Жасанды интеллектпен жұмыс істеуге арналған құралдар

Жасанды интеллекттің өмірімізге дендеп енгені енген. Енді ешбір маман оны жоққа шығара алмайды. Мектеп оқушылары мен студенттер үшін Gemini мен GPT көмекші құрал болса, кейбір кәсіби саланың мамандары үшін қойылатын талапқа айналды. Youth.kz 2026 жылғы сұраныстағы ЖИ құралдарға шолу жасап көрді.

AI literacy

Жасанды интелектпен жұмыс істеу кезінде AI literacy таптырмас машық. Бұл дегеніңіз ЖИ құралдарымен базалық деңгейде жұмыс істей білу машығы. ChatGPT, Claude, Gemini секілді көмекшілермен жұмыс істеуде сапалы және сауатты промт жазасыз. Ол үшін тапсырманың мәнін, маңызын, мақсатын, стилі мен форматын да дәл сипаттау керек. Алынған, нәтижені өңдеп, машиналық ойлау деңгейінен шығарасыз әрі іске жаратасыз. 

Алайда, ЖИ шатастыруы мүмкін, ескі деректерге сүйенуі мүмкін, бір сөзбен айтқанда қетелесуі мүмкін. Сондықтан, AI сауат – сізден жауаптарды қайта тексеріп отыруды да талап етеді.

Дегенмен, дайын шаблондар әзірлеу, деректерді өңдеу секілді жұмыстарда AutoGen, CrewAI секілді тапсырмаларды өз бетінше орындауға қабылетті ЖИ құралдарына бағыт бересіз. Олардың жұмысын үйлестіріп, нәтижені басқаруға бейіл болуға тиіссіз.

NanoBanano, Vids, Runway ML, Descript, Pictory секілді құралдарда мәтін, сурет, аудио және видеоны бір интерфейсте біріктіріп, ЖИ көмегімен күрделі контент жасауға мүмкіндік бар.

Сұраныстағы AI құралдары

Perplexity 

Бұл ғаламтор арқылы іздеуде таптырмас көмекші. Өйткені ол, жаһандық желінің қатпарларына терең сүңгиді. Deep research жасап, сіздің сауалдарыңызға жауап беріп, сілтемені оңай тауып береді.

Copilot

Ақпаратты іздеу мен жасаудағы күшті құралдардың бірі. Оның басты артықшылығы сіз үшін көлемді есеп жазып, вижуал сала алады. Тіпті сұрақтың мазмұнына сай мақала да жазып береді.

Grok

AI ұсынған мәтінмен жұмыс істейтін ыңғайлы құрал. Ол жаңалықтарға талдау жасап, трендтерді сұрыптап береді. Осы заманда болып жатқан жаңалықтар негізінде сараптама мен зерттеу жасауға мүмкіндік беретін құрал.

DeepSeek

Бағдарлама жасаушылардың код жазуға жиі қолданатын құралы. Ол сонымен қатар, құжаттар мен алгоритмдерді сараптайды. Күрделі техникалық міндеттерді орындап, терең қорытынды жасауға да қолданылады.

Видеоредакторлар

Higgsfield

Егер кейіпкеріңіз шынайы көрсінсін десеңіз, осы платформаны пайдаланасыз. Өйткені бұл өте қуатты нейрожелілер базасы.

Synthesia Studio

Оператордың көмегіне жүгінбестен кәсіби видеоролик жасағыңыз келсе, дәл осы құралды пайдаланып көріңіз. Әсіресе маркетинг саласында презентациялар әзірлеуге таптырмас құрал.

Pictory AI

Ұзақ мәтінді қысқа видеоға сыйдырып, көрерменге ұсынғыңыз келсе, дәл осы құралды пайдаланып көріңіз. Әлеуметтік желіге контент дайындауға өте ыңғайлы. Өйткені, субтитр, графика, әуенмен әрлеу – бар мүмкіндікті бір жерден табасыз.

Wisecut

Әлеуметтік желі үшін видеоролик дайындайтын тағы бір қолайлы құрал. Монтаж автоматты түрде іске асады, субтитр қоюға болады. Артық шуды да басып тастайды.

ЖИ суретшілер

Nano Banana  

Өзіңізге керек суретті барынша толықтай сипаттап жазыңыз. Тіпті ұсақ-түйек элементтерді де ұмытпаңыз. Ал, бұл құрал сіздің айтқаныңызды екі етпей, ойыңыздағы суретті жасамаса, қайта пәрмен бере аласыз.

Midjourney 6

Егер сіз ғылыми-фантастикалық стилде болмаса, әлде бір әдеби кейіпкердің суретін көргіңіз келсе жүгінетін бірден бір құрал. Тек, сауатты промт жаза біліңіз.

DALL-E 4

Ал, күрделі элементтерді қосып, шынайы сурет жасағыңыз келсе, осы құралды пайдаланып көріңіз.  

Looka AI

Логотиптар мен фирмалық стильді бірнеше минут ішінде жасайды. Бизнеске немесе жеке жобаға арналған бренд-китті тез құрастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша мен веб-сервис жасау үшін 

Bolt

Веб-қосымшалар мен срвистер жасаушы қарапайым құрал. Күрделі бағдарламаларды қажетсінбей-ақ, қосымша әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол үшін промт мәтінін жазасыз және drag-and-drop қолданасыз. 

Bubble

Код жазбай-ақ толыққанды веб-қосымша әзірлеуге арналған ЖИ көмекші. Стартаптар үшін қолайлы. Мәліметтер базасын, API мен  интеграцияны жатырқамайды. 

Дыбыс пен әуен жасаушы

ElevenLabs

Шынайы дауыстар жасайтын құрал. Сіз онымен аудиоконтент әзірлей аласыз, мәтінді дыбыстап, дауысты клондауға болады.

Suno

Видео мен ойындарға қажетті фон іздесеңіз, әрі оның ырғағы көкейіңізде тұрса, соны сипаттап промт жазыңыз, музыка дайын.  

Soundraw

Әуен жазатын ЖИ деуге де болады. Тек, сізге керек көңіл-күй мен ырғақтың сипатын түсіндіріп беріңіз. Айрықша әуен іздеген видеоблогерлерге оңтайлы құрал.

Ғылыми мақсатта

Elicit

Ғылыми әдебиеттерді іздеуде таптырмас көмекші. Сіздің қарапайым сауалдарыңызды ғылыми тілге аударады. Содан кейін, тақырып пен сауалға сай мақалаларды тауып қана қоймай, оларға қысқаша сипаттама береді. 

ExplainPaper

Ғылыми тақырыпта күрделі тілмен жазылған мәтінді қарапайым етіп, жеткізудің шебері. 

Perplexity + NotebookLM

Еге сіз осы екі құралды бірге пайдаланатын болсаңыз, деректі тауып қана қоймай, оны өзіңізге лайықтап өңдеуге мүмкіндік аласыз. Алғашқысынан өзіңізге қажет құжатты тауып, NotebookLM-ға оны жүктейсіз, сізге дәл қандай ақпарат қажет екенін атап көрсетесіз. Әсіресе жас зерттеушілердің өзіне қажет mindmap жасауына аса ыңғайлы. Инфографиканы соңғы құрал арқылы жасай аласыз.

Жасанды интеллект техникалық сала мамандар үшін күрделі талаптар жүктейді. Retrieval-Augmented Generation яғни қомақты тілдік модельдерді компанияның ішкі деректер базасымен байланыстыру машығы. Бұл әсіресе ЖИ құралдарын жасайтын компанияларға қажет машық. Осы арқылы жасанды интеллектің қателесу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік жасалады.

Zapier, Make секілді кодты қажет етпейтін платформалар арқылы күнделікті жұмыс роцессін автоматандыру. Бұлтты технологияларда жасанды интеллект модельдерін іске қосып, AWS, Azure немесе Google Cloud секілді платформаларға интеграциялау.

Этика, қауіпсіздік және бақылау

ЖИ-ді кеңінен қолдану жаңа қауіптер тудырады, сондықтан мына машықтар маңызды:

ЖИ этикасы және сәйкестік: деректердің құпиялылығын сақтау, алгоритмдегі біржақтылықты анықтау және ЖИ қолданудың заңдылықтарын білу. Сыни пайым: ЖИ берген ақпараттың дұрыстығын тексеру және оның логикалық қателерін таба білу.

Киберқауіпсіздік: ЖИ құралдарын пайдалану кезінде деректердің сыртқа кетпеуін қадағалау.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз