«Ашық парламент» жобасына қатысу

Ашық парламент – Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметінің жобасы. Бұл жоба жастарға шешім қабылдау процестеріне қатысу мүмкіндігін береді.

Біз заң жобаларын әзірлеу әдістерін үйретеміз, Парламент депутаттарыментаныстырамыз және заң қабылдау процесіне нақты қатысу үшін жұмыстоптарына қосылуға көмектесеміз.

Қатысу үшін не қажет?

• Қазақстан Республикасының 18-ден 35 жасқа дейінгі азаматы болу;

• Қазақстанның кез келген өңірінде тұру, қазақ және/немесе орыс тіліндесөйлеу;

• Қоғамдық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесі болуы және бір нақтыбағытқа шоғырлануы.

Іріктеу қалай өтеді?

• Анкетаның конкурс талаптарына сәйкестігін қарастыру

• Көрсетілген тәжірибені растау үшін сұхбаттан өту

Жоба қалай өтеді?

1. Қатысушылар өз тәжірибесін таныстырып, заңға қатысты ұсыныстарынқорғайды. Осы кезеңде тәжірибесі жеткіліксіз немесе ойын нақтыжеткізе алмайтын қатысушылар келесі кезеңге өтпейді.

2. Содан кейін заңгерлер мен парламенттік жұмыс мамандарытереңдетілген тренингтер өткізеді. Бұл тренингтерде өз ұсыныстарынзаңнамаға қалай енгізу керектігі үйретіледі. Сабақтар онлайн форматтаөтіп, тренерлермен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік болады.

3. Келесі кезеңде Парламенттің жұмыс топтарына қатысу үшін арнайы топ құрылады. Алайда барлық қатысушылардың жұмыс топтарына енуінекепілдік жоқ, себебі кейбір тақырыптар Парламенттің заң шығарубасымдықтарына сәйкес келмеуі мүмкін немесе ұсыныстар өзектіболмауы ықтимал.

4. Соңында қатысушылар жұмыс топтарында өз ұсыныстарын ұсынады. Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі (МИСК) сараптамалықкеңес беріп, ұсыныстарға қоғам назарын аударту механизмдерінұсынады, Сондай-ақ қатысушылардың жұмысын ақпараттық тұрғыдажариялайды.

Парламенттің жаңа құрамы жасақталғаннан кейін, оған тікелей бару мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы қосымша ақпарат жобабарысында жарияланады.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 30 наурыз 2026 жыл

Жобаның басталу уақыты: 15 сәуір 2026 жыл

Жобаның ұзақтығы: 15 сәуір – 15 желтоқсан 2026 жыл

Өтінімді сілтеме арқылы беруге болады.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз