room Awards – 2026 жыл сайынғы сыйлығына өтінім қабылдап жатыр. Байқау қоғаммен байланыс саласының мамандарын, медиа жобалардың авторларын, баспасөз қызметтерінің өкілдерін, компаниялар мен қоғамдық ұйымдарды қолдауға бағытталған.

Қатысушылар жүзеге асырылған PR науқандарын, коммуникациялық жобаларын және авторлық медиа жұмыстарын ұсына алады. Байқау кәсіби ортада танылуға және өз жобаларын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.

Байқауға қатыса алады:

  • PR мамандары мен журналистер;
  • баспасөз қызметтері мен PR бөлімдерінің өкілдері;
  • әлеуметтік желілердегі тақырыптық парақшалардың авторлары;
  • қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдері;
  • тәуелсіз мамандар мен фрилансерлер.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 23 қарашаны қоса алғанда.

Қатысу шарттары: ұйымдастыру жарнасы – 50 000 теңге. Бір қатысушыдан екі жұмыстан артық қабылданбайды. Жобалар презентация немесе толтырылған конкурстық бриф форматында ұсынылуы қажет.

Қалай өтінім беруге болады: байқау жұмысын ұйымдастырушылардың электрондық поштасына «Конкурс» белгісімен жіберу керек.

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауы

Ұйымдастыру: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
Барлық қалалар•18.11.2026, 19:47

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға өтінім қабылдауды жариялады. Байқауға спорт тақырыбын жазатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

  • «Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;
  • «Үздік спорттық жарияланым»;
  • «Үздік спорттық фоторепортаж».

Қатысушылар 2026 жылы жарияланған немесе эфирге шыққан спорт оқиғалары мен дене шынықтыру саласындағы мәселелерге арналған материалдарын ұсынуы қажет. Атап айтқанда, Олимпиада және Паралимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, балалар мен жасөспірімдер спорты, бұқаралық және ұлттық спорт туралы жұмыстар қабылданады.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 1 желтоқсан.

Қалай өтінім беруге болады: еркін нысанда өтініш, шығармашылық қызметі туралы қысқаша ақпарат және жарияланған материалдарды дайындау қажет. Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жіберуге болады. Электрондық хаттың тақырыбында «На конкурс имени С. Бердикулова – 2026» деп көрсету керек.

Astana Hub ұсынған Pizza Pitch – стартапты дамытуға 3 млн теңгеге дейін қаржы алу мүмкіндігі

Ұйымдастыру: Astana Hub
г. Астана•18.11.2026, 17:24

Astana Hub қазақстандық және шетелдік стартап-командаларды «New Year. New Unicorns!» атты Pizza Pitch байқауына қатысуға шақырады. Қатысушылар өз жобаларын сарапшылар алдында таныстырып, бизнестерін одан әрі дамытуға қаржылай қолдау алу мүмкіндігіне ие болады.

Байқауға MVP (ең төменгі өміршең өнім) сатысындағы және одан жоғары деңгейдегі стартаптар қатыса алады. Маңызды талаптардың бірі – жобаның сатылымдары, пилоттық жобалары немесе ақылы клиенттері болуы керек. Сондай-ақ қатысушылар Астанада өтетін финалға офлайн қатысуға дайын болуы қажет.

Жүлде қоры: 6 млн теңге.

  • Бірінші орын – 3 млн теңге.
  • Екінші орын – 2 млн теңге.
  • Үшінші орын – 1 млн теңге.

Қаржылай қолдаудан бөлек, қатысушылар сарапшылардан кері байланыс алып, әлеуетті серіктестермен танысып, өз жобаларын стартап қауымдастығына таныстыра алады.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 6 желтоқсан.

Қалай өтінім беруге болады: Astana Hub ресми парақшасындағы өтінім нысанын толтыру қажет. Өтінім берілгеннен кейін жобалар бірнеше іріктеу кезеңінен өтеді.

Petropavlovsk Urban Resilience Innovation Challenge: инновациялық жобаларға 40 мың долларға дейін қаржыландыру

Ұйымдастыру: БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі, Жапония үкіметінің қолдауымен
г. Петропавл•28.10.2026, 17:28

БҰҰ Даму бағдарламасы Петропавл қаласының климаттың өзгеруі мен төтенше жағдайларға төзімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдер байқауын жариялады.

Байқауға коммерциялық компаниялар, үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар, университеттер мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

Байқау климаттық қауіп-қатерлер, экологиялық тұрақтылық және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне қатысты қалалық проблемаларды шешуге арналған практикалық жобаларды әзірлеуге бағытталған.

Жалпы жүлде қоры – 240 мың АҚШ долларына дейін. Байқау қорытындысы бойынша алты жеңімпазға дейін анықталады. Олардың әрқайсысы 40 мың АҚШ долларына дейін қаржыландыру ала алады.

Жобаларды іске асыру мерзімі – 10 айға дейін. Жұмыстар 2026 жылғы қазанда келісім жасалған сәттен бастап 2027 жылғы 30 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

Қалай қатысуға болады: байқаудың техникалық талаптарымен танысып, жобалық ұсыныс дайындау қажет.

Ұйымдастырушыларға сұрақ жолдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 қараша, сағат 18:00.

Coca-Cola Belesteri – 2026: өз бизнесін дамытуға 1 млн теңгелік гранттар

Ұйымдастыру: Coca-Cola Kazakhstan және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры
Барлық қалалар•28.10.2026, 17:26

Қазақстанда Coca-Cola Belesteri бизнес-идеялар байқауының 14-маусымына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Бағдарлама жаңадан кәсіп бастаған азаматтарды қолдауға және шағын бизнесті дамытуға бағытталған.

Жастар санатында байқауға 18 бен 30 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Жеңімпаздарға өз ісін дамытуға арналған гранттар беріледі. Әйелдер мен жастар санатындағы қатысушыларға жалпы саны он грант қарастырылған. Әр гранттың көлемі – 1 млн теңге.

Өтінім бермес бұрын Business Órken тегін онлайн оқу курсынан өтіп, сертификат алу және ұйымдастырушылар ұсынған үлгі бойынша бизнес-жоспар дайындау қажет.

Қалай қатысуға болады: білім беру платформасында тіркеліп, Business Órken оқу курсынан өту және бизнес-жоспармен бірге өтінім беру қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 28 желтоқсан.

«Жылдың қоғам белсендісі – 2026» байқауы

Ұйымдастыру: «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы
Барлық қалалар•28.10.2026, 17:23

Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған «Жылдың қоғам белсендісі – 2026» республикалық байқауы жарияланды. Байқау азаматтық бастамаларды, волонтерлікті және қоғамдық қызметті қолдауға бағытталған.

Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, волонтерлер, қайырымдылықпен айналысатын азаматтар, белсенділер, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени-ағартушылық жобаларды ұйымдастырушылар қатыса алады.

Қатысу үшін көлемі екі беттен аспайтын өмірбаян, толтырылған өтінім және қоғамдық қызметі мен жетістіктерін растайтын құжаттарды дайындау қажет.

Жеңімпаздарға «Жылдың қоғам белсендісі» төсбелгісі, куәлік, естелік мүсінше, диплом және алғыс хат табысталады.

Марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді деп жоспарланған.

Қалай қатысуға болады: қажетті құжаттарды ұйымдастырушылардың электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 қараша.

OQ Startup: шетелдегі жас қазақтар өз жобаларын таныстырып, бағалы сыйлықтар ұта алады

Ұйымдастыру: «Отандастар» қоры
Барлық қалалар•28.10.2026, 17:19

«Отандастар» қоры Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақ жастарының шығармашылық, ғылыми және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған OQ Startup байқауын жариялады.

Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы, шет мемлекеттердің азаматтығын алған этникалық қазақтар қатыса алады.

Байқауға мына бағыттар бойынша жобалар қабылданады:

  • ғылым;
  • мәдениет;
  • ақпараттық технологиялар;
  • бизнес және кәсіпкерлік;
  • медиа;
  • волонтерлік;
  • әлеуметтік және шығармашылық бастамалар.

Қатысушылар жоба таныстырылымын дайындауы қажет. Ол ұзақтығы екі минутқа дейінгі бейнеролик немесе көлемі он слайдтан аспайтын презентация түрінде болуы мүмкін.

Сонымен қатар жобаның сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері, мақсатты аудиториясы, іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелері көрсетілген PDF құжатын тіркеу қажет. Егер бастаманы жүзеге асыру үшін қаржыландыру қажет болса, қажетті қаражат көлемі көрсетіліп, шығындар сметасы дайындалуы тиіс.

Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша мынадай сыйлықтар қарастырылған:

  • бірінші орын – ноутбук және диплом;
  • екінші орын – планшет және диплом;
  • үшінші орын – смарт-сағат және диплом;
  • арнайы жүлде – «Бестемше» үстел ойыны.

Қалай қатысуға болады: жоба таныстырылымын, сипаттамасын және қатысушы туралы ақпаратты ұйымдастырушылардың электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қазан.

«Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық байқауы

Ұйымдастыру: Астана қаласының әкімдігі, Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
Барлық қалалар•28.10.2026, 17:09

Қазақстанда шығармашыл жастарға арналған XXIX «Шабыт» халықаралық байқауына өтінім қабылдау басталды. Қатысушылар музыка, дәстүрлі өнер және бейнелеу өнері бағыттары бойынша өз қабілеттерін көрсете алады.

Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы кәсіби жас орындаушылар, соның ішінде шығармашылық оқу орындарының студенттері мен түлектері қатыса алады. 2026 жылы байқау алты бағыт бойынша өтеді:

  • ағаш үрмелі аспаптарда орындау;
  • үрмелі жез аспаптарда және соқпалы аспаптарда орындау;
  • дәстүрлі ән айту;
  • домбырамен орындау;
  • композиция (Астана туралы авторлық ән);
  • мүсін және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын бейнелеу өнері.

Кейбір номинациялар бойынша алдын ала іріктеу жұмыс бейнежазбалары немесе фотосуреттері арқылы қашықтан өткізіледі. Байқаудың ақтық кезеңдері, көрме және гала-концерт Астанада өтеді.

Байқау 2026 жылғы 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады. Қатысушылар халықаралық қазылар алқасының кәсіби бағасын алып, өз шығармашылығын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік алады.

Қалай қатысуға болады: байқаудың ресми сайтында тіркеліп, жеке кабинет ашу, қажетті номинацияны таңдау және тиісті құжаттарды жүктеу қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 қараша, сағат 18:00. «Домбыра» номинациясы бойынша өтінімдер мен бейнежазбалар 18 қарашаға дейін қабылданады.

Friedrich Ebert Foundation қорының Германиядағы шетелдік студенттерге арналған стипендиясы

Ұйымдастыру: Фридрих Эберт атындағы неміс қоры (Friedrich-Ebert-Stiftung)
Барлық қалалар•28.10.2026, 17:06

Фридрих Эберт атындағы неміс қоры (Friedrich-Ebert-Stiftung) Германия университеттерінде білім алып жүрген шетелдік студенттерге қаржылай қолдау ұсынады. Бағдарлама жоғары академиялық көрсеткіштері бар, азаматтық белсенділігімен ерекшеленетін және қоғамның дамуына үлес қосуға ұмтылатын дарынды жастарға бағытталған.

Қаржыландыру бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде оқитын түрлі академиялық бағыттағы студенттерге қолжетімді.

Қор қоғамдық және әлеуметтік-саяси қызметке қатысатын, бастамашылдық танытатын әрі әлеуметтік демократия қағидаттарын қолдайтын үміткерлерге ерекше назар аударады.

Стипендия иегерлері мынадай қаржылай қолдауға ие бола алады:

  • Студенттерге ай сайын 992 еуро көлемінде шәкіртақы төленеді.
  • Докторанттарға ай сайын 1 500 еуро беріледі.
  • Белгілі бір талаптарға сәйкес келетін студенттерге қосымша 276 еуро көлемінде отбасылық жәрдемақы қарастырылған.
  • Медициналық сақтандыру шығындары өтеледі.
  • Білім беру семинарларына, тренингтерге және кәсіби даму бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін шет мемлекет азаматы болу. Қазақстан азаматтары да стипендияға үміткер бола алады.
  • Өтінім беру кезінде Германиядағы университеттердің бірінде білім алып жүру.
  • Жақсы академиялық үлгерім көрсету.
  • Неміс тілін жеткілікті деңгейде меңгеру. Оқу ағылшын тілінде жүргізілсе де, неміс тілін білу талап етіледі. Қор кейбір жағдайларда B2 деңгейін ресми сертификатсыз да растауға мүмкіндік береді.
  • Қоғамдық, волонтерлік немесе әлеуметтік-саяси қызмет тәжірибесінің болуы.
  • Әлеуметтік демократияның негізгі құндылықтарын қолдау.

Маңызды: үміткер өтінім берген кезде Германияда тұрып, жергілікті университеттердің бірінде білім алып жүруі керек.

DocNomadsPLUS Erasmus Mundus 2027 – Еуропада деректі кино мамандығы бойынша магистратурада оқуға арналған стипендия

Ұйымдастыру: KIMO, Universidade Lusófona
Барлық қалалар•28.10.2026, 17:01

DocNomadsPLUS – деректі кино өнеріне арналған екі жылдық халықаралық Erasmus Mundus магистратура бағдарламасы. Бағдарлама кино өнерінің теориялық негіздерін режиссура, операторлық шеберлік, дыбыс жазу, монтаж және шығармашылық зерттеулер саласындағы практикалық дайындықпен ұштастырады.

Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі және үш Еуропа еліндегі университеттерде білім алуды қарастырады:

  • Лиссабон, Португалия – Universidade Lusófona.
  • Вильнюс, Литва – Литва музыка және театр академиясының KIMO кино мектебі.
  • Брюссель, Бельгия – LUCA School of Arts.

Төрт семестр ішінде қатысушылар деректі фильм түсірудің түрлі кезеңдерін меңгеріп, кәсіби кинематографистермен жұмыс істеуге және жеке авторлық фильмдерін жасауға мүмкіндік алады. Бағдарлама жеке және топтық кино жобаларын, сондай-ақ қорытынды дипломдық жұмысты қамтиды.

Қаржыландыру:

  • Оқу ақысынан толық босату.
  • Ай сайын 1 400 еуро көлемінде стипендия.
  • Сапар, виза және тұру шығындарын өтеуге арналған қаржылай қолдау.
  • Erasmus+ бағдарламасының талаптарына сәйкес сақтандыру.

Стипендия конкурстық негізде беріледі. Орын саны шектеулі болғандықтан, бағдарламаға қабылдану қаржылық қолдауға ие болуға кепілдік бермейді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Бакалавр дипломының болуы немесе университеттің соңғы курсында оқу.
  • Оқуды 2027 жылғы 31 тамыздан кешіктірмей аяқтау.
  • Кинематография, аудиовизуалды өнер, медиа немесе коммуникация саласында білім алу. Басқа бағыттағы үміткерлер де сапалы шығармашылық портфолиосы болған жағдайда қарастырылады.
  • Ағылшын тілін кемінде B2 деңгейінде меңгеру.

Өтінім беру үшін түйіндеме, диплом немесе соңғы курста оқитынын растайтын құжат, академиялық үлгерім туралы транскрипт, жеке басын куәландыратын құжат және ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат қажет.

Сонымен қатар, үміткерлер үш бейнематериал ұсынуы керек:

  • «Around Me, in the Here and Now» тақырыбындағы үш минуттық деректі фильм.
  • Бір минуттық мотивациялық видео.
  • Ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бұрын түсірілген авторлық кино жұмысы.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2027 жылғы 20 қаңтар.

Қытайда білім алуға арналған NPU President Scholarship стипендиясы

Ұйымдастыру: Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (Northwestern Polytechnical University, Қытай)
Барлық қалалар•28.10.2026, 16:56

Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (Northwestern Polytechnical University, NPU) Қытайда жоғары білім алғысы келетін шетелдік студенттерге арналған NPU President Scholarship стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады. Бағдарлама бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріне түсушілерге арналған.

Университет Шэньси провинциясының Сиань қаласында орналасқан. Ол 1938 жылы құрылған және негізінен инженерия, техникалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары мен басқа да академиялық бағыттар бойынша мамандар даярлайды. Шетелдік студенттер университет ұсынатын түрлі мамандықтардың бірін таңдай алады.

Стипендия қаржылық қолдаудың төрт деңгейін қарастырады:

  • Elite деңгейі: оқу ақысы мен жатақханада тұру шығындарынан толық босату, сондай-ақ ай сайынғы шәкіртақы.
  • Бірінші деңгей: оқу ақысынан толық босату.
  • Екінші деңгей: оқу ақысына 50% жеңілдік.
  • Үшінші деңгей: оқу ақысына 25% жеңілдік.

Elite деңгейіндегі стипендия иегерлеріне ай сайын мынадай төлемдер қарастырылған:

  • Бакалавриат студенттеріне – 1 500 юань.
  • Магистранттарға – 2 000 юань.
  • Докторанттарға – 2 500 юань.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Шетел азаматы болу және жарамды төлқұжатының болуы.
  • Бакалавриатқа түсушілер орта білім туралы аттестатқа ие болуы және жасы 23-тен аспауы керек.
  • Магистратураға түсушілер бакалавр дипломына ие болуы және жасы 30-дан аспауы керек.
  • Докторантураға түсушілер магистр дипломына ие болуы және жасы 35-тен аспауы керек.
  • Жақсы академиялық үлгерім көрсету.
  • Таңдалған бағдарлама талаптарына сәйкес қытай немесе ағылшын тілін меңгеру.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 31 желтоқсан. Бұл – өтінім қабылдаудың алғашқы кезеңінің аяқталу күні. Университет 2027 жылы құжат тапсырудың қосымша кезеңдерін де қарастырған.

Жас ғалымдардың ғылыми жобалары: «Жас ғалым» бағдарламасының 2027 жылға арналған конкурсы

Ұйымдастыру: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті
Барлық қалалар•20.10.2026, 09:25

Қазақстанда «Жас ғалым» бағдарламасы аясында жас ғалымдардың зерттеу жобаларын гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау жалғасуда. Конкурс жас зерттеушілерді қолдауға және Қазақстандағы ғылыми бастамаларды дамытуға бағытталған.

Өтінімдер бірнеше бағыт бойынша қабылданады:

  • климаттың өзгеруіне төзімділік және су қауіпсіздігі;
  • технологиялық егемендік және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі;
  • денсаулық және өмір сапасы;
  • ұлттық қауіпсіздік;
  • іргелі зерттеулер және ғылыми әлеуетті дамыту.

Жобаларды іске асыру мерзімі 36 айды құрайды. Басталуы 2027 жылға жоспарланған.

Қалай қатысуға болады: конкурстық құжаттамамен танысып, NCSTE ақпараттық жүйесі арқылы өтінім беру қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 10 қарашаны қоса алғанда.

Decentrathon 6.0: Қазақстанның 19 қаласында ауқымды IT-хакатон өтеді

Ұйымдастыру: Технологиялық экожүйе серіктестерінің қатысуымен Decentrathon командасы
Барлық қалалар•20.10.2026, 09:20

Қазақстанда әзірлеушілерді, IT-мамандарды және цифрлық технологияларға қызығатын азаматтарды біріктіретін ұлттық хакатонның алтыншы маусымы – Decentrathon-ға тіркелу басталды. Екі күн ішінде қатысушылар серіктес компаниялар ұсынған нақты міндеттермен жұмыс істеп, өздерінің технологиялық шешімдерін әзірлейді.

Хакатон Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз және басқа да қалаларды қоса алғанда, Қазақстанның 19 қаласында қатар өтеді.

Қатысушыларға мынадай мүмкіндіктер ұсынылады:

  • практикалық бизнес-кейстермен жұмыс істеу;
  • сала сарапшыларынан кері байланыс алу;
  • технологиялық компаниялардың өкілдерімен танысу;
  • әлеуетті серіктестер мен пікірлестер табу;
  • өз әзірлемелерін таныстыру.

Хакатонға жеке немесе төрт адамға дейінгі команда құрамында қатысуға болады. Мектеп оқушылары да қатыса алады, алайда олар команда капитаны 18 жастан асқан топ құрамында болуы керек.

Тапсырмалар 30 қазанда ашылады, ал жобаларды 31 қазанға дейін ұсыну қажет. Жеңімпаздар 10 қарашада жарияланады.

Қалай қатысуға болады: ресми платформада тіркеліп, нақты тұратын қалаңызды көрсету қажет.

Тіркелудің соңғы мерзімі: 29 қазан, сағат 23:59.

Алматы облысында ғылыми және инновациялық жобаларға гранттар бөлінеді

Ұйымдастыру: Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Барлық қалалар•20.10.2026, 09:17

Алматы облысында ғылыми әлеуетті дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы басталды.

Байқау технологиялық және әлеуметтік-экономикалық шешімдер әзірлеп жүрген жас зерттеушілер мен кәсіпкерлік командаларға қызықты болуы мүмкін.

Қатысу үшін жобалық құжаттаманы дайындап, өтінімді қағаз және электронды форматта тапсыру қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 3 қараша, сағат 17:00.

Зерттеулерге 75 млн теңгеге дейін: Қазақстанда жас ғалымдарға арналған гранттар байқауы жарияланды

Ұйымдастыру: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті
Барлық қалалар•20.10.2026, 09:13

Қазақстанда 2027 жылға арналған жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы жарияланды. Бағдарлама зерттеу бастамаларын қолдауға, ғылыми әлеуетті дамытуға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған.

Байқауға өтінім берілген сәтте ғылыми жоба жетекшісі мен қатысушыларының жасы 44-тен аспайтын зерттеу топтары қатыса алады.

Іргелі зерттеулерге, ғылыми әлеуетті дамытуға және ғылыми негіз қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ өнер саласындағы жобаларға бүкіл іске асыру кезеңі үшін 75 млн теңгеге дейін қаржы қарастырылған. Жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 25 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Жобаларды іске асыру мерзімі – 36 ай. Басталуы 2027 жылға жоспарланған.

Қалай қатысуға болады: өтінімдер Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта қабылданады.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 11 қараша.

Auyl Art Fest: Қазақстанның ауыл балалары Италиядағы Sanremo фестивалінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие

Ұйымдастыру: Di Canto Italiano академиясы
Барлық қалалар•20.10.2026, 09:08

Қазақстанда ауылдық жерлерде тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған Auyl Art Fest халықаралық вокалдық байқауы басталды. Байқауға Қазақстанның ауылдық елді мекендерінде тұратын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Байқау жас орындаушыларға вокалдық қабілеттеріне кәсіби баға алып, халықаралық сахнаға шығуға мүмкіндік береді.

Қатысу үшін таңдалған әнді орындап, бейнежазбасын арнайы цифрлық платформа арқылы жіберу қажет.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:

15 қазан-1 желтоқсан 2026 жыл – өтінімдерді қабылдау және онлайн іріктеу;
6-21 желтоқсан – онлайн жартылай финал;
2027 жылғы қаңтардың басы – Астанада финал және гала-концерт.

Байқау қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталады. Бас жүлде – Италияның Sanremo музыкалық фестивалі аясындағы іс-шараларда өнер көрсету мүмкіндігі. Жеңімпаздардың Италияға сапары 2027 жылғы 14-20 ақпан аралығына жоспарланған.

Қалай қатысуға болады: таңдалған әнді орындап, өтінімді арнайы платформа арқылы жіберу қажет.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 1 желтоқсан.

EduExpo Kazakhstan 2026 халықаралық білім көрмесі

Ұйымдастыру: Education and Career
Барлық қалалар•14.10.2026, 09:40

Қазақстанда EduExpo Kazakhstan халықаралық білім көрмесі өтеді. Іс-шараға отандық және шетелдік жоғары оқу орындары, білім беру ұйымдары мен халықаралық академиялық қауымдастық өкілдері қатысады.

Көрмеге келушілерді не күтеді:

  • Қазақстандық және шетелдік университеттермен танысу;
  • бакалавриат және магистратура бағдарламалары туралы ақпарат алу;
  • халықаралық білім алу мүмкіндіктерімен танысу;
  • оқуға түсу мәселелері бойынша кеңес алу;
  • білім беру бағдарламалары мен мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алу.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрмеге 20 елден 150-ден астам университет қатысады деп күтілуде. Алдын ала тіркелген жағдайда кіру тегін.

Өтетін күндері: 2026 жылғы 18-20 қараша.

Fortis Society Fellowship 2027

Ұйымдастыру: Fortis Society
Барлық қалалар•14.10.2026, 09:34

Fortis Society жас көшбасшыларға арналған халықаралық бағдарламаға өтінім қабылдауды бастады. Бағдарлама кәсіби құзыреттерді дамытуға және пікірлес адамдардың жаһандық желісін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама қаржылық мүмкіндіктері шектеулі отбасылардан шыққан, көшбасшылық әлеуеті бар және қоғамдық өзгерістерге үлес қосуға ұмтылатын жастарға арналған.

Бағдарлама қатысушыларына ұсынылады:

  • тәлімгерлік қолдау;
  • халықаралық кәсіби қауымдастыққа қосылу;
  • онлайн оқыту;
  • Колумбияның Медельин қаласында өтетін офлайн іс-шараларға қатысу;
  • 2027 жылғы маусымда өтетін Fortis Summit саммитіне қатысу.

Бағдарлама 2027 жылғы қаңтар мен маусым аралығында өтеді.

Жоғары білім туралы дипломның болуы міндетті емес. Әртүрлі кәсіби салалардағы үміткерлер қатыса алады. Іріктеуден өткен қатысушылар үшін бағдарлама мен оқыту тегін.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 8 қараша.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясындағы ғылыми тағылымдамалар

Ұйымдастыру: Халықаралық бағдарламалар орталығы
Барлық қалалар•14.10.2026, 09:29

Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелде ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысу үшін құжат қабылдауды жалғастыруда.

Бағдарлама қазақстандық мамандар мен зерттеушілерге шетелдің жетекші университеттерінде, ғылыми орталықтары мен зерттеу ұйымдарында 12 айға дейін кәсіби даярлықтан өтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан өтелетін шығындар:

  • оқу және тағылымдамадан өту ақысы;
  • әуе билеттері;
  • медициналық сақтандыру;
  • визалық шығындар;
  • оқу материалдары;
  • ай сайынғы стипендия.

Өтінімдер eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.

Бұл мүмкіндік ғылыми-зерттеу саласында еңбек етуді жоспарлап жүрген жас зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының түлектері мен кәсіби мамандарға арналған.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қазан.

Shakhmardan Yessenov Foundation 2027 ғылыми тағылымдамалары

Ұйымдастыру: Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры
Барлық қалалар•14.10.2026, 09:26

Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры әлемнің жетекші ғылыми зертханаларында зерттеу тағылымдамасынан өтуге арналған он грант бойынша конкурс жариялады.

Тағылымдаманың ұзақтығы – 90 күнтізбелік күнге дейін.

Кімдер қатыса алады:

  • Қазақстанда тұратын Қазақстан азаматтары;
  • бакалавриат және магистратура студенттері;
  • интернатура студенттері;
  • қазіргі уақытта ғылыми қызметпен айналысатын мамандар.

Негізгі талаптар:

  • GPA көрсеткіші 3,3-тен төмен болмауы керек;
  • ағылшын тілін білу деңгейі B2-ден төмен болмауы тиіс;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика, IT, инженерия, құрылыс немесе денсаулық сақтау салаларында білім алу не жұмыс істеу.

Қатысу үшін түйіндеме, академиялық үлгерім туралы транскрипт, жоспарланған зерттеу жұмысы туралы эссе және басқа да қажетті құжаттарды дайындау керек.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 4 қараша, сағат 15:00 (Астана уақыты бойынша).

IWA & Grundfos Youth Action for SDG 6 Fellowship 2027-2028

Ұйымдастыру: Халықаралық су ресурстары қауымдастығы (IWA)
Барлық қалалар•14.10.2026, 09:20

Халықаралық су ресурстары қауымдастығы (IWA) Grundfos компаниясымен бірлесіп, жастарға арналған Fellowship бағдарламасының үшінші легіне қатысуға өтінім қабылдауды бастады.

Бағдарлама су ресурстары, сумен жабдықтау және тұрақты даму мәселелерімен айналысатын жас мамандар мен зерттеушілерге арналған.

Кімдер қатыса алады:

  • 18-35 жас аралығындағы жастар;
  • студенттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер және су ресурстары саласының мамандары;
  • бағдарлама талаптарына сәйкес келетін IWA мүшелері.

Қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер:

  • білім алу және кәсіби даму;
  • халықаралық сарапшылардан тәлімгерлік қолдау;
  • халықаралық іс-шараларға қатысу;
  • өздерінің инновациялық жобаларын таныстыру мүмкіндігі;
  • бағдарлама аясында өтетін офлайн іс-шараларға бару үшін әуе билеттері, тұру, тамақтану, сақтандыру және виза шығындарының өтелуі.

Бағдарлама 2027-2028 жылдар аралығында шамамен екі жылға созылады. Айта кету керек, бұл стартапты жүзеге асыруға арналған ақшалай грант емес, кәсіби дамуға бағытталған халықаралық бағдарлама.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 қараша.

Zhas Kyran: халықаралық олимпиадалар мен байқауларға тегін әуе билеттері

Ұйымдастыру: Air Astana
Барлық қалалар•14.10.2026, 09:10

Air Astana әуе компаниясы қазақстандық балалар мен жасөспірімдерге халықаралық олимпиадаларға, спорттық жарыстарға және шығармашылық байқауларға тегін қатысуға мүмкіндік беретін Zhas Kyran бағдарламасын іске қосты.

Кімдер қатыса алады:

  • 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер;
  • халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсететін ел азаматтары.

Бағдарлама аясында ұсынылады:

  • Қатысушыға бару және қайту үшін тегін әуе билеттері;
  • оны ертіп жүретін бір адамға тегін әуе билеттері.

Өтінім беру тәртібі

Төмендегі құжаттарды zhaskyran@airastana.com электрондық поштасына жіберу қажет:

  • толтырылған өтінім;
  • іс-шараға қатысуға арналған ресми шақырту;
  • ұзақтығы бір минутқа дейінгі бейнеролик;
  • қатысушы мен оны ертіп жүретін адамның құжаттары.
  • Өтінімдер ай сайын 1-інен 25-іне дейін қабылданады. Құжаттарды жарыс басталуына кемінде екі ай қалғанда жіберу қажет.

Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ) Адам құқықтары мектебі аясындағы кіріспе семинарларға тіркелу басталғанын хабарлайды

Ұйымдастыру: МИСК
Барлық қалалар•05.10.2026, 09:15

Семинарлар Алматы, Астана, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Семей, Петропавл, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларында өтеді.

Семинар туралы

Адам құқықтары – әр адамның қадір-қасиетін, еркіндігін және теңдігін қорғауға негізделген әмбебап құндылықтар. Бірақ өз құқықтарымызды қаншалықты жақсы білеміз? Олар қалай қалыптасты және күнделікті өмірде оларды қалай қорғай аламыз?

Кіріспе семинар барысында қатысушылар:

  • адам құқықтарының мәні мен негізгі қағидаттарымен танысады;
  • адам құқықтарының пайда болуы мен даму тарихын біледі;
  • өз құқықтарын қорғаудың негізгі тетіктері туралы ақпарат алады;
  • нақты мысалдар мен жағдайларды талқылайды;
  • тәжірибелі құқық қорғаушымен кездесіп, адам құқықтарын іс жүзінде
  • қорғау тәжірибесімен танысады.

Семинар тек теориялық білім берумен шектелмейді. Қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасып, адам құқықтарын қорғауда кездесетін нақты жағдайларды талқылауға мүмкіндік алады.

Біз кімді күтеміз?

Семинарға 14 пен 25 жас аралығындағы жастарды шақырамыз.

Егер сіз жаңа білім мен тәжірибеге қызығушылық танытсаңыз, адам құқықтары туралы көбірек білгіңіз келсе және әр адамның қадір-қасиеті мен құндылығын маңызды деп санасаңыз – бұл семинар сізге арналған.

Қатысу шарттары

  • Қатысу тегін
  • Тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdG3pMzsCaBo4DXZSmuNdr
    a6KMKD8JA972TeB58vi1EVgiwiw/viewform
  • Семинар ұзақтығы: 4 сағат
  • Форматы: оффлайн, жеке қатысу қажет
  • Өткізу уақыты мен нақты орны: тіркелген қатысушыларға қосымша хабарланады

Қатысушылар саны шектеулі: әр қаладағы семинарға тек 50 адам қатыса алады

Қатысушыларға шақырту ұялы телефон арқылы жіберіледі (WhatsApp), номерді қатесіз жазыңыз.

МИСК Астанадағы жоба үйлестірушісін іздеуде

Ұйымдастыру: МИСК
г. Астана•05.10.2026, 08:42

Бұл Астанадағы гибридді жұмыс, дегенмен біз жарты күн жұмыс істей алатын үміткер студенттерді қарастырамыз.

Ұсынатынымыз:

  • Оқыту және кәсіби өсу мүмкіндігі
  • Достық және қолдау көрсететін команда
  • Қоғамдық саясат және адам құқықтары саласындағы қызықты
    жобалар
  • Өз идеяларыңызды жүзеге асыру мүмкіндігі
  • Біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге сәйкес еңбекақы

Күтетініміз:

  • Адамдармен оңай тіл табыса алу және белсенділік
  • Демократия мен адам құқықтарының құндылықтарын ұстану
  • Жауапты болу және тапсырмаларды соңына дейін жеткізе білу
  • Қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеу және жазу
  • Педагогика немесе әлеуметтану саласындағы білім — артықшылық
  • Волонтерлерді үйлестіру тәжірибесі — үлкен артықшылық

Unwritten Funding Challenge – Young Futures гранттық бағдарламасы

Ұйымдастыру: Young Futures
Барлық қалалар•30.09.2026, 10:11

Бағдарлама жастардың өмірі, тәжірибесі, шығармашылығы мен көшбасшылығына арналған жобаларды қолдайды.

Зерттеу, ғылыми коммуникация, жастар бастамалары және жастардың тәжірибесін зерттеуге бағытталған жобалармен айналысатын ұйымдар қатыса алады. Финалистермен сұхбаттар желтоқсан айында өткізіледі, ал жеңімпаздарды 2027 жылғы ақпан–сәуір айларында жариялау жоспарланған.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 қыркүйек – 16 қазан.

Almaty Hub: «AI арқылы операциялық басқаруды трансформациялау» воркшопы

Ұйымдастыру: Almaty Hub
г. Алматы•30.09.2026, 10:08

Практикалық воркшоп компанияларды басқаруда жасанды интеллектіні қолдануға арналған. Қатысушылар жұмыс процестерін автоматтандыру, AI құралдарын пайдалану және компаниядағы білімді бір жүйеге біріктіру мәселелерін қарастырады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 6 қазан, Алматы.

Global Exchanges Educational Fair 2026

Барлық қалалар•30.09.2026, 10:06

Көрме халықаралық білім алуға, шетелдік университеттерге түсуге, академиялық дамуға және білім беру бағдарламаларына арналған. Бағдарламада университеттердің презентациялары мен панельдік сессиялар қарастырылған.

Өтетін күндері:

9 қазан – Қонаев;
10 қазан – Алматы;
11 қазан – Астана.

SRT ConnectED Astana – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің халықаралық көрмесі

Ұйымдастыру: SRT International
г. Астана•30.09.2026, 10:02

Қатысу тегін. Келушілер шетелдік университеттердің өкілдерімен жеке кездесіп, оқу мүмкіндіктері, шәкіртақылар мен гранттар туралы ақпарат ала алады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 2 қазан, Астана

Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ұйымдастыру: Центр САТР
г. Алматы•30.09.2026, 09:56

Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет. Конференцияда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру үдерісіне қосу мәселелері және осы бағыттағы пәнаралық тәсілдер талқыланады. Қатысушылар мен спикерлер үшін бөлек тіркеу қарастырылған.

Өтетін күні: 2026 жылғы 29-30 қазан, Алматы.

Fulcrum Fellowship 2026

Ұйымдастыру: Rockefeller Philanthropy Advisors
Барлық қалалар•30.09.2026, 09:53

Бұл – қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық бастамалармен айналысатын көшбасшыларға арналған 13 айлық халықаралық бағдарлама. Қатысушылар оқудан, коучингтен өтіп, өз жобаларымен жұмыс істейді.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 15 қазан 2026 жыл.

Ғылыми Start-Up жобалар байқауы

Ұйымдастыру: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
г. Оскемен•18.09.2026, 08:42

17 қыркүйекте университет студенттер арасында ғылыми Start-Up жобалар байқауын жариялады. Байқау студенттердің ғылыми-зерттеу идеяларын дамытуға және оларды нақты жобаларға айналдыруға бағытталған. 

Қатысуға бакалавриаттың 1-3 курс студенттері шақырылады.

Қатысушылар өздерінің ғылыми немесе технологиялық Start-Up идеясын ұсынуы керек. Өтінімдерді университеттің Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі қабылдайды.

Өтінім формасы университеттің ғылым бөлімі Instagram парақшасында жарияланған.

Өтінім қабылдау мерзімі: 30 қазан 2026 жыл

Qazaqstan IGF 2026 – интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум

Ұйымдастыру: Eurasian Digital Foundation және Digital Rights Center Qazaqstan
г. Алматы•18.09.2026, 08:40

17 қыркүйекте Qazaqstan IGF 2026 ұлттық форумы туралы жаңа хабарландыру жарияланды. Форум мемлекет, бизнес, IT-сектор, азаматтық қоғам және академиялық орта өкілдерін біріктіреді. Өтетін күні – 14 қазан.

Биылғы негізгі тақырыптардың қатарында:

  • жасанды интеллектіні жауапты пайдалану;
  • балалардың интернеттегі қауіпсіздігі;
  • Цифрлық кодексті іске асыру;
  • Қазақстандағы цифрлық активтерді реттеу;
  • азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау;
  • интернет инфрақұрылымының тұрақтылығы бар.

Бағдарламада «Цифрлық экономикаға арналған цифрлық мамандарды даярлау» сессиясы да болады. Оның аясында «ИИ для юристов» жаңа курсы таныстырылады.

Форумға Алматыдағы IT-хаб SmArtPoint алаңында офлайн немесе онлайн трансляция арқылы қатысуға болады. Тіркелу ашық.

«Алтын домбыра» VII халықаралық байқауы

Ұйымдастыру: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі ұйымдастырушылар
г. Атырау•18.09.2026, 08:37

16 қыркүйекте «Алтын домбыра» VII халықаралық байқауына қатысты жаңа хабарландыру жарияланды. Байқау қазақтың дәстүрлі күй өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға, жас таланттарды анықтап, қолдауға бағытталған. Қатысуға 16 жастан асқан мамандандырылған музыкалық оқу орындарының оқушылары мен студенттері, кәсіби музыканттар және талантты орындаушылар шақырылады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті, көркемдік мәнерлілігі және шығарманы орындау сапасы бағаланады.

29 қазанда Атырау облыстық филармониясында жеребе тарту және конкурс тыңдаулары өтеді. 30 қазанда Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығында гала-концерт ұйымдастырылады.

Шетелден келетін қатысушылардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Құжаттарды 25 қазанға дейін жіберу қажет. 

Өтінім қабылдау мерзімі: 25 қазанға дейін.

ICAO Security Week 2026

Ұйымдастыру: Ұйымдастырушы: ICAO және Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі
г. Астана•18.09.2026, 08:35

Бұл мүмкіндік авиация, киберқауіпсіздік және халықаралық қауіпсіздік салаларына қызығатындар үшін. Негізгі бағдарламада авиациялық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, жүк тасымалының қауіпсіздігі, кадрларды даярлау және халықаралық қауіпсіздік стандарттары талқыланады. 

19 қазанда қатысушыларды тіркеу өтеді, ал 20–22 қазанда симпозиум, панельдік сессиялар және көрме ұйымдастырылады.

Өтетін күндері: 20–22 қазан

ARYQ Fest 2026: Unframed өнер фестивалі

Ұйымдастыру: Tamyr Central Asia Art Lab
г. Алматы•18.09.2026, 08:33

14 қыркүйекте жарияланған фестиваль бағдарламасында қыркүйек пен қазан айларындағы бірқатар іс-шараларға тіркелу әлі де жүргізіліп жатқаны көрсетілген. 

Алдағы бағдарламадан:

30 қыркүйек:

  • Рашид Нурекеевтің студио-визиті – 12:00;
  • Георгий Трякин-Бухаровтың студио-визиті – 14:00;
  • «Мусор бросать» перформансы – 19:00.

1 қазан:

  • «Художник и куратор» лекциясы – 19:00.

2 қазан:

  • Yelaman Muqtarkhan студиосына визит – 12:00;
  • фестиваль суретшілерінің artist talk-ы – 19:00.

Студио-визиттер мен лекцияларға қатысу құны – 2 000 теңге, кейбір іс-шаралар тегін. Бірқатар форматтарға алдын ала тіркелу қажет. 

Өтетін кезеңі: 16 қыркүйек – 3 қазан

Студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауы

Ұйымдастыру: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU), ҚР Банк қауымдастығы
г. Алматы•18.09.2026, 08:30

15 қыркүйекте IITU республикалық студенттік жобалар мен зерттеулер байқауына университет ішіндегі іріктеу басталғанын жариялады. Қазір IITU студенттері өз жобаларын ұсына алады. 

Байқаудың бағыттары:

  • жасанды интеллект;
  • киберқауіпсіздік;
  • онлайн-алаяқтықпен күрес;
  • fintech;
  • қаржы саласына арналған цифрлық шешімдер.

Университет ішіндегі кезеңнен кейін бір команда республикалық байқауда IITU атынан қатысады. Республикалық финал 10 қарашада Алматыдағы КБТУ-да өтеді.

Жүлде қоры:

  • 1-орын – 500 000 ₸
  • 2-орын – 350 000 ₸
  • 3-орын – 200 000 ₸

Сонымен қатар тағылымдама, менторлық және арнайы номинациялар қарастырылған.

Өтінім дедлайны: 30 қыркүйек

Ұлттық Банктің зерттеу гранты

Ұйымдастыру: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Барлық қалалар•18.09.2026, 08:28

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізуге гранттар беру бойынша конкурс жариялады. Өтінім қабылдау 8 қыркүйекте басталған және 22 қазанға дейін жалғасады.

2026 жылғы конкурс тақырыбы – «Қазақстандағы байлықты бөлу (wealth distribution): динамикасы, факторлары және мемлекеттік саясат шаралары».

Бұл жеке зерттеушілерге арналған жеке грант емес. Өтінімді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі немесе деректер жинау/өңдеумен айналысатын заңды тұлғалар бере алады. Сондықтан бұл мүмкіндікті университеттер, зерттеу орталықтары және басқа ғылыми ұйымдар өз жобалары үшін пайдалана алады.

Chevening – Ұлыбританияда толық қаржыландырылатын магистратура

Ұйымдастыру: Ұлыбритания үкіметі
Барлық қалалар•18.09.2026, 08:26

Қазақстан азаматтары үшін Chevening Scholarship 2027–2028 бағдарламасына өтінім қабылдау ашық. Бұл Ұлыбританиядағы бір жылдық магистратураға арналған толық қаржыландырылатын стипендия. 

Стипендия оқу ақысын, Ұлыбританияға бару-қайту жол шығындарын, визаға байланысты шығындарды және оқу кезеңіндегі негізгі өмір сүру шығындарын жабады.

Бағдарламаға кез келген мамандық бойынша магистратураға түскісі келетін қазақстандықтар қатыса алады, бірақ академиялық талаптармен қатар жұмыс тәжірибесі мен көшбасшылық әлеуетке қатысты талаптар бар.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 6 қазан

Civil Rights Defenders және Amnezia цифрлық қауіпсіздік бағдарламасын іске қосты

Ұйымдастыру: Civil Rights Defenders және Amnezia
Барлық қалалар•04.09.2026, 12:54

Civil Rights Defenders және Amnezia журналистер, тәуелсіз медиа өкілдері мен құқық қорғаушыларға арналған цифрлық қауіпсіздік бағдарламасын іске қосты.

Бағдарлама аясында қатысушылар Amnezia Premium сервисіне бір жылдық жазылым ала алады. Ол интернеттегі қауіпсіздікті арттыруға және цифрлық ортада жеке деректерді қорғауға арналған құралдарды ұсынады.

Бастама әсіресе журналистика, құқық қорғау және тәуелсіз медиа саласында жұмыс істейтін, цифрлық қауіптерге тап болуы мүмкін адамдарды қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау ашық және қазіргі уақытта мерзімі жоқ. 

Eurasian Demographic Forum 2026 конференциясына өтінім қабылдануда

Ұйымдастыру: Eurasian Demographic Forum
Барлық қалалар•04.09.2026, 12:52

Eurasian Demographic Forum 2026 халықаралық конференциясына тіркелу жалғасуда.

Іс-шара демография, халық санының өзгеруі, көші-қон және қоғамның әлеуметтік дамуына қатысты мәселелерді зерттейтін мамандарды біріктіреді.

Қатысуға:

  • студенттер;
  • магистранттар мен докторанттар;
  • зерттеушілер;
  • оқытушылар;
  • демография және әлеуметтік ғылымдар саласының мамандары өтінім бере алады.

Тіркеу формасын ағылшын тілінде толтыру қажет. Тіркелудің соңғы күні – 2026 жылғы 13 қыркүйек. 

Central Asia Fintech Summit 2026 форумына тіркелу ашық

Ұйымдастыру: Central Asia Fintech Community
г. Алматы•04.09.2026, 12:49

Алматыда Central Asia Fintech Summit 2026 форумы өтеді. Іс-шара 2026 жылғы 11 қыркүйекте Tselinny заманауи мәдениет орталығында ұйымдастырылады.

Форум қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың дамуына арналған.

Бағдарламада мынадай тақырыптар талқыланады:

  • цифрлық төлемдер;
  • ашық банкинг;
  • жасанды интеллект;
  • блокчейн;
  • киберқауіпсіздік;
  • цифрлық валюталар;
  • GovTech және қаржы технологиялары.

Форумға:

  • банк саласының мамандары;
  • fintech-компаниялардың өкілдері;
  • инвесторлар;
  • студенттер;
  • технологиялық стартаптардың өкілдері;
  • қаржы технологияларына қызығушылық танытатын азаматтар қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, форумға 4 мыңға жуық офлайн қатысушы және 120-дан астам спикер мен сарапшы қатысады деп жоспарланған.

Форумға тіркелу ресми сайт арқылы ашық. 

inVision U Forum 2026: қатысу тегін

Ұйымдастыру: inVision U
г. Алматы•04.09.2026, 12:46

Алматыда inVision U Forum 2026 халықаралық форумы өтеді. Іс-шара 2026 жылғы 23 қыркүйекте Satbayev University алаңында ұйымдастырылады.

Форум білім беру, көшбасшылық және жаңа технологиялардың қоғамдағы рөлі туралы пікірталастарға арналған.

Қатысушыларды:

  • сарапшылардың пікірталастары;
  • бизнес өкілдерімен кездесулер;
  • халықаралық профессорлардың баяндамалары;
  • speed mentoring форматындағы кездесулер;
  • студенттер және жас мамандармен нетворкинг күтеді.

Форумға:

  • студенттер;
  • талапкерлер;
  • жас мамандар;
  • кәсіпкерлер;
  • білім мен көшбасшылық саласына қызығушылық танытатын азаматтар қатыса алады.

Қоғамдық форум күніне тіркелу қазір ашық. Қатысу тегін. 

Tamyr Education Forum 2026 форумы үшін тіркелу ашылды

Ұйымдастыру: EA Group Holding
г. Алматы•04.09.2026, 12:44

Tamyr Education Forum 2026 форумына қатысу үшін тіркелу ашылды. Форум Қазақстандағы білім беру теңсіздігі мәселесін талқылауға және мектеп пен жоғары білім саласындағы практикалық шешімдерді іздеуге арналған.

Іс-шара Narxoz Business School және Teach for Qazaqstan қолдауымен ұйымдастырылады.

Форумға:

  • мұғалімдер;
  • студенттер;
  • білім беру саласының мамандары;
  • қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
  • білім беру жобаларын жүзеге асыратын азаматтар;
  • білім саласына қызығушылық танытатын қатысушылар қатыса алады.

Форумға қатысу тегін, алайда орын саны шектеулі. Сондықтан алдын ала тіркелу қажет.

Тіркелу 2026 жылғы 1 қыркүйекте ашылды. Форум бағдарламасы мен нақты өткізу күні ұйымдастырушылар тарапынан қосымша жарияланады. 

PMI Astana Forum 2026 конференциясына тіркелу ашық

Ұйымдастыру: PMI Kazakhstan Chapter
г. Астана•04.09.2026, 12:42

PMI Astana Forum 2026 конференциясына қатысу үшін тіркелу ашылды. Іс-шара 2026 жылғы 6 қарашада өтеді.

Форум жоба менеджменті, бизнес және кәсіби даму салаларындағы мамандарды біріктіреді. Бағдарламада баяндамалар, кейстерді талдау, шеберлік сабақтары және қысқа презентациялар жоспарланған.

Конференцияға:

  • жоба менеджерлері;
  • студенттер;
  • жас мамандар;
  • кәсіпкерлер;
  • басқару және бизнес саласына қызығушылық танытатын азаматтар қатыса алады.

Сонымен қатар спикер ретінде қатысқысы келетін мамандар өз тақырыптарын ұсына алады.

Спикерлерге арналған өтінімдер 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Конференцияға тіркелу 1 қыркүйекте ашылды. 

SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 халықаралық форумына тіркелу ашық

Ұйымдастыру: Қазақстан Республикасының Аэроғарыш комитеті
г. Астана•04.09.2026, 12:39

Қазақстанда SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 халықаралық форумы өтеді. Іс-шара ғарыш саласының мамандарын, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, ғылым және технологиялық қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді. Қатысушылар үшін тіркелу ашық.

Форум 2026 жылғы 7–9 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Негізгі іс-шаралар Nazarbayev University алаңында ұйымдастырылады.

Бағдарлама аясында қатысушыларды:

  • Ғарыш саласындағы сарапшылардың панельдік сессиялары;
  • Халықаралық ұйымдар мен ғарыш агенттіктерінің өкілдерімен кездесулер;
  • Практикалық воркшоптар;
  • Ғарышкерлермен кездесулер;
  • Жаңа ғарыш технологиялары мен шешімдерінің таныстырылымдары;
  • Ғарыш индустриясының болашағына арналған пікірталастар күтеді.

Форумға ғарыш және технология саласының мамандары, зерттеушілер, студенттер, кәсіпкерлер және салаға қызығушылық танытатын қатысушылар тіркеле алады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, форумға 50-ден астам елдің өкілдері, 60-тан астам спикер және 900-ден астам қатысушы келеді деп жоспарланған.

Қатысу үшін форумның ресми сайтындағы Visitor Registration бөлімі арқылы алдын ала тіркелу қажет.

Іс-шараның өтетін күндері: 7–9 қыркүйек 2026 жыл. 

Жасанды интеллект көмегімен сериал жасау бойынша байқау

Барлық қалалар•04.09.2026, 08:56

Сценарист, режиссёр немесе заманауи технологияларды қолданатын контент авторы ретінде өзіңізді сынап көргіңіз келе ме? 

Сіздерді жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып мини-сериал жасау байқауына қатысуға шақырамыз!

Не жасау керек?

  • 3 сериядан тұратын мини-сериал
  • Әр серияның ұзақтығы — 1 минуттан 2 минутқа дейін
  • Жанры мен тілі — өз таңдауыңыз бойынша
  • Сценарий, визуал, видео, дыбыс, музыка және монтаж үшін заманауи ЖИ құралдарын пайдалануға болады.

Жеңімпаздарды Алиса дауысбытырғыштары күтеді

Қатысу үшін:

  • Байқау Ережесімен танысу.
  • Конкурстық жұмысты дайындау.
  • Синопсис пен жоба сипаттамасын дайындау.
  • Қолданылған ЖИ құралдарын көрсету.
  • Тіркеу формасын толтыру.

Астана тұрғындары кітап оқып, 600 мың теңгеге дейін ұтып ала алады

Ұйымдастыру: Астана қаласының әкімдігі
г. Астана•12.08.2026, 05:58

Астана қыркүйек айында басталатын «Кітап оқитын ұлт» марафонына ресми түрде қосылды. Марафонға қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, кейін тестілеу мен бірқатар зияткерлік куизден өтеді. Сынақ қорытындысы бойынша қатысушылардың әр санатындағы үздік командалар анықталады.

Бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге ақшалай сыйлық қарастырылған.

«Кітап оқитын ұлт» марафонына кімдер қатыса алады:

  • 6-10 сынып оқушылары;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
  • педагогтер;
  • мемлекеттік қызметшілер;
  • ата-аналар;
  • мамандығы мен қызмет түріне қарамастан, барлық ниет білдіруші.

Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Қатысушыларды тіркеу биыл қыркүйек айында жобаның www.reading-nation.kz⁠ ресми сайтында басталады.

«Қазақстан – қызғалдақтың бесігі» деректі фильмінің көрсетіліміне шақыру

Ұйымдастыру: КИМЭП
г. Алматы•05.03.2026, 04:37

Достар, сіздерді Халықаралық қызғалдақ күнін еліміздің табиғат құпияларын ашатын деректі фильмді тамашалаумен бірге атап өтуге шақырамыз.

Генетикалық тұрғыдан алғанда, барлық заманауи қызғалдақтардың арғы атасы дәл осы Еуразия даласы екенін білесіз бе? Қазақстан аумағында қызғалдақтың 42 түрі өседі, оның 7-еуі – бірегей эндемик. Анна Савоськинаның фильмі – бұл жай ғана ғылыми зерттеу емес, өмірін табиғатты қорғауға арнаған жандардың жеке тарихтары.

Біз сіздерді осы сұлулықпен танысып, жабайы қызғалдақтарды болашақ ұрпақ үшін сақтауға үндейтін құндылықтарды бірге қалыптастыруға шақырамыз.

Көрсетілім КИМЭП Университетінің қолдауымен өткізіледі.

Күні: 7 наурыз, 2026 жыл Басталуы: 15:00

Мекен-жайы: Абай даңғылы, 4, КИМЭП Университеті, Уәлиханов ғимараты, 2-холл.

Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/1N9AJl-QOai05LOOB5VRs4a92OTfnWnVCnS6tLei1EL0/edit

Cannes Lions ұсынған креаторлар мен маркетологтарға арналған байқау

Ұйымдастыру: Cannes Lions
Барлық қалалар•02.03.2026, 07:03

Қатысушылар жеке немесе команда құрамында қатысып, келесі санаттардың бірі бойынша материал ұсына алады: фильм, сыртқы жарнама, дизайн, диджитал, медиа, маркетинг, PR. Қатысушылардың жасы 30-дан аспауы тиіс. Шарттармен, мерзімдермен және толық ақпаратпен байқаудың сайтында танысуға болады.

Дедлайн: 12 наурыз 2026 ж. 

Гонконгтағы зерттеу тағылымдамасы

Ұйымдастыру: University of Hong Kong
Барлық қалалар•02.03.2026, 07:01

2026 жылдың жазында University of Hong Kong жанындағы Есептеу техникасы және деректер ғылымы мектебі компьютерлік ғылым, жасанды интеллект және деректер ғылымы бағыттары бойынша бакалавриаттың 40 студентіне арналған зерттеу тағылымдамасы бағдарламасын іске қосады.

Дедлайн: 31 мамыр 2026 ж.

Сауд Арабиясындағы «Фотоника» жазғы лагерi

Ұйымдастыру: KAUST Photonics (PSC) жазғы лагері
Барлық қалалар•02.03.2026, 06:59

KAUST Photonics (PSC) жазғы лагері – қаржыландырылатын зерттеу бағдарламасы. Бағдарлама заманауи фотониканың әртүрлі салаларында бірнеше практикалық зерттеу жобаларын, семинарлар мен заманауи нанөңдеу және визуализация құралдарын қолдануға техникалық оқытуды қамтиды. Қаржылай қолдау қарастырылған.

Дедлайн: 31 маусым 2026 ж.

Сеул Ұлттық университетінің тегін онлайн курстары

Ұйымдастыру: Сеул Ұлттық университетінің
Барлық қалалар•02.03.2026, 06:57

Сеул Ұлттық университетінің курстарын тегін өтуге болады, қосымша студенттер шағын төлеммен расталған сертификат ала алады. Қазір анатомия, экономика, инженерия, психология, тарих және биология салалары бойынша курстар ұсынылған.

Дедлайн жоқ

ЮНИСЕФ «ЮНИСЕФ Жастары» еріктілер платформасын іске қосады

Ұйымдастыру: ЮНИСЕФ
Барлық қалалар•23.02.2026, 10:24

Қазақстанда жаңа цифрлық еріктілер платформасы іске қосылуда, ол оқытуды, әлеуметтік бастамаларға қатысуды және жастар көшбасшылығын дамытуды бір онлайн кеңістікте біріктіреді. Платформа жастарға елдің кез келген жерінен челлендждерді орындауға мүмкіндік береді. Халықаралық үздік стандарттар мен тәжірибелерді ескере отырып әзірленген «ЮНИСЕФ Жастары» жобасы 16 мен 35 жас аралығындағы жастарға бағытталған және жастарды балалар құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ел бойынша орнықты дамуға тартуды жеңілдетуге арналған.

Платформаның іске қосылуы ерекше сәтте орын алуда: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Алғаш рет Қазақстан ұсынған бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен жариялап, мүше мемлекеттердің басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Бұл шешімдер еріктілер қозғалысының жаһандық және ұлттық маңыздылығын айқындай түседі.

2026 жылдан бастап платформа ЮНИСЕФ Қазақстанның қамқорлығымен еріктілер қызметінің бірыңғай цифрлық кеңістігіне айналады. Пайдаланушыларға бала құқықтары, зорлық-зомбылықтың алдын алу, психикалық денсаулық, климаттық сауаттылық, инклюзия және цифрлық қауіпсіздік бойынша онлайн-курстар, сондай-ақ өтінім берудің ыңғайлы жүйесі және қатысуды автоматтандырылған түрде есепке алу қолжетімді болады. Әрбір еріктінің цифрлық профилінде жетістіктері мен жобаларға қосқан үлесі тіркелетін болады.

Арнайы мотивация үшін «ЮНИСЕФ Жастары» платформасы геймификация элементтерін қамтиды. Әрбір ерікті жобаларға белсенді қатысуына қарай «өсіп» дамитын өзінің бірегей аватарына ие болады – қарапайым баладан нағыз суперқаһарманға дейін өсіп, бұл олардың елеулі үлесін көрсетеді.

Еріктілер челлендждері жастарға орналасқан жеріне қарамастан — қалалық мектеп, шалғай ауыл немесе жергілікті аудан болсын — өз қоғамдастықтарында балаларға көмек көрсетуге және ағартушылық іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді. Платформа еріктілерді барлық қажетті ресурстармен: статистикалық деректермен, әдістемелық ұсынымдармен, талдамалық материалдармен және ЮНИСЕФ үйлестірушілерімен тікелей байланыспен қамтамасыз етеді. Тапсырманы орындағаннан кейін қатысушылар есептерді жүктей алады, ұпай жинайды және үнемі жаңартылып отыратын жаңа челлендждерден шабыт алады.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ еріктілер қозғалысының қатарында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам белсенді қатысушы бар. Соңғы жылдары олар ондаған әлеуметтік және экологиялық бастамаларды жүзеге асырып, 500 тоннаға жуық қоқыс жинады және 20 мыңнан астам ағаш отырғызып, орнықты қоғамдастықтарды дамытуға үлес қосты.

AdilQala жобасы құрылыс мәселелері бойынша консультацияға өтінім қабылдайды

Ұйымдастыру: Urban Forum Kazakhstan
Барлық қалалар•23.01.2026, 13:06

Urban Forum Kazakhstan AdilQala жобасы аясында қала тұрғындары, қауымдастықтар, тұрғындар бірлестіктері және т. б. үшін офлайн-консультациялар сериясын іске қосады.

Кеңестерді білікті мамандар — заңгер мен сәулетші-урбанист береді. Егер қалада жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты сұрақтарыңыз болса, біздің форма арқылы өтінім қалдырыңыз! Өтінім модерациядан өткеннен кейін сізге консультацияның уақыты мен өтетін орны туралы хабарлаймыз. Форманың сілтемесін: https://forms.gle/KiKvs8rbXcHPQfBX6

AdilQala жобасы қаладағы қақтығыстарды зерттеуге және оларды шешу жолдарын іздеуге бағытталған. Біздің мақсатымыз – тұрғындарға қаланың дамуына қатысты шешімдердің қалай қабылданатынын түсіндіру және олардың осы үдеріске жауапкершілікпен қарап, оған саналы түрде қатысуына жол ашу.

Қазақстандық мұғалімдерге арналған АҚШ-та білім алу бағдарламасы

Ұйымдастыру: U.S. Embassy to Kazakhstan
Барлық қалалар•13.01.2026, 12:02

Қазақстандағы АҚШ Миссиясы Fulbright TEA 2026-2027 бағдарламасына құжат қабылдау ашық екенін жариялайды.
⠀
Бағдарлама жайлы:

  • Қатысу толығымен тегін
  • Құжат 2026 жылдың 3 ақпанына дейін қабылданады
  • Үміткерлер ағылшын тілін жетік меңгеруі тиіс
  • Құжат қарастыру кезінде орта мектепте кем дегенде бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдерге басымдық беріледі

AmCham Kazakhstan Intern Program тағылымдама бағдарламасы

Ұйымдастыру: AmCham Kazakhstan
г. Алматы•17.12.2025, 12:57

AmCham Kazakhstan студенттер мен жақында оқуын аяқтаған түлектерді кәсіби дағдыларды дамытуға және халықаралық бизнес-қоғамдастықтың жұмысымен танысуға бағытталған тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

Бағдарлама бизнес, коммуникациялар, халықаралық қатынастар, аналитика және жобалық қызмет салаларында практикалық тәжірибе алуға, халықаралық ортада жұмыс істеуге және кәсіби байланыстарды кеңейтуге
мүмкіндік береді.

Іріктеу талаптары:

  • Бакалавриат немесе магистратура студенті не жақында оқуын
    аяқтаған түлек болу;
  • Бизнеске, халықаралық компанияларға және іскерлік ортаға
    қызығушылық таныту;
  • Тағылымдама бағдарламасына белгіленген мерзім бойы қатысуға
    дайын болу;
  • Жақсы коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдылар;
  • Ақпаратпен жұмыс істей білу және бірнеше міндетті қатар орындау қабілеті;
  • Жауапкершілік, бастамашылдық және проактивті ұстаным;
  • MS Word, Excel және PowerPoint бағдарламаларымен жұмыс істей алу;
  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейі — Intermediate және одан жоғары.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 наурыз.

Пекиндегі қытайтанушыларға арналған конференция

Ұйымдастыру: Яньчин университеті
Барлық қалалар•17.12.2025, 12:54

Яньчин университеті жас көшбасшыларды, қытайтанушыларды және Қытайға қызығушылық танытатын жандарды Пекинде өтетін симпозиумға шақырады. Конференцияға түрлі салалардан жетекші халықаралық ғалымдар мен болашағы зор жас мамандар қатысады.

Yenching Global Symposium (YGS) — әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшыларға, танымал практиктер мен ғалымдарға Қытай тақырыбында пәнаралық диалогтарға қатысуға мүмкіндік беретін алаң.

Конференцияға қатысу, тұру және әуе билеті толықтай қаржыландырылады. 

Іріктеу талаптары:

  • 1995 жылғы мамырдан кейін туған;
  • Өтінім беру кезінде бакалавриаттың соңғы курсында оқу немесе
    бакалавр дәрежесіне не одан жоғары академиялық дәрежеге ие
    болу (мамандық бойынша шектеу жоқ);
  • 2026 жылғы 16–19 сәуір аралығында Қытай Халық
    Республикасының материктік бөлігінде өтетін форумға
    толыққанды қатысу мүмкіндігі;
  • Бұрын YGS конференцияларының ешқайсысына қатыспаған
    болуы;

Ағылшын тілін еркін меңгеру. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімін ағылшын тілінде алмаған үміткерлер халықаралық ағылшын тілі тестілерінің нәтижелерін ұсынуы тиіс:

  • IELTS (Academic) — жалпы балл 7.0 және одан жоғары
  • Немесе TOEFL (iBT) — жалпы балл 100 және одан жоғары.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтар, 23:59
(GMT+8).

Болгариядағы STEM бағыттары бойынша магистратура студенттері мен түлектеріне арналған тағылымдама

Ұйымдастыру: INSAIT Graduate Research Fellowship
Барлық қалалар•17.12.2025, 12:53

INSAIT Graduate Research Fellowship (INSAIT GRF) бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жоғары ынталы магистранттарға INSAIT оқытушыларының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарлама Массачусетс технологиялық институты (MIT), Калифорния технологиялық институты (Caltech) және ETH Zurich-тің табысты зерттеу бағдарламалары үлгісінде әзірленген.

Бағдарламаның ұзақтығы жобаңыз бен менторыңызға байланысты 6 айдан 12 айға дейін. Таңдалған үміткерлерге айына 3 307 еуро көлемінде шәкіртақы төленеді. INSAIT келгеннен кейінгі алғашқы екі аптадағы тұру шығындарын өтейді, сондай-ақ визалық және сапарға байланысты қолдау көрсетеді.

Өтінім беруге қазіргі уақытта магистратурада оқып жүрген немесе соңғы 12 ай ішінде аккредиттелген университетте магистратура бағдарламасын аяқтаған үміткерлер қатыса алады.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: бағдарламаға қабылдау жыл бойы
жүргізіледі.

Анкарада өтетін «БҰҰ-Әйелдер» волонтерлік бағдарламасы

Барлық қалалар•17.12.2025, 12:51

«БҰҰ-Әйелдер» құрылымы Chief Strategy Officer’s (CSO) портфелі аясындағы жобалардың күнделікті іске асырылуын әкімшілік тұрғыда қолдайтын бағдарлама ассистентін іздейді. «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы әйелдердің құқықтарын ілгерілету, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жұмыс істейді.

Бағдарлама ассистенті CSO портфелі командасымен, сондай-ақ операциялық, коммуникациялық және басқа да жобалық топтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, нәтижелерге тиімді қол жеткізуге үлес қосады.

Бағдарлама маманының тікелей жетекшілігімен БҰҰ волонтері төмендегі міндеттерді атқарады:

  • CSO портфелі аясында әкімшілік және логистикалық қолдау
    көрсету;
  • CSO портфелі шеңберіндегі жобалар мен іс-шаралар бойынша
    сатып алу және қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
  • Білімді жинақтау мен тәжірибе алмасуға ықпал ету.

Іріктеу талаптары:

  • Жасы 18-ден 80-ге дейін;
  • Түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;
  • Кемінде 1 жыл тиісті жұмыс тәжірибесі;
  • Бизнес немесе мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, адам
    құқықтары, гендерлік зерттеулер, халықаралық қатынастар, саяси
    және әлеуметтік ғылымдар немесе соған сәйкес өзге сала
    бойынша бакалавр дәрежесі;
  • Іс-шаралар мен тренингтерді ұйымдастыру тәжірибесі құпталады.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 25 желтоқсан.

Бағдарламаның басталу күні: 2026 жылғы 12 қаңтар

Швейцариядағы студенттерге арналған жазғы бағдарлама

Ұйымдастыру: CERN
Барлық қалалар•17.12.2025, 12:47

Summer Student Programme 2026 — көпмәдениетті командада жұмыс істеп, нақты IT жобаларына қатысуға және біліміңізді кеңейтуге арналған тамаша мүмкіндік. CERN openlab — CERN-нің жетекші технологиялық компаниялармен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік-жекеменшік серіктестік.

Бағдарламаға не кіреді?

  • Женевада 2 ай болу (22 маусым – 2026 ж. тамыз);
  • Швейцарияға жол шығындарының өтелуі;
  • CERN медициналық сақтандыруы;
  • Жетекші ғалымдардың дәрістері;
  • CERN-нің бірегей зертханаларына қолжетімділік;
  • Тұрғын үй мәселесі бойынша көмек.

Іріктеу талаптары:

  • Компьютерлік технологиялар саласында берік білімі бар
    бакалавриат немесе магистратура студенті болу (докторанттар
    қатыса алмайды) және жаз басталғанға дейін университеттегі
    күндізгі оқу бойынша кемінде 6 семестрді (3 академиялық жыл)
    аяқтаған болуы;
  • CERN-де басқа кез келген мәртебе бойынша 3 айдан артық
    жұмыс істемеуі және бұрын CERN-нің Жазғы студенттік
    бағдарламасына қатыспаған болуы;
  • Ағылшын тілін жақсы меңгеруі (тілдік тест талап етілмейді);
  • CERN-дегі жазғы бағдарламаның басталуына дейін кемінде күндізгі бөлім студенті мәртебесінде қалуы.

Бағдарламаға өтінім беру үшін қажет құжаттар:

  • Түйіндеме (CV);
  • Университет оқытушыларынан ұсыныс хат;
  • Академиялық транскрипт.

Құжат тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 26 қаңтар (Женева уақыты бойынша).

Қытай тілінің тегін курстары

Ұйымдастыру: EDx
Барлық қалалар•17.12.2025, 12:45

EDx платформасы қытай тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін, сондай-ақ іскерлік қытай тілі бағыты бойынша тегін курстарды іске қосты. EDx — түрлі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін ірі онлайн-білім беру платформаларының бірі. Курсты аяқтағаннан кейін шағын төлем арқылы сертификат алуға болады. 

Курстардың ұзақтығы бағдарламаға байланысты 2 аптадан 10 аптаға дейін. Курсты өту мерзімі курс басталу уақытына тәуелді.

VISA компаниясындағы корпоративтік коммуникациялар бойынша тағылымгер

Ұйымдастыру: VISA
г. Алматы•17.12.2025, 12:43

VISA компаниясы креативті ойлауы бар, жобаларды басқару дағдыларына ие және сауатты жаза алатын корпоративтік коммуникациялар саласындағы жас мамандарды іздейді. VISA — америкалық технологиялық
компания және әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі. Тағылымгер лауазымына коммуникациялар, журналистика, цифрлық медиа немесе соған жақын мамандықтар бойынша 2027 жылы оқуын аяқтайтын студенттер
шақырылады.

Іріктеу талаптары:

  • Көрсетілген мамандықтар бойынша бакалавриат немесе
    магистратура студенті болу және келесі жылы оқуын аяқтау;
  • Тағылымдамадан өтуге қолжетімді болу (2026 ж. маусым–тамыз);
  • Жоғары академиялық үлгерім;
  • Аналитикалық ойлау және бизнес-кейстерді шеше білу;
  • Жобаларды басқару дағдылары және көпміндеттілік;
  • Қызметкерлер арасындағы коммуникациялар саласында заманауи
    үрдістер мен үздік тәжірибелерді іздеуге және енгізуге
    қызығушылық;
  • Өзіне сенімділік, жылдам әрі үнемі өзгеріп отыратын жұмыс
    ортасында жұмыс істей алу;
  • MS Excel, Word және PowerPoint бағдарламаларын білу;
  • Ағылшын тілін меңгеру.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: іріктеу 2026 жылдың соңына
дейін ашық.

Duke University-дегі Қазақстанның болашақ көшбасшыларына арналған шәкіртақы

Ұйымдастыру: Berik and Bayan Kaniyev Foundation
Барлық қалалар•17.12.2025, 12:42

Бұл шәкіртақы Duke University магистратура бағдарламаларына түсетін Қазақстан азаматтарына арналған. Шәкіртақыны Berik and Bayan Kaniyev Foundation — Қазақстандағы білімді, мәдениетті, спортты және әлеуметтік
бастамаларды қолдайтын жеке қор ұсынады. Шәкіртақы келесі бағдарламалар бойынша оқуға қолжетімді: Master of Business Administration (MBA), Master of Quantitative Management (MQM), Master of Management Studies (MMS).

Грант алу үшін үміткер жоғарыда аталған бағдарламалардың бірі бойынша университеттен шартсыз қабылдау хатын алуы тиіс. Шәкіртақы оқу ақысын толық көлемде өтейді.

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

  • MBA — 8 қаңтарға дейін;
  • MQM — 7 қаңтарға дейін;
  • MMS — 14 қаңтарға дейін (2026 жыл)

Студент-кәсіпкерлерге арналған ең беделді халықаралық жарыстардың бірі

Ұйымдастыру: KIMEP University
г. Алматы•11.12.2025, 07:50

Оқып жүріп өз бизнесіңізді жүргізесіз бе? Онда бұл байқау дәл сіз үшін!  
Сіздерді студент-кәсіпкерлерге арналған ең беделді халықаралық жарыстардың бірі — GSEA 2026 7-ші Ұлттық финалына қатысуға шақырамыз.

Сыйақы қоры — 100 000 USD

Финал: 2026 жылғы 22 қаңтар, Алматы (гибридті формат)

Өтінім беру дедлайны — 2026 жылғы 8 қаңтар

Мүмкіндіктер:

  • Entrepreneurs' Organization сарапшыларынан менторлық;
  • Әлемнің түкпір-түкпіріндегі талантты студенттермен нетворкинг;
  • Еуропалық аймақтық финалға жолдама алу мүмкіндігі.

  2026 жылды өз бизнесіңіздің серпіліс жылына айналдырып, жобаңызды әлемге көрсетіңіз!

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Ұйымдастыру: Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
Барлық қалалар•07.11.2025, 12:40

«Шабыт» XXVIII халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне өтінім қабылдау мерзімі 10 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дарынды жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 2025 жылғы 18-22 қараша аралығында Астана қаласында өтеді.

Қатысу шарттары:
Фестивальге 18-35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады. Олардың қатарында өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары бар.

Номинациялар:
• Камералық хор. Хор дирижері;
• Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік;
• Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано);
• Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы);
• Эстрадалық вокал (дуэт, трио);
• Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика);
• Поэзия (үздік әдеби шығарма);
• Креативті бағыт.

Фестиваль жеңімпаздарына арнайы марапаттар мен дипломдар табысталады.

Silicon Valley Residency 2025

Ұйымдастыру: Alchemist X
Барлық қалалар•10.07.2025, 15:45

🚀 SVR 2025 (Silicon Valley Residency) — бұл Alchemist X және DAR компаниялары ұйымдастыратын 4 айлық акселератор бағдарламасы, Силикон алқабында (Калифорния, АҚШ) өткізіледі.

📌 Бағдарлама не ұсынады?
 • 4 ай бойы АҚШ-та резиденция
 • Менторлармен жұмыс — Силикон алқабының үздік сарапшылары
 • Инвесторлармен кездесулер
 • Demo Day — өз стартапыңды инвесторларға ұсыну
 • TechCrunch Disrupt сынды ірі технологиялық іс-шараларға қатысу

👥 Кімге арналған?
 • 21–35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер мен мамандар
 • Стартапы бар тұлғалар
 • IT, технология, финтех, жасанды интеллект, білім, агро, денсаулық сақтау салаларындағы жобаларға басымдық
 • Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алатын, халықаралық деңгейде өсуге дайын стартаперлер

💡 Қосымша артықшылықтар:
 • Тұру, кеңсе, іс-шараларға қатысу шығындары жабылады
 • Нетворкинг және халықаралық нарыққа шығу


📅 Өтінім беру мерзімі: 11 шілде 2025 жыл
🔗 Толығырақ: alchemistsvr.com

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты

Ұйымдастыру: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Барлық қалалар•23.06.2025, 18:18

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты — 3 млн теңгелік қолдау. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған мемлекеттік конкурс.

Кімге арналған?

14–34 жас аралығындағы шығармашыл жастарға.

Биыл республикалық деңгейде 30 грант (әрқайсысы 3 млн теңге) беріледі.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз