Жастар ақпараттық қызметіне (МИСК) волонтерлерді қабылдау
Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі адам құқықтарына үйретіп, жастарға арналған қызықты іс-шаралар мен ивенттер ұйымдастырады.
Егер сіз болашақ мансабыңыз үшін бір жылды пайдалы өткізгіңіз келсе – біз сізді күтеміз!
Біз кімді іздейміз
• адам құқықтары, медиа және жастар іс-шараларына қызығатын волонтерлер
Волонтерлік бағыттар:
Адам құқықтары бойынша білім беру
• оқыту және практика
• жастарға арналған тренингтер өткізу
Медиа
• посттар мен мәтіндер жазу
• видео түсіру және монтаждау
• фото және видео контент дайындау
Іс-шаралар (ивенттер)
• іс-шараларды ұйымдастыру
• іс-шараларды дайындау мен үйлестіруге көмектесу
Қатысу форматы:
• волонтерлік қызмет
• икемді кесте, оқу немесе жұмыспен қатар алып жүруге болады.
• офлайн / онлайн (міндеттер мен іс-шараларға байланысты)
• волонтерлік қызмет 1 жылға созылады
Талаптар:
- жасы 18-22 аралығында, 14-18 жас – ата-анасының келісімімен
- жауапкершілік (тапсырма алған соң жоғалып кетпеу)
- коммуникабельділік және этика (іскерлік процестерді жүргізе білу)
- қазақ және/немесе орыс тілдерін білу, сауатты сөйлеу және жазу
- кез келген қала мен ауылдан волонтер болуға болады
Не аласыз:
• құқық қорғау қызметіне, медиа саласына немесе іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу тәжірибесі
• волонтерлікті растайтын құжаттар (сертификат, волонтерлік еңбек кітапшасы, ұсыным хат)
• шетелге оқуға түсу үшін белсенділік профилін қалыптастыру
• университет үшін практика немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі
• іс-шаралар мен мастер-класстарға қатысу
• МИСК волонтерлік қызметімен және құқық қорғау қауымдастығымен танысу
Анкетаны мына сілтеме арқылы толтырыңыз: https://misk.kz/ru/zayavka-na-volonterstvo