Сүйемін деп қалай ерекше айтуға болады?
Махаббат тақырыбы – адамзат тарихындағы ең көп талқыланатын, ешқашан маңызын жоғалтпаған тақырыптардың бірі. Әр дәуірде, әр қоғамда адамдар өз сезімдерін сан түрлі жолмен білдіріп келген. Сондықтан, біз әлемдік аңыздардың «Мен сені сүйемін» деп айтудың ерекше тәсілдерімен бөлісеміз.
Людвиг Бетховен өзінің «Өлмейтін сүйіктісіне» жазған хатында.
«Оянған бойда ойым саған ұшады, өлмес махаббатым! Тағдырдың бізге не жазғаны жайлы ойлап, қуаныш пен мұнға толып тұрмын. Бірақ бір түсінгенім, мен сенімен ғана өмір сүре аламын, басқаша болу мүмкін емес».
Атақты Абай Құнанбайұлы өзінің лирикалық өлеңінде айтып кетті.
«Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!»
Драматург Уильям Шекспир «Сонеттерінің» бірінде.
«Қасіретімде менің жалғыз жұбанышым – сен менің күнәм мен тозағым болуында».
«Тоқырау» кезеңінің символы атанған Шарль Бодлер де махаббат тілімен сөйлесуге тырысқан.
«Теңіз толқыны тулаған шақта
Жол көрсеткен жарық жұлдыздай…
Жүрегімді сенің құрбаныңа қоямын!»
«Тәкаппарлық пен теріс көзқарас» шығармасында Дарси мырза сүйген қызын қайтып кездестіргенде өте эмоционалды сөздер айтқан.
«Сіз менің бейшара жанымды баурап алдыңыз, мен сізді сүйемін…Осы сәттен бастап сізбен айырылысқым келмейді».
«Сақиналардың әміршісі» шығармасында, Дж. Р. Р. Толкин суреттеген махаббат сәтінде Арвен Арагорнға былай дейді.
«Мен сенсіз мәңгілік ғұмыр кешкенше, сенімен бірге бір-ақ рет берілген пенделік өмірді бөліскенді артық көремін».