Контрацепцияның қандай түрлері бар және олар қалай жұмыс істейді?

Жүктіліктен сақтану мәселесіне келгенде абдырап қалғаннан гөрі дайын әрі хабардар болған жөн.

Жүктіліктен сақтану мәселесіне келгенде абдырап қалғаннан гөрі дайын әрі хабардар болған жөн. Гинеколог Мадлин Сафадимен бірге қорғаныс түрлері, олардың әсері және таңдау кезінде нені ескеру керектігін талқылаймыз.

Контрацепция дегеніміз не?

 Контрацепция – жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін қолданылатын әдістер. «Контрацепция» сөзі латын тіліндегі contra («қарсы») және conceptio («ұрықтану») сөздерінен шыққан, яғни тура мағынасы – «ұрықтануға қарсы». Бұл тыйым салу немесе шектеу қою емес, бұл – өміріңді және денсаулығыңды қадағалау әдісі. Саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін мұндай тәсіл күтпеген жағдайдың алдын алып, ықтимал салдарынан қорықпай өмір сүруге көмектеседі.

Үзілген жыныстық қатынас

 Қорғамайды: жоспарланбаған жүктілік, түрлі инфекциядан  қорғамайды.

Жыныстық қатынас шәует шығармай тұрып үзілсе де, алдын ала бөлінетін сұйықтықта сперматозоидтар болуы мүмкін, сондықтан жүктілік ықтималдығы сақталады. Сонымен қатар, бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғамайды. Сол себепті мамандар оны тиімділігі төмен әрі қауіпті әдістердің бірі деп санайды.

Мүшеқап (презерватив) – қарапайым әрі сенімді

Қорғайды: жоспарланбаған жүктілік және инфекциялардан.

Ең көп тараған әрі қолжетімді әдіс – мүшеқап қолдану. Ол – жыныстық қатынас басталмай тұрып жыныс мүшесіне киілетін жұқа резеңке қабық. Мүшеқап сперматозоидтарға физикалық бөгет жасап, олардың жатырға енуіне жол бермейді.

Сафади Мадлин, врач акушер-гинеколог
@dr.madlinsafadi

«Презерватив – ең қолайлы әдістердің бірі, өйткені ол тек жүктіліктен ғана емес, ВИЧ, мерез (сифилис), хламидиоз сияқты инфекциядан да қорғайды», - дейді Мадлин Сафади.

Бұл әдістің әлсіз тұстары да бар – мүшеқап  жыртылып қетуі немесе дұрыс киілмеуі мүмкін. Бірақ дұрыс қолданылса, өте тиімді әдістердің бірі. Бұдан бөлек,  басқа тосқауыл құралдар бар, мысалы, қынаптық диафрагма немесе жатыр мойнына арналған қалпақша. Алайда олар сирек қолданылады, себебі арнайы дағдыны қажет етеді және қолдану жағынан қолайсыз.

Гормоналды контрацепция

Қорғайды: жоспарланбаған жүктіліктен.
Қорғамайды: инфекциялардан.

Гормондық контрацепция басқа тәсілдерге қарағанда күрделі, бірақ өте тиімді.. Бұл әйелдің репродуктивті жүйесіне эстроген мен прогестерон теңдесі болып табылатын синтетикалық гормондарға негізделген. Гормондар аналық жасушаның жетілуіне (овуляцияны) бөгет жасайды, жатыр мойнындағы шырышты қоюландырып, оны сперматозоидтарға өтпейтіндей етеді және эндометрийдің құрылымын өзгертіп, ұрықтанған аналық жасушаның бекінуіне кедергі келтіреді. (Тут мне нужен оригинал, наверно с русского текста переводили) (Потому что читателю вообще будет непонятно, как проходит процесс)

Гормонды контрацепцияның бірнеше түрі бар: күнделікті қабылданатын дәрмек, аптасына бір рет ауыстыратын пластырь немесе үш аптаға енгізілетін қынаптық сақина. Ал ұзақ мерзімді қорғанысты қаласаңыз, бес жылға дейін әсер ететін гормонды спиральді қолдануға болады.

«Гормонды әдістер ыңғайлы әрі тиімді – дұрыс қолданылған жағдайда олар 99 пайыз кепілдік береді. Жүктіліктен сақтанудан бөлек, олар етеккірді  реттеуге, оның кезіндегі ауырсынуды жеңілдетуге  және тіпті терінің жақсартуға әсер етеді. Алайда  гормонды контрацепцияны қолдануды тек дәрігер кеңесінен кейін бастау керек», – деп ескертеді гинеколог.

Гормонды құралдардың кемшіліктері де бар. Жанама әсерлері – жүрек айнудан бастап көңіл-күйдің өзгеруіне дейін болуы мүмкін. Олар жыныстық түрмен берілетін аурулардан қорғамайды және барлық әйелге бірдей сәйкес келе бермейді, сондықтан дәрігер кеңесін алмай  қолдануға болмайды.

Жатырішілік спираль (ЖІС)

Қорғайды: жоспарланбаған жүктіліктен
Қорғамайды: жыныстық жолмен берілетін инфекциядан

Егер алдағы бірнеше жылда бала көтеруді жоспарламасаңыз ең сенімді тәсілдердің бірі – жатырішілік спираль. Бұл дәрігер-гинеколог тікелей жатырдың ішіне орнататын шағын «Т» әрпі тәрізді құрал. 

Қазіргі таңда спиральдың кең тараған екі түрі бар: гормонды және мыс спираль. Екеуі де сперматозоидтар белсенділігін төмендетіп, ұрықтануға жол бермейтін әрі ұрықтанған жасушаның жатыр қабырғасына бекінуіне кедергі жасайтын арнайы заттар бөледі.

«Бұл әдіс күнделікті контрацепция жайлы ойламай, тұрақты әрі ұзақ мерзімді қорғануды қалайтын әйелдерге қолайлы. Дегенмен, оны қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігер тексерісінен өту қажет», – дейді гинеколог Мадлин Сафади.

Циклді бақылау

Қорғайды: қажетсіз жүктіліктен
Қорғамайды: инфекциядан

Контрацепцияның табиғи әдістерінің бірі – овуляцияны қадағалау немесе күнтізбелік әдіс деп атасақ болады. Ол – етеккір кезеніндегі «қауіпті» күндерді (жұмыртқа жасушасы жетіліп, ұрықтануға дайын кез) және «қауіпсіз» күндерді (аналық жасушасы әлі жетілмеген кез) есептеуге негізделген. Бір қарағанда оңай әдіс,  дәрі-дәрмексіз, гормонсыз әрі медициналық әрекет қажет емес. 

Дегенмен өмірде бәрі басқаша: жасөспірімдер мен жас қыздардың циклдары жиі тұрақсыз болады. Ал бұл өз кезегінде қателікке әкелуі мүмкін. Дәрігерлер айтуынша, мұндай әдістерге сенімді құрал ретінде қарауға болмайды, өйткені жоспарланбаған жүктілік ықтималдығы өте жоғары. 

Егер жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу тым кеш болса, не істеу керек?

Еш қорғанутүрі қолданылмаса немесе ол дұрыс жұмыс істемесе (мысалы, мүшеқап жыртылып қалса), ал сізде цикл және овуляция ортасы және жүктілікті қаламасаңыз – шұғыл контрацепция бар. 

Бұл – жыныстық қатынастан кейін алғашқы 24 сағат ішінде, бірақ 72 сағаттан кеш емес уақыт ішінде ішуге болатын дәрі. Олар овуляцияны тежейді немесе аналық жасушасының жатыр қабырғасына бекінуіне кедергі жасайды. Дегенмен мұндай дәріні овуляция болмаған күндері ішуге болмайды, сондай-ақ оны жиі қолдану болмайтынын есте сақтаған абзал.

«Шұғыл контрацепция – негізгі әдіс емес, тек төтенше жағдайда қолданатын амал. Оны тұрақты түрде қолдануға болмайды», – деп түсіндіреді гинеколог Мадлин Сафади.

Бұл дәрмектерді  дәріханадан сатып алуға болады. Бірақ олар инфекциялардан қорғамайды, жанама әсерлер туғызуы мүмкін екенін  және ағзадағы гормондық жүйеге кері әсер тигізетіндігін есте сақтаған жөн.  Сол себепті оларды тек шұғыл жағдайда, бір реттік тәсіл ретінде  пайдалануға болады.

Ең бастысы – саналы шешім 

Контрацепция – өзіңе, денсаулығына  және болашағыңа қамқорлықтың маңызды қадамы. Дұрыс таңдалған әдіс адамды артық уайымнан арылтып, сенімділік пен еркіндік сыйлап, оқуына, жеке өміріне және дамуына толыққанды көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Сондықтан қорғаныс әдісін таңдағанда  достар кеңесіне немесе ғаламтордағы ақпаратқа сүйенбей, міндетті түрде дәрігермен кеңескен жөн. Бұл қадам денсаулығыңызға зиян келтірмей, саналы әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз