Құрылтайға бес партия өтті

Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтті. Құрылтай құрамына енді 145 депутат сайланады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың белсенділігі 74,08% болды. Ресми мәлімет бойынша, барлық сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі тыныш әрі қалыпты жағдайда өтті. 

Салауға жеті партия қатысты. Олардың бесеуі 5 пайыздық межеден өтіп, Құрылтайға депутат өткізу мүмкіндігіне ие болды.

«Әділет» 71,17%, «Ауыл»  6,26%, Respublica  5,56%, «Ақ жол» 5,21%, ЖСДП 5,11% дауысқа ие болды. Ал Қазақстан Халық партиясы 3,11%, «Байтақ» 1,07% дауыс жинады. «Бәріне қарсы» дауысын сайлаушылардың 2,51%-ы таңдаған.

ОСК мәліметінше, дауыс беруге 9,3 миллионнан астам азамат қатысып, жалпы белсенділік 74,08% болды.

Өңірлер арасында белсенділік айтарлықтай ерекшеленді. 23 тамыз сағат 20:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 92,16%, Жетісу облысында — 91,19%, Қызылорда облысында — 90,75% болды. Ал Алматы қаласында бұл көрсеткіш 43,23%, Астанада 51,67% болды.

Сайлауалды кезеңде жеті партияның барлығы дерлік халықтың табысын арттыру, өңірлерді дамыту, білім мен медицина сапасын көтеру, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы уәде берді.

Сөйтіп, сайлау алдында сан уәде берген партиялардың халық сеніміне қаншалықты ие болғаны да анықталды. Ендігі міндет берілген уәдені орындап, елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Уәде тек сөз жүзінде қалмай, нақты нәтиже береді деп үміттінеміз. 

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай сайлауында сайлаушылардың қандай құқықтары бар екенін жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз


Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз