Студент пәтерді қалай дұрыс жалдауы керек?
Оқу жылы басталған кезде басқа қалаға келген студенттер пәтер іздей бастайды. Бірақ арзан немесе жақсы пәтер тапқан кезде бірден ақша аударуға асықпау керек. Ең алдымен пәтердің иесін, құжаттарын және жалдау шартын тексерген жөн. Қазақстан заңнамасында тұрғын үйді жалдау кезінде тараптардың құқықтары мен міндеттері шарт арқылы бекітіледі.
Ең алдымен пәтер иесін тексеру керек
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 24-бабына сәйкес, жеке тұрғын үй қорындағы иесі өзі тұрмайтын тұрғын үйді жалға беру жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан, пәтерді көрсеткен адам міндетті түрде оның иесі болуы шарт емес. Мысалы, пәтерді риелтор немесе иесінің туысы көрсетуі мүмкін. Бірақ, шартқа пәтердің меншік иесі немесе оның нотариалды сенімхаты бар өкілі қол қойғаны дұрыс.
Бұл туралы Қазақстанның eGov.kz порталындағы «Пәтерді қалай жалға алуға болады» нұсқаулығында да нақты ескертіледі. жалға алушы меншік иесінің құжаттарын тексеріп, шартты меншік иесімен немесе нотариалды сенімхат бойынша өкілетті адаммен жасауы керек.
Жалдау шарты міндетті ме?
Иә, жазбаша шарт жасаған дұрыс, ал жеке тұрғын үй қорындағы иесі тұрмайтын тұрғын үйді жалға беру жағдайында заңда жазбаша шарт талабы көзделген.
Шартта кем дегенде:
- пәтердің нақты мекенжайы;
- жалдау мерзімі;
- ай сайынғы төлем мөлшері;
- ақшаны төлеу күні мен тәсілі;
- коммуналдық қызметтерді кім төлейтіні;
- депозиттің мөлшері және оны қайтару тәртібі;
- шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайлары;
- тараптардың жауапкершілігі көрсетілгені дұрыс.
Қазақстанның eGov.kz ресми нұсқаулығында да жалдау шартында екі тараптың деректері, ай сайынғы төлем, депозит, шарт мерзімі, пәтерден шығару немесе жалдау ақысын өзгерту туралы ескерту мерзімі және тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі ұсынылады.
Депозит пен кепілақының айырмашылығы қандай?
Бұл екеуін шатастырмаған жөн.
Депозит деп жалға алушының пәтерді бүлдіруі немесе шарт талаптарын орындамауы жағдайында кепіл ретінде беретін соманы айтуы мүмкін. Оның нақты мақсаты мен қай кезде қайтарылатыны шартта жазылуы керек.
Мысалы, «Депозит – 100 мың теңге. Пәтер қалыпты жағдайда тапсырылған жағдайда, шарт аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қайтарылады» деген сияқты нақты талап жазуға болады.
Ал «кепілақы» – заңда бөлек түсінік. ҚР Азаматтық кодексінде кепілақы шарттың жасалуын және орындалуын қамтамасыз ету үшін берілетін ақша ретінде анықталған. Ең маңыздысы – кепілақы туралы келісім жазбаша түрде жасалуы керек. Жазбаша нысан сақталмаса, мұндай келісім жарамсыз болып саналады.
Сондықтан, пәтерді әлі көрмей тұрып немесе құжаттарды тексермей тұрып «бронь үшін» ақша аударуға асықпаған дұрыс.
«Алдымен ақша аудар, кейін шарт жасаймыз» десе ше?
Бұл – абай болуды қажет ететін жағдай. Қазақстанның eGov.kz ресми нұсқаулығында пәтерді жалға беру кезінде кездесетін алаяқтық тәсілдердің бірі ретінде жақсы пәтер үшін алдын ала ақша сұрау немесе өзін меншік иесі ретінде көрсеткен адамның шын мәнінде иесі болмауы мүмкін екені ескертіледі. Ресми нұсқаулықта құжаттарға қол қойып, пәтердің кілтін алғаннан кейін ақша беру ұсынылады.
Сондықтан, пәтерді көрмей, иесін тексермей, шарт жасамай тұрып ақша аудармау керек.
Пәтерді қабылдау кезінде не істеу керек?
Шартқа қоса қабылдау-тапсыру актісін жасаған дұрыс.
Онда пәтердегі:
- жиһаз;
- тоңазытқыш;
- кір жуғыш машина;
- теледидар;
- басқа техника;
- сантехника;
- есік, терезе;
- қабырға және еденнің жағдайы
- көрсетіліп, бұрыннан бар ақаулар жазылады.
Мысалы, қабырғада дақ немесе жиһазда сызат болса, оны актіге енгізу керек. Әйтпесе, кейін үй иесі сол ақауды студент жасады деп есептеуі мүмкін.
eGov.kz нұсқаулығында да қабылдау-тапсыру актісіне жиһаз бен техниканың тізімін, олардың жағдайын және байқалған ақауларды енгізу, сонымен бірге пәтерді суретке түсіріп қою ұсынылады.
Есептегіш көрсеткіштерін жазып алу керек
Пәтерге кірген күні су, электр энергиясы және қажет болса басқа да есептегіштердің көрсеткіштерін жазып алған дұрыс. Бұл коммуналдық төлемдер бойынша кейін дау туындамауы үшін қажет.
eGov.kz-тің ресми нұсқаулығында да жалға алушыға пәтерге кірген кездегі есептегіш көрсеткіштерін тіркеп, пәтер иесінің осы күнге дейінгі қарыздарын өтеу мәселесін шартта нақты көрсетуді ұсынады.
Ақшаны қалай берген дұрыс?
Жалдау ақысын қолма-қол берген жағдайда, ақша алғаны туралы қолхат алған дұрыс.
Ал банк арқылы аударсаңыз, төлем мақсатын нақты көрсетіп, аударым түбіртегін сақтаған жөн.
Мысалы, «2026 жылғы қыркүйек айының пәтер жалдау ақысы» деп көрсету кейін төлемнің не үшін жасалғанын дәлелдеуге көмектеседі.
Депозит төлеген кезде де оның мөлшері мен қандай мақсатта берілгені жазбаша бекітілгені дұрыс.
Жалдау ақысын үй иесі кез келген уақытта көтере ала ма?
Мұндай мәселе шартта алдын ала көрсетілгені дұрыс.
Қазақстанның «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңында тұрғын үйді жалдау шарттары – оның ішінде мерзімі, төлем мөлшері және басқа да жағдайлар – заңмен қатар тараптардың келісімі арқылы анықталатыны көрсетілген.
Сондықтан, шартта, мысалы, «жалдау ақысы шарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгермейді» немесе «өзгерту туралы тараптар бір ай бұрын хабардар етеді» деген талаптарды нақты жазуға болады.
Пәтерден шығу тәртібін де жазу керек
Студент оқуын аяқтағанда немесе басқа себеппен көшетін болса, шартты қалай бұзатынын алдын ала білуі қажет.
Сондықтан шартта:
- қанша күн бұрын ескерту керек;
- депозит қашан қайтарылады;
- соңғы айдың төлемі қалай есептеледі;
- пәтер қандай жағдайда тапсырылуы керек
- деген сұрақтарға жауап болғаны дұрыс.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 23-бабына сәйкес, тұрғын үйді жалдау шартында оның мерзімі, төлемі және тұрғын үйді босату негіздері сияқты талаптар белгіленуі мүмкін.
Студентке арналған қысқа чек-лист
Пәтер жалдамас бұрын:
1. Пәтерді міндетті түрде өз көзіңмен көр.
2. Меншік иесінің құжаттарын тексер.
3. Шартты жазбаша жаса.
4. Депозиттің мөлшері мен қайтару шартын жаз.
5. Қабылдау-тапсыру актісін жаса.
6. Пәтердің барлық ақауын фотоға түсір.
7. Есептегіш көрсеткіштерін жазып ал.
8. Ақша аударымдарының түбіртегін сақта.
9. Шартты бұзу тәртібін алдын ала анықта.
10. Құжаттар тексерілмей тұрып үлкен көлемде алдын ала ақша берме.
Составьте акт приема-передачи
Акт приема-передачи – документ, в котором фиксируется состояние квартиры на момент заселения.
В нем можно указать:
- количество комплектов ключей;
- состояние стен, пола, дверей и окон;
- мебель;
- бытовую технику;
- состояние сантехники;
- имеющиеся царапины, сколы и другие повреждения;
- показания счетчиков.
Фотографии квартиры также стоит сохранить вместе с договором и актом. Официальная инструкция по аренде жилья рекомендует фиксировать состояние квартиры и имеющиеся дефекты.
Это поможет избежать споров при выезде и доказать, какие повреждения существовали еще до заселения.
Как подтверждать оплату
Если деньги переводятся через банк, сохраняйте подтверждение каждого платежа.
При оплате наличными лучше получить расписку. В ней стоит указать:
- кто получил деньги;
- кто передал деньги;
- сумму;
- дату;
- за какой месяц или период производится оплата.
Так у обеих сторон останется подтверждение расчета.
Если хозяин хочет выселить раньше срока
Срок аренды и порядок расторжения лучше определить еще при заключении договора.
Если квартира снимается на учебный год, можно сразу указать конкретные даты начала и окончания аренды, а также срок предварительного уведомления о расторжении.
Если возникает спор, в первую очередь нужно посмотреть условия договора. Если договориться не удается, стороны могут обратиться за юридической консультацией.
Нужна ли регистрация
Если студент собирается жить в квартире длительное время, вопрос временной регистрации лучше обсудить с собственником заранее.
Также при аренде недвижимости на срок не менее одного года возникает вопрос государственной регистрации соответствующего права пользования как обременения права на недвижимость.
Не все владельцы готовы сдавать жилье студентам, а некоторые заранее устанавливают дополнительные условия для будущих жильцов. Youth.kz разбирался, какие требования встречаются в объявлениях и что о них говорит закон.