Топпен жұмыс деген не, онда әр маманның өз рөлі бола ма?
Бизнес, білім беру және креативті индустриядағы тиімді нәрсе – топтасып әрекет ету. Бұл тұста әңгіме бірнеше адамның бірлесіп жұмыс істеуі туралы емес, әңгіме топтағы әр адамға белгілі бір міндет жүктелетін тұтас бір жүйе туралы. Youth.kz топ болып нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу моделі туралы баяндайды.
Топпен жұмыс дегеніміз не?
Топпен жұмыс – ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін міндеттер мен жауапкершілікті бөлісе отырып күш біріктіру форматы. Мұндай жүйеде топтағы әр адамныі кәсіби деңгейі ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы да да маңызды.
Егер жұмыс тобында әр міндет, рөл нақты бір маманға бекітіліп берілмесе онда бір жұмысты бірнеше адамның қайталауы, салдарынан ортада кикілжің туып, жұмыс тиімділігі төмендеуі мүмкін. Ал, нақтылық бар жерде әр адам өз рөлін атқарып, команда біртұтас механизмге айналады.
Топтағы рөлдер
Топтағы рөл – бұл лауазым емес, топ мүшесінің мінез-құлық моделі. Жұмыс барысында шешім қабылдау, өз міндетін атқару, әріптестермен қарым-қатынас жасау барысын осы модель анықтайды.
Бір адам топты басқарып қана қоймай, бір мезетте идеялар ойлап тауып, сараптама да жасап, бірнеше рөл атқара алады.
Белбин моделі
Ең танымал модельдердің бірі — британдық зерттеуші Рэймонд Белбиннің моделі. Ол бұл жүйені 1960 ж.ж. Хенли менеджмент колледжімен бірлесе жүргізген зерттеуінен кейін анықтады. Бұл модель топпен жұмысты тиімді жүргізуге қажет тоғыз рөлді сипаттайды.
Рөлдер топқа бөлінеді.
Әрекет ету рөлдері
Бұл санатқа міндеттің орындалуын қамтамасыз ететін топ мүшелері кіреді:
- Мотиватор – топқа дем беріп, нәтижеге жетуге жетелейді;
- Іске асырушы – идеяларды нақты әрекетке айналдырады;
- Бақылаушы – сапа мен орындалу мерзімін қадағалайды.
Топтағы мұндай жандар жұмыстың практикалық бөлігіне жауап береді.