Адам құқығы бойынша 5 онлайн-курс
Адам құқықтары, балалардың құқықтары және халықаралық құқықтық стандарттар туралы білімін арттырғысы келетіндер үшін бірнеше онлайн-курс бар. Олардың кейбірі тегін, ал бірқатарында оқу ағылшын тілінде жүргізіліп, орысша субтитр ұсынылады.
«Адам құқықтарына кіріспе»
Курсты Адам құқықтары және азаматтық іс-қимылдар халықаралық мектебі, Сахаров орталығы және Санкт-Петербор князь Ольденбург атындағы құқық институты әзірлеген. Оқу Stepik платформасында өтеді.
Курс жеті сабақтан тұрады. Қатысушылар:
- адам құқықтарының қалай пайда болғанын;
- адам құқығының бұзылуы мен қылмыстық құқық бұзушылықтың айырмашылығын;
- халықаралық адам құқықтары жүйесінің негізіндегі құндылықтар мен құқықтық стандарттарды;
- қазіргі әлемдегі адам құқықтарының рөлін оқиды.
Оқу тегін, курс тілі – орысша.
Amnesty International ұйымының «Адам құқықтарына кіріспе» курсы
Курсты адам құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық Amnesty International қозғалысы әзірлеген.
Курс шамамен 90 минутқа созылады. Бағдарламада бейнематериалдар, тесттер, нақты жағдайларды талдау және интерактивті тапсырмалар бар.
Оқу барысында адам құқықтарының не екенін және оларды қорғау жолдарын түсінуге болады.
Курс тегін, орысша оқуға болады. Курсты аяқтағаннан кейін сертификат алуға болады.
International Women’s Health and Human Rights
Стэнфорд университетінің бұл курсы әйелдердің денсаулығы мен құқықтарына арналған. Бағдарламада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, қыздардың денсаулығы, соғыс кезіндегі әйелдердің жағдайы, босқындар, кедейлік және экономикалық мүмкіндіктер сияқты мәселелер қарастырылады.
Курс 10 аптаға есептелген және Coursera платформасында өтеді.
Оқу тегін. Тілі – ағылшын, орысша субтитр бар. Курсты аяқтағаны туралы сертификат алуға болады, ол ақылы және құны 29 доллар тұрады.
Children’s Human Rights – An Interdisciplinary Introduction
Женева университеті әзірлеген курс балалардың құқықтарына арналған. Қатысушылар халықаралық стандарттар мен бақылау жүйелері, балалар құқықтарының тарихы, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және балалардың әлемдегі денсаулығы туралы білім алады.
Курс жаңадан бастаушыларға арналған. Сонымен қатар, тақырып бойынша білімі бар адамдар үшін қосымша материалдар ұсынылады.
Оқу тегін, тілі – ағылшын. Орысша субтитр бар. Сертификат ақылы, 49 доллар тұрады. Coursera платформасында оқытылады.
Human Rights, Human Wrongs: Challenging Poverty, Vulnerability and Social Exclusion
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары академиясы ұйымдастырған курс әйелдер, балалар және этникалық азшылықтар сияқты осал топтардың құқықтарына арналған.
Сарапшылар бір топтың құқықтарының бұзылуы қоғамға және жалпы әлемге қалай әсер ететінін түсіндіреді. Сондай-ақ, түрлі елдерде адам құқықтарының толық сақталуына кедергі келтіретін мәселелер қарастырылады.
Курс тегін, edX платформасында өтеді. Оқу тілі – ағылшын, орысша субтитр бар. Сертификат ақылы, 49 доллар тұрады.