Әдеттегіден тыс ойла. Жаңаны жаса: Beeline AI-Disruptors бағдарламасын іске қосады
Басқалар шектеу көретін жерде мүмкіндікті байқайсың ба? Ешкімнің батылы бармайтын сұрақтарды қоясың ба? Қалыптасқан ережелерге қарсы шығып, жаңа идея ұсынып, оны нақты өзгеріске айналдыруға дайынсың ба?
Онда AI-Disruptors – мансабыңның бастапқы кезеңінде-ақ бизнеске ықпал етуге берілетін мүмкіндігің.
AI-Disruptors – алғашқы жұмыс тәжірибесін алумен ғана шектелмей, қалыптасқан тәсілдерге сын көзбен қарап, үздік шешімдерді табуға дайын жоғары әлеуетті жас мамандарға арналған бағдарлама.
Идеяларыңның естілуі үшін жылдар бойы күтудің қажеті жоқ. Сен жақсарту мүмкіндіктерін анықтап, өз шешімдеріңді ұсынып, оларды тәжірибеде сынап, жұмысыңның нақты нәтижесін көре аласың.
Біз кімді іздейміз?
Қалыпты ойлау шеңберінен шығып, бастаманы өз қолына ала білетіндерді:
- Жоғарғы оқу орындарының түлектерін және еңбек жолын енді бастап жатқан мамандарды;
- Басқалар шектеу көретін жерде мүмкіндік көре алатындарды;
- Қалыптасқан тәсілдерді қайта қараудан қорықпайтын және үздік шешімдерді іздейтіндерді;
- Нұсқау күтпей, идея ұсынып, оны жүзеге асыру жауапкершілігін өз мойнына алатындарды;
- IT, Telecom, Data, Digital, Fintech, E-commerce және сабақтас бағыттардағы жас таланттарды.
Қатысудан не ұтасың?
Бизнеске ықпал ету мүмкіндігі
Алғашқы күннен бастап нақты бизнес-міндеттермен жұмыс істеп, шешімдер ұсынып, бүкіл компания көлемінде енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысасың.
Болашағы бар мансаптық бастау
Бағдарлама 3 айдан 12 айға дейін созылады. Үздік қатысушыларға Beeline компаниясында жұмыс ұсынылады.
Халықаралық мүмкіндіктер
Штатқа өткен мамандар арасынан VEON Rise халықаралық даму және нетворкинг бағдарламасына үміткерлер таңдалады. Бұл халықаралық даму бағдарламаларына қатысуға, басқа елдердегі әріптестердің тәжірибесін үйренуге және кәсіби байланыстарыңды жаһандық деңгейде кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жеке тәлімгер
Бағдарлама барысында саған тәлімгер қолдау көрсетіп, мықты идеяларыңды нақты нәтижеге айналдыруға көмектеседі.
Beeline Academy-де оқу
Өз бастамаларыңды жүзеге асыру үшін тәжірибеде бірден қолдануға болатын білім мен құралдарға ие боласың.
AI-Disruptor болу нені білдіреді?
Бұл жай ғана лауазым емес. Бұл – ойлау тәсілі.
- Нені жақсартуға болатынын көре білу;
- Қалыптасқан жағдайды жалғыз мүмкін нұсқа деп қабылдамау;
- Стандарттан тыс шешімдер ұсыну;
- Идеяларды тәжірибеде сынау;
- Нәтижені өлшеу;
- Өз идеяларыңды қорғап, олардың енгізілуіне қол жеткізу.
Мұнда тек: «Мен бұдан жақсысын білемін» деу жеткіліксіз. Мұны нақты нәтижемен дәлелдеу маңызды.
Қашан бастауға болады?
2026 жылғы қараша – қатысушыларды іріктеудің басталуы.
2026 жылғы 4 желтоқсан – бағдарламаның басталуы.
Ең үздік идеялар қолайсыз сұрақтар қоюдан туады.
Егер бұл сен туралы болса, AI-Disruptors бағдарламасына қосыл.
Бизнесті өзгерту мүмкіндігін күтпе.
Оны өзің жаса.
Өтініміңді дәл қазір бер: осында