Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап нені декларациялайды?

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жеке мүдделер туралы декларация тапсырудың жаңа тәртібі енгізіледі. Құжатта мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындайтын басқа да тұлғалар өздерінің жеке мүдделері туралы ақпарат көрсетуге міндетті болады.

Тиісті ережені Үкімет бекітті. Құжатқа сәйкес, декларацияда қызметкердің жұмыс орнында еңбек ететін туыстары, қосымша табыс көздері, бизнестегі үлесі және басқа да жеке мүддеге қатысты мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Декларацияны кімдер тапсырады?

Декларацияны жауапты мемлекеттік лауазым иелері, мемлекеттік қызметшілер, лауазымды тұлғалар және мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген адамдар толтырады.

Құжатты мемлекеттік немесе оған теңестірілген қызметке кіргеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде тапсыру қажет. Бұл талап қызметкер басқа лауазымға ауысқан кезде де қолданылады. Мысалы, қызметте жоғарылау, ауысу, ротация немесе басқа қызметке тағайындалу кезінде декларация қайта толтырылады.

Декларацияны уақытында тапсырмаған немесе белгіленген талаптарды бұзған адамдарға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Бұл талап президенттікке және Құрылтай мен мәслихат депутаттығына кандидаттарға, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға үміткерлерге қолданылмайды.

Декларацияда қандай мәліметтер көрсетіледі?

Құжатта адамның жеке мүддесі болуы мүмкін екенін көрсететін ақпарат жазылады. Атап айтқанда:

  • мемлекеттік органда немесе оған бағынысты ұйымдарда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және жұбайының туыстары туралы;
  • негізгі қызметтен бөлек атқаратын ақылы жұмысы туралы. Бұған оқытушылық, ғылыми және шығармашылық қызмет те жатады;
  • Қазақстанда немесе шетелде коммерциялық ұйымдарға қатысуы және жеке кәсіпкерлікпен айналысуы туралы;
  • қазіргі қызметке келгенге дейінгі бір жыл ішінде жүзеге асырған кәсіпкерлік қызметі туралы;
  • сенімгерлік басқаруға берілген мүлкі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Ұйымдастырушылық-басқару немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын қызметкерлерге қосымша талап қойылады. Олар жақын туыстары, жұбайы немесе жұбайының туыстары иелік ететін немесе басқаруына қатысатын компаниялар туралы да ақпарат беруге тиіс. Бұл компаниялар қызметкер жұмыс істейтін ұйыммен азаматтық-құқықтық қатынаста болған жағдайда, мәліметті көрсету қажет.

Қандай адамдар байланысты тұлға болып саналады?

Ережеде «байланысты тұлғалардың» тізімі кеңейтілген. Оған жақын туыстар мен жұбайынан бөлек, балалардың жұбайлары, аға-әпкелерінің жұбайлары мен балалары, ата-анасының аға-інілері мен әпке-сіңлілері және олардың балалары, бұрынғы жұбайлар, асырауындағы адамдар және бірге шаруашылық жүргізетін тұлғалар да кіреді.

Сондай-ақ, декларация тапсырушының немесе оның туыстарының иелігіндегі, не басқаруына қатысатын компаниялар да байланысты тұлғалар қатарына жатқызылуы мүмкін.

Декларация қалай тапсырылады?

Декларация қағаз түрінде жұмыс орнындағы кадр қызметіне беріледі. Кейін құжат қызметкердің жеке ісіне тіркеледі.

Егер қызметкер декларацияда толық емес немесе дұрыс емес ақпарат көрсеткенін анықтаса, құжатты тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қосымша декларация тапсыра алады.

Ал декларацияда көрсетілуі тиіс жағдай кейін өзгерсе, мысалы, жаңа ақпарат пайда болса, қызметкер өзгеріс болған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жаңартылған декларация тапсыруы қажет.

Жаңа талаптар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Например, если квартиру купили на деньги от продажи предыдущего жилья и с помощью ипотеки, это нужно отразить. Если часть суммы была взята в долг, необходимо указать, у кого и сколько денег было занято.

Для остальных физических лиц требование об указании источника средств возникает при приобретении имущества свыше установленного порога в 20 тысяч МРП.

Когда нужно сдать декларацию

Крайний срок подачи формы 270.00 – 15 сентября 2026 года до 12:00.

Форму можно подать в электронном виде. Также ее принимают на бумаге по месту жительства.

Если человек не может воспользоваться этими способами, декларацию можно отправить по почте. В этом случае дата на почтовом штемпеле должна быть не позднее 15 сентября.

Что будет, если не подать декларацию вовремя

За несвоевременную подачу предусмотрена административная ответственность.

При первом нарушении предусмотрено предупреждение. Если такое нарушение повторится в течение года, штраф составит 15 МРП – 64 875 тенге в 2026 году.

Как подать декларацию онлайн

Самый простой вариант – подать форму 270.00 через eGov.kz или приложение eGov Mobile.

Через eGov Mobile

  • Авторизуйтесь в приложении eGov Mobile.
  • Откройте раздел «Услуги» – «Налоги и финансы».
  • Выберите услугу «Прием Декларации о доходах и имуществе физического лица (форма 270.00)».
  • Заполните необходимые сведения в форме.
  • Укажите орган государственных доходов.
  • Подпишите декларацию доступным способом.
  • После отправки проверьте статус в разделе «История получения услуг».

Напомним, с 2027 года в Казахстане также появятся новые проверки граждан. О них Youth.kz рассказывал в этом материале.

Сондай-ақ оқыңыз


Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз