1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде 1996 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде бекітілді. КСРО заманында бұл күн ұзақ уақыт бойы еңбекшілер мерекесі ретінде аталып өтетін. Youth.kz әлем елдерінде бұл мереке қалай тойланатынына шолу жасады.

1 мамыр мерекесінің тарихы жұмысшылардың құқықтары үшін күреспен тығыз байланысты. Бүгінде Қазақстанда бұл күн Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде аталып өтсе, әлемнің көптеген елдерінде ол Халықаралық еңбек күні ретінде белгілі.

Мереке тарихы

Қазақстандықтар жыл сайын 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында белгіленіп, мейрам 1996 жылдан бастап кеңінен тойланып келеді. "Мерекелер туралы" ҚР Заңында ол мемлекеттік мәртебеге ие, сол себепті бұл күн елде ресми түрде демалыс күні деп бекітілген.

Ашық дереккөздерде бүгінгі таңда 1 мамыр мерекесі әлемнің 142 елінде атап өтіледі деп көрсетілген. Әр елде бұл мереке әрқалай аталып өтеді.  Халықаралық еңбекшілердің ынтымақтастығы күні, Көктем және еңбек күні, Еңбек күні, Көктем күні деген секілді атауларға ие. Тойлау дәстүрлері де бір-бірінен ерекшеленеді.

Ресейде бұл мереке 1890 жылдан бастап саяси мәнге ие болды. 1917 жылғы революциялардан кейін 1 мамыр мемлекеттік мереке болып бекітілді. Шерулер, демонстрациялар және табиғат аясында мекерелік жиындар атап өтілді. 

Қазіргі уақытта ол саяси мәнін жоғалтып, көктем және еңбек күні ретінде аталады. Кейбір қалаларда шерулер өткізіледі, бірақ бұрынғыдай ауқымды емес. Көпшілік адамдар бұл күнді саябақтар мен табиғатта өткізеді.

1856 жылы Австралия жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етіп, алғаш рет жаппай наразылық шеруіне шықты. Кейін бұл қозғалыс АҚШ пен Канада елдеріне тарады.  1886 жылы Чикаго қаласында өткен жұмысшылар ереуілі (Хеймаркет оқиғасы) еңбек қозғалысының маңызды кезеңіне айналды. 1889 жылы екінші Интернационал конгресінде 1 мамыр – жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні деп жарияланды.

Ежелгі римдіктер гүлдер мен көктем құдайы Флораға табынған. Оның құрметіне Флориалия фестивалі өткізілген. Флора мүсінін гүлмен безендіріп, әншілер мен бишілер салтанатты шерумен алып өткен. Мамыр айы осы құдайдың құрметіне аталған. 

Қазіргі Италияда 1 мамыр – жылдың ең бақытты күні саналады. Жастар осы күні сүйіктілеріне ұсыныс жасайды, көшелерде ән айтылып, отшашулар ұйымдастырылады. Сицилияда адамдар бақыт әкеледі деп саналатын дала түймедақтарын жинайды. Қыздардың терезесінің алдына мамыр ағашын отырғызу дәстүрі бар.

Жігіттер сүйікті қыздарының терезесінің алдына жасырын түрде мамыр ағашын отырғызады. Сонымен қатар Вальпургия түні тойланады. Бұл көктемнің келуін білдіретін ежелгі пұттық мереке. Ол кезде адамдар от жағып, жын-перілерден қорғану рәсімдерін өткізген. Бүгінде Германияда бұл күн «MayDay» атты жастар фестиваліне айналған. Дегенмен кей жерлерде митингілер де өтіп, кейде бұл қақтығыстарға ұласады.

Ал Чехияда жігіттер сүйікті қыздарының терезесінің алдына мамыр ағашын отырғызады.

Англияда ауыл тұрғындары таң сәріден гүл жинап, май ағашын безендіреді. Айналада би билеу, ән айту дәстүрі бар. Ең сұлу қыз «Мамыр ханшайымы» болып сайланады. Бұл дәстүр қалада да сақталған. Шотландия мен Уэльсте Белтейн мерекесі аталып өтеді. Бұл от пен құнарлылық мерекесі.

Францияда 1 мамыр – інжугүл күні. Адамдар бір-біріне інжугүл гүлін сыйлайды. Бұл бақыт әкеледі деп есептеледі. Сондай-ақ діни шеру және гүлмен безендірілген мерекелер өтеді. 1889 жылы Парижде 1 мамыр Халықаралық жұмысшылар күні ретінде бекітілді.  

Грецияда балалар көктемнің алғашқы қарлығашын іздеп, ән айтып, көршілерден тәттілер алады.

Америкада ресми мереке қыркүйекте болса да, кей жерлерде 1 мамырда шерулер мен билер өтеді. Балалар гүл себеттерін жасап, адамдарға сыйлайды. Бұл күннің саяси бастамасы 1886 жылғы Чикаго жұмысшылар ереуілімен байланысты.

Будданың туған күні және Қызғалдақ фестивалі 

Оңтүстік Африкада бұл мемлекеттік мереке. Көрмелер, концерттер, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Испанияда махаббат пен гүлдер мерекесі. Қыздар гүлмен безеніп, жігіттер серенада айтады. Нидерландыда қызғалдақ фестивалі өтеді. Жастарды жұптастыру дәстүрі сақталған.

Швецияда бұл көктем мерекесі. Адамдар от жағып, би билейді және табиғат аясында демалады. Канадада үнділер сарышұнақ күнін атап өтеді. Сонымен қатар мерекелік демалыс беріліп, фестивальдер өткізіледі.

Ал Қытайда «Алтын апта» кезеңі болған, адамдар саяхаттап демалатын. Қазір бұл апталық қысқартылған, бірақ 1 мамыр демалыс күні болып қалды.

Гавайи бұл күні Леи күні – гүл алқалары мерекесі атап өтеді. Гүлдерден жасалған гирляндалар, би мен байқаулар өтеді.

Скандинавия елдерідне Вальпургия түні мен Көктем мерекесі от жағу және халықтық рәсімдермен өтеді.

Финляндияда «Ваппу күні» – студенттер мен көктем мерекесі. Шеру, фейерверк, көңілді мерекелер болады.

Оңтүстік Кореяда Будданың туған күні аталып өтеді, діни және мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз