Өзіңді дамытуға арналған тегін онлайн курстар мен подкасттар

Soft Skills және Hard Skills. Адамның жеке қасиеттері мен кәсіби дағдылары. Бүгінгі заманның талабы сол – оны үнемі дамытып, жетілдіріп отыру қажет. Қазіргі таңда қазақ тілінде сапалы білім беретін тегін курстар мен мазмұнды подкасттар өте көп. Youth.kz солардың бірқатарын шолып шықты.

Тегін онлайн курстар

Coursera

Сoursera – ның аясында «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен Yale, Stanford секілді әлемнің үздік университеттерінің 600-ден астам курсы қазақ тіліне аударылды. IT, маркетинг, психология бағыттары бойынша тегін оқып, сертификат алуға болады.

Хан академиясы

Khan Academy – тегін білім алуға арналған ресурс. Мұнда түрлі салаларды қамтитын  төрт мыңнан астам микролекция жинақталған. Мұнда білім алғысы келген адам қызығушылығына сай  әдебиеттен космологияға дейін түрлі пәндерді таба алады.

Қазақстанның ашық университеті

Қазақстанның жетекші оқытушыларынан гуманитарлық және техникалық бағыттағы тегін дәрістер жинағы. Мақсаты – цифрлық технологиялар көмегімен кез – келген адамның білім алуына жағдай жасау. Бұл платформада «ақпараттық технология», «бизнес», «гуманитарлық ғылымдар», «жаратылыстану ғылымы» бойынша Қазақстанның ЖОО күшімен әзірленген онлайн курстардан өтуге болады.

TED

Ой – өрісті кеңейтіп, жаңа тәжірибе мен шабыт алуға теңдессіз ресурс. Мұнда адамдар таңғаларлық идеяларын айтып, оны қалай жүзеге асыруға болатынын бөліседі. Лекциялар әртүрлі тілдерде. Көптеген тілдерде субтитр бар, әрі ағылшынды жетілдіруге таптырмас мүмкіндік.

Мазмұнды подкасттар

«FindYourB» подкасты

Тұлғалық даму, өзіңді табу және мансап жолы туралы шабыттандыратын әңгімелер. Ең танымал қазақ тілді подкасттардың бірі.

«Zamandas»

Әртүрлі сала мамандарымен, белсенділермен және ойшылдармен жасалған еркін форматтағы сұхбаттар. Қоғамдағы өзекті мәселелер мен мәдениет туралы. Cұхбаттар негізінен орыс тілінде.

Цукербергтің көршілері

Бұл подкаст ағылшын және қазақ тілдерінде Кремний алқабында түсіріледі. Ағылшын тіліндегі нұсқасында міндетті түрде қазақша, ал қазақ тіліндегі санына ағылшын тілінде субтитр қойылады. Ол – білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы. Подкатс авторы Ақсәуле Әлжан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен сұхбат жасап отырады.

Youtube-тегі танымдық арналар

Daryn Online

Мектеп бағдарламасынан бөлек, заманауи дағдыларды үйрететін білім беру видеолары.

Qalam тарих

Қазақ тарихы мен мәдениеті, өнері жайлы сапалы контент. Оның авторлары өз оқырмандарына тарихи деректерді барынша объективті тұрғыда жеткізіп, «бодандық түсініктен ада» материалдар ұсынады.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз