Адам құқықтары жөніндегі Кіріспе семинарлар 2026

Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі адам құқықтары бойынша Кіріспе семинарға тіркелу ашылғандығын хабарлайды.

  • 18 сәуір – Алматы
  • 25 сәуір – Астана

Қатысу тегін, тіркелу үшін профильдің басты бетіндегі сілтемеге өтіңіз. 

Семинарлардың ұзақтығы: 4 сағат (жеке қатысу қажет, оффлайн).

Күні: Сенбі. Өткізу уақыты мен орны: қосымша хабарланады.

Қатысушылар саны шектеулі, 1 семинар шеңберінде тек 50 адамды ғана қатыстыра аламыз. 

Сіз мұнда не үйренесіз?

Сіз адам құқықтары дегеніміз не, пайда болуы мен даму тарихы және оларды қорғаудың негізгі жолдары жайлы білетін боласыздар. Сонымен қатар, сіз танымал құқық қорғаушымен кездесіп, ол сізге адам құқықтарын іс жүзінде қалай қорғайтынын айтады.

Біз кімді күтеміз?

Біз жаңа білім мен тәжірибеге қызығушылық танытып, жеке адамның қадір-қасиеті мен құндылығын бағалайтын 14 пен 25 жас аралығындағы жастарды күтеміз. 

Қатысушыларға шақырту ұялы телефон арқылы жіберіледі (Whatsapp), номерді қатесіз жазыңыз.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз