Алғашқы жыныстық қатынас: ауыртпалықты, қорқынышты, сиқырлы ма? Жыныстық қатынас туралы не айтылады және ол шынымен қандай?

Бұл материалда біз алғашқы жыныстық қатынасқа қатысты кең тараған қате түсініктерді талдап, шындықты ашамыз.

Алғашқы жыныстық қатынас әрдайым ерекше назарға ие, қасиетті рәсім ретінде қарастырылып, түрлі сенімдер мен дәстурлерге оранған. Қазір бұл тақырып бұрынғыдай қорқыныш тудырмаса да, әлі күнге дейін мифтер мен стигмаларға толы. Бұл материалда біз алғашқы жыныстық қатынасқа қатысты кең тараған қате түсініктерді талдап, шындықты ашамыз.

Бірінші жыныстық қатынас әрқашан ауырсыну мен қан кетумен бірге жүреді ме?

Миф: Алғашқы ену кезінде қатты ауырсыну мен мол қан кету сөзсіз болады.

Шындық: Ауырсыну мен қан кету әр адамда әртүрлі болады және бұл бірнеше факторға байланысты: серіктеске деген сенім деңгейі, эмоционалдық дайындық, прелюдия ұзақтығы, қозу деңгейі, анатомиялық ерекшеліктер. Егер серіктестер өздерін жайлы сезінсе, ауырсыну болмауы да мүмкін немесе жеңіл жайсыздық қана сезіледі. Ал қатты қан кету — қалыпты жағдай емес.

Бірінші жыныстық қатынастан кейін қан болмаса, бұл қыз пәк емес деген сөз бе?

Миф: Егер алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан шықпаса, бұл қыздың бұрын жыныстық қатынасқа түскенін білдіреді.

Шындық: Бұл — мүлде қате түсінік. Қыздық перде (гимен) — қынап кіреберісін ішінара жабатын шырышты қабат. Оның құрылымы әр адамда әртүрлі: кейбірінде ол серпімді, созылмалы, ал кейбірінде туылғаннан мүлдем болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қыздық перде спортпен шұғылдану, велосипед тебу, атқа міну кезінде немесе жай ғана дене қимылының әсерінен созылуы мүмкін. Сондықтан қанның болмауы пәктіктің жоғалғанын білдірмейді.

Қыздық пердені «жырту» процесі болады деген рас па?

Миф: Жыныстық қатынас кезінде қыздық перде жыртылады, бұл физикалық түрде сезіледі.

Шындық: Гимен — бұл толық тосқауыл емес. Оның ортасында бастапқыдан-ақ тесік болады, өйткені менструация кезіндегі қан сыртқа шығуы керек. Гимен созылып, әртүрлі болады, кейде серіктес тіпті ештеңе байқамайды. Жыртылу немесе «пердені бұзу» туралы түсінік — әлеуметтік қалыптасқан миф.

Егер мен гей немесе лесбиян болсам, мен мәңгі пәк болып қала беремін бе?

Миф: Ену болмаған жағдайда, адам мәңгілік пәк болып қала береді.

Шындық: Пәктік — биологиялық емес, әлеуметтік ұғым. Біреулер үшін алғашқы жыныстық тәжірибе тек вагинальды жыныстық қатынас болса, басқалар үшін ол кез келген жақындық түрі болуы мүмкін. Сондықтан пәктіктің анықтамасы әркім үшін әртүрлі.

Бірінші жыныстық қатынастан жүкті болу мүмкін емес деген рас па?

Миф: Алғашқы жыныстық қатынаста жүкті болу мүмкін емес.

ШындықЖыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бірінші ретте жұқпайды деген шын ба?: Қыз бала етеккір циклі басталғаннан кейін жүкті бола алады. Бірінші жыныстық қатынас кезінде де жүктілік қаупі бар. Сондықтан контрацепция қолдану өте маңызды.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бірінші ретте жұқпайды деген шын ба?

Миф: Бірінші жыныстық қатынас кезінде ЖЖБИ жұғу қаупі жоқ.

Шындық: Егер серіктес инфекция тасымалдаушы болса, кез келген жыныстық қатынас арқылы ЖЖБИ жұқтыруы мүмкін. АИТВ, хламидиоз, гонорея, АПВ (адам папиллома вирусы) секілді инфекциялар қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде жұғады.

Егер серіктес презерватив пайдаланғысы келмесе, не істеу керек?

ДДҰ мәліметі бойынша, күн сайын әлемде 1 миллионнан астам ЖЖБИ тіркеледі. Сондықтан «презервативпен ыңғайсыз» деген сылтауларға сенудің қажеті жоқ. Өз денсаулығыңыз үшін қауіпсіздікті талап ету — сіздің құқығыңыз. Егер серіктес бұған қарсы болса, сізге оның сізге деген құрметі жайлы ойлануға тура келеді.

Бірінші жыныстық қатынас міндетті түрде оргазммен аяқтала ма?

Миф: Алғашқы жыныстық қатынас міндетті түрде ләззат сыйлайды.

Шындық: Оргазм — күрделі процесс. Ол физиологиялық, психологиялық және эмоционалдық факторларға байланысты. Алғашқы жыныстық қатынас көбінесе қобалжумен, тәжірибесіздікпен байланысты болғандықтан, бәрі бірден керемет болуы сирек. Бұл қалыпты жағдай.

Бірінші тәжірибе болашақ жыныстық өмірді анықтайды ма?

Миф:  Егер бірінші рет сәтсіз болса, бұл өмір бойына жыныстық қатынаста қиындық тудырады.

Реальность: Бірінші тәжірибе маңызды болғанымен, ол бүкіл жыныстық өмірді анықтамайды. Уақыт өте келе, адам өз денесін жақсырақ түсініп, серіктесімен үйлесімді қарым-қатынас орнатады.

Тек техника маңызды деген рас па?

Миф: Жыныстық қатынаста ең бастысы — дұрыс техника

Шындық: Техникадан да маңыздысы — серіктеспен өзара түсіністік, жайлылық, сенім, шекараларды құрметтеу. Әр адамның қалауы әртүрлі, ең бастысы — бір-біріңіздің сезімдеріңізді тыңдай білу.

Алғашқы жыныстық қатынасты ыңғайлы ету үшін не істеу керек?

  • Серіктеспен ашық сөйлесу, қалауыңызды және шекараларыңызды талқылау.
  •  Асықпау және прелюдияға көңіл бөлу.
  •  Қорғаныс құралдарын пайдалану.
  •  Өз сезімдеріңізді тыңдау. Қандай да бір ыңғайсыздық болса, тоқтатудан қорықпаңыз.

Ең маңыздысы — алғашқы жыныстық қатынас екі тараптың ерікті, саналы келісімімен, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өтуі тиіс.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз