Dauletten қоры студенттерге 2026-2027 оқу жылына грант береді
Dauletten қайырымдылық қоры 2026-2027 оқу жылына білім беру гранттарын тағайындайтынын жариялады. Бағдарлама аясында ата-анасының бірінде I топтағы мүгедектігі бар, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірінші курсында ақылы негізде оқитын студенттерге қолдау көрсетіледі. Қордың жалпы бюджеті – 20 миллион теңге.
Қордың мәліметінше, бір студенттің бір академиялық жылдағы оқу ақысын төлеуге 1 миллион теңгеге дейін грант бөлінеді. Өтінімдер 2026 жылғы 15 қарашаны қоса алғанға дейін қабылданады.
Грантқа кімдер қатыса алады?
Бағдарламаға қатысу үшін үміткер мына талаптарға сай болуы керек:
- Қазақстандағы жоғары оқу орнының 2026-2027 оқу жылында бірінші курсына ақылы негізде қабылданған болуы;
ата-анасының бірінде I топтағы мүгедектік болуы; - өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттарды ұсынуы.Грант жоғары оқу орнында оқу ақысын
- төлеуге арналған. Бір студентке бөлінетін қаражат мөлшері бір академиялық жыл үшін 1 миллион теңгеден аспайды.
Бұл – әр қатысушыға міндетті түрде 1 миллион теңге беріледі деген сөз емес. Қаржылай қолдау оқу ақысына сәйкес белгіленеді.
Қандай құжаттар қажет?
Өтінім беру кезінде төмендегі құжаттарды дайындау керек:
- ҰБТ сертификаты. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін растайтын құжат.
- Орта білім туралы аттестат. Өтінім нысанында аттестаттың орташа балын да көрсету қажет.
- Жоғары оқу орнымен жасалған келісімшарт. Студенттің ақылы негізде оқитынын растайтын құжат.
- Ата-анасының мүгедектігін растайтын құжат. Құжатта ата-анасының I топтағы мүгедектігі расталуы керек.
- Туу туралы куәлік. Студент пен ата-анасы арасындағы туыстық байланысты растау үшін қажет.
- Бұған қоса, үміткер өзінің әлеуметтік жағдайын растайтын қосымша құжаттарды ұсына алады. Бұл құжат міндетті емес, бірақ болған жағдайда өтінімге тіркеуге болады.
Бұған дейін 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін жазған едік.