Тұлға типі неден құралады?
Тұлғаны - интроверт, интуит, логик және рационал деп сипаттау таныстырудың үйреншікті тәсіліне айналды. Бұл модель Карл Густав Юнгтің идеясынан туындаған және әр адам төрт шкала бойынша анықталатын MBTI типологиясының негізіне айналды. Youth.kz осы сипаттар туралы баяндайды.
Тұлғаның төрт параметрі
Модель әрқайсысы мінез-құлықтың жекелеген қырларын сипаттайды төрт тәуелсіз параметрден тұрады.
- Интроверт – жалғыздықтан қуат алатын және сабырлы қарым-қатынасты жөн көретін адам.
- Интуит - идеяларға, жалпылау мен ықтимал сценарийлерге бейім.
- Логик – сараптау мен рационалды аргумент негізінде шешім қабылдайды.
- Рационал - тәртіп, жоспар мен нақтылыққа ұмтылады.
Тұлғаға тән бұл сипаттар дайын «тип» ретінде жеке-дара өмір сүрмейді. Олар өзара үйлесімде ғана жұмыс істейді.
Тұлға типі қалай қалыптасады
Типологияда бір-біріне қарама-қайшы төрт жұп қолданылады:
- интроверт – экстраверт;
- интуит – сенсорик;
- логик – этик;
- рационал – иррационал.
Адамдар осы жұптардың ішінде біреуіне көбірек бейім келеді. Нәтижесінде төрт әріптен тұратын комбинация пайда болады. Мысалы: интроверт + интуит + логик + рационал = INTJ («стратег» немесе «сарапшы» тұлға типі).
Мұндай жүйе ойлану мен іс-әрекет ерекшеліктерін қысқаша сипаттауға мүмкіндік береді. Ол ақпаратты қабылдау, шешім қабылдау және өмір салтындағы негізгі айырмашылықтарды ескеріп, өзіңіз және басқалар туралы көзқарасыңызды жүйелеуге көмектеседі.