Алматыда «Күзгі самал» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда 28 сәуірде «Күзгі самал» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Драма жанріндегі туынды көрермендерге төрт жылдан кейін жол тартты. Фильмнің қалай шыққанын және оны неге көру керек екенін осы мақалада айтып береміз.

Сәнді қызыл кілем, фотокамералардың жыпылықтауы, кино түсірілуіне барлық күшін салған кинематографисттер мен олардан пікір алуға қуанышты журналистердің бақытты жүздері – мұның бәрі кешегі «Күзгі самал» фильмінің тұсаукесерінде болды. 

Салтанатты кештегі үш минуттық овация

Фильм көрсетілімі басталмас бұрын сөз кезегін Батырхан Шүкенов қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Шүкенов алды:

«Бұл фильм бүгінгі тұсаукесерге дейін төрт жыл бойы өндірісте болды…Мен көрермендердің осындай фильмді көруін қалаймын. Бұл блокбастер емес, авторлық фильм емес, бірақ өте қызықты, әсерлі фильм».

Фильмнің соңында көрермендер, картина авторлары мен актерлеріне өздерінің ыстық лебізін білдірді, олар орындарынан тұрып, үш минут тоқтамай қол соқты.

Бір қызығы, бастапқыда адамдар негізінен Берік Айтжановпен суретке түссе, фильм көрсетілгеннен кейін жұрт назарын жас актриса Камила Фун-Соға  аударды. 

Үміт және күдер 

Әйелі қайтыс болғаннан кейін, Сейіт Асанов (Берік Айтжанов) теңіз жағасында өмір сүріп, жалғызбасты қарттың жайбарақат, өлшенген өмірін өткізеді. Асановтың жалғыз құмарлығы – түнде теңізде жүзу.

Бір түні ол өзіне қол жұмсамақ болған Ританың (Камила Фун-Со) өмірін құтқарады. Сол сәттен бастап қарттың өлшенген өмірі бірқатар керемет оқиғалар мен психологиялық күйзелістерге айналады. 

Асанов үшін де, ол құтқарған әйел үшін де өмір жаңа түстерге ие болып, жаңа ноталармен үндеседі. Махаббат рухани тазарудың символына айналады. 

Идея авторы мен бас продюсер қызметін атақты Тасболат Мерекенов атқарды. 

Ол қоюшы режиссер ретінде дебютант Әділ Мерекені не үшін тандағанын былай түсіндірді:

«Бұл актер қаншама жылдар бойы кино түсіріліміне қатысқан. Піскенін байқап, дебютты фильмін түсіруге жол аштым».

Композитор Виктор Сологуб пен оператор Марс Умаровты да атап өткен жөн. 

Фильмнің музыкасы әсем әрі лирикалық, кейде Густав Малердің симфонияларын еске түсіреді. Ал Умаровтың операторлық жұмысы таңқаларлық. Кейіпкерлердің жеке басынан кешкендері теңіздің көркем көріністері мен шағалалардың ұшуымен кезектесіп көрсетіледі. 

Көптеген киносыншылар Берік Айтжановты жылдар бойы мақтап келеді, бірақ бұл фильм Камила Фун-Со үшін де үлкен жетістік. Оның агрессия мен нәзіктікті, сондай-ақ дөрекілік пен өкінішті білдіретін шынайы ойыны – үлкен шеберліктің белгісі.

Камилла Фун-Со үшін түсірілім кезіндегі ең қиыны су астында түсу болған екен:

«Ең қиыны су астында түсу болды. Бірақ көріністердің әдемі шыққанына қуаныштымын». 

«Күзгі самал» – өмірдің, отбасының мәні туралы ой жүгіртуге және жақсы болашаққа үміт артуға итермелейтін шынайы драма. 

Өткен жылғы «№37» және басқа да отандық фильмдер сияқты, бұл картина да қазақстандық кинематографтың үлкен жетістігі деуге болады. 

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз