Жеке шекараларды қалай орнатуға және міндеттерді қалай үлестіруге болады?

Қыз ұзату немесе некелесу - бұл қуанышқа, үміт пен үлкен сенімге толы сәт. Сонымен қатар, бұл болашақ некенің тек әдемі ғана емес, сонымен бірге берік болуына көмектесетін маңызды әңгімелер кезеңі. Youth.kz міндетті түрде талқылануы тиіс негізгі тақырыптарды ұсынады.

Белсенді Малика Николаева ресми некеге тұруға шешім қабылдаған жандарға арналған арнайы сауалнама құрастырды. Маликаның айтуынша, ол өз үйлену тойының алдында осы сұрақтарға өзі де жауап берген. Автор сауалнаманы 10 түрлі тақырыпқа бөлген.

Неке не үшін керек?

Автордың Threads әлеуметтік желісінде көтерген басты сұрағы — неке не үшін қажет? Болашақ ерлі-зайыптыларға қандай отбасын қалайтынын және осы одақтағы ер мен әйелдің рөлін қалай көретінін айту ұсынылады.

Балалар

Сауалнаманың ең көлемді бөлімдерінің бірі балаларға арналған. Мұнда бірқатар сұрақтар қамтылған: Олар балалы болғысы келе ме? Егер иә болса, қанша бала қалайды және оны қашан жоспарлайды? Сондай-ақ, өгей балаларға немесе ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген көзқарас сияқты күрделі мәселелер де бар.

Бұдан бөлек, баланы тәрбиелеуге қатысу тақырыбы қозғалады: оған кім жауапты, ата-аналар көмектесуі керек пе, декреттік демалысқа көзқарас қандай, бала күтуші жалдау ма әлде баланы балабақшаға беру ме?

Соңында тәрбие әдістері мен құндылықтар қарастырылады: тәрбиенің қандай принциптері қолайлы, бала дінге қатысты болуы керек пе, мерекелерді қалай тойлау ұсынылады, баланың үй жануары болуы керек пе?

Ақша

Тіпті ең бақытты қарым-қатынасқа да сызат түсіре алатын маңызды әрі нәзік бөлім. Ортақ бюджетке көзқарас қандай, оны бөлуге кім жауапты, сатып алулар қалай жүзеге асырылады, жинақтар болуы керек пе, біреуде қарыз (кредит) бар ма?

Тұрмыс

Бұл бөлімде болашақ ерлі-зайыптылар үй шаруасындағы міндеттерін анықтайды. Әйелі не істеуі керек? Күйеуі не істеуі керек? Міндеттер орындалмаған жағдайда реакция қандай болады? Көмекші жалдау қажет пе? Үйдегі мінсіз тазалықты сақтау жас жұбайлар үшін қаншалықты маңызды?

Дағдарыстар

Маңызды жағдай: күтпеген қиындықтарды кем дегенде алдын ала сөйлесіп алу қажет. Олар нені дағдарыс деп санайды? Жұмыстан айырылуға, денсаулықтың нашарлауына немесе жақын адамынан айырылуға реакция қандай болады?

Секс

Жыныстық қатынас тақырыбы да өте маңызды, себебі төсекте серіктестер арасында толық әрі саналы келісім болуы тиіс. Олар үшін жыныстық қатынаста не нәрсе мүлдем қабылданбайды? Интимдік өмірге не қосқысы келеді? Порно көруге көзқарасы қандай? Қызғаныш, адалдық және опасыздық (измена) дегенді қалай түсінеді - жай ғана флирт пен басқа адамдарды құшақтау сатқындық болып санала ма?

Сондай-ақ, сезімді көпшілік алдында көрсетуге қалай қарайды? Біреу үшін көшеде сүйісу қалыпты жағдай болса, екіншісі үшін ел алдындағы физикалық байланысқа жол берілмейді.

Ата-аналар

Бөлек тарау - ата-аналармен қарым-қатынас. Болашақ жұбайлар келесі сұрақтарға ашық жауап беруі керек: оларды үйінде қаншалықты жиі қабылдауға дайын? Олардың денсаулығы мен қаржылай көмегіне ақша жұмсау керек пе? Ата-аналары олардың үйінде тұра ала ма? Әке-шешесімен қаншалықты жиі кездесіп тұру керек?

Автономия (Дербестік)

Өз бетінше болу және жеке шекаралар - өте маңызды тақырып. Олар автономия ұғымын қалай түсінетінін ашық айтуы керек.

Қарым-қатынаста көшбасшы бар ма? Әлде одақ тең дәрежелі бола ма? Қандай шешімдер тек бірлесіп қабылдануы тиіс? Басқа адамдармен кездесу мәселесі қалай болады?

Жеке шекаралар қай жерде аяқталады? Онлайн немесе офлайн бақылауға жол беріле ме? Серіктестің телефонын тексеруге сұрауға бола ма?

Жанжалдар қалай өтуі керек? Ұрыс кезінде не нәрсеге жол берілмейді? Қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады? Немен жұмыс істеу керек?

Үйлену тойы

Әрине, үйлену тойын өткізу туралы шешімнің өзі - үлкен бас ауруы. Мерекеге кімдерді шақыруға болады? Күнді қалай белгілейді? Мереке қандай деңгейде өтуі тиіс?

Болашақ

Болашақ жұбайлардың бір-бірінен не күтетінін түсіну маңызды: 10 жылдан кейін өздерін қайдан көреді? Қандай келісімдер мерзімсіз, ал қайсысының аяқталу мерзімі бар?

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз