Оскар-2026: қай фильмдер жеңімпаз атанды және олар не жайлы?

«Оскар 2026» қорытындысы киноның қоғамдағы маңызды пікірталастардың алаңы екенін тағы бір рет көрсетті. Youth.kz биыл ерекше назар аудартқан төрт фильмге тоқталады: «Шайқастан кейін шайқас», «Ғажайып Марти», «Күнәһарлар» және «Сентименталды құндылық». Бұл картиналар түрлі стильде түсірілгенімен, олардың барлығын қазіргі қоғамдағы күрделі әлеуметтік, саяси және моральдық мәселелерді терең қозғауы біріктіреді.

«Шайқастан кейін шайқас» 

«Шайқастан кейін шайқас» – режиссер Пол Томас Андерсон түсірген саяси драма. Фильм 6 «Оскар» иеленіп, жылдың ең ықпалды туындыларының біріне айналды. Картинада басты рөлдердің бірін Леонардо Ди Каприо сомдайды.

2000-жылдары Пэт Калхун өз сүйіктісімен бірге солшыл радикал экстремистік топтың құрамында болған. 16 жылдан кейін Пэт Оңтүстік Калифорнияда Боб Фергюсон деген атпен өмір сүріп, жасөспірім қызына тәрбие беріп жатыр; ол қызының тіпті ұялы телефоны болуына да үнемі паранойясына байланысты тыйым салады. Бобтың алаңдауы бекер болмай шықты. Өйткені ескі қарсыласы полковник Локджо оларға аңшылық жасай бастайды.

Фильм атауын зерттеген кезде қызық ойға келуге болады: қоғамда бір күрес аяқталмай жатып, екіншісі басталуда. Бұл туынды желісі – адамдардың өміріндегі тұрақсыздық, идеологиялық тартыс және әлеуметтік әділет үшін күрес туралы әңгіме.

Туынды поляризация тақырыбы өте маңызды болғанын арқасында үлкен баға алды. Желісі қазіргі АҚШ-тағы партиялардың сөзге келіспеуі мен билік пен халық арасындағы сенім дағдарысы негізінде туындап тұр. Осы тұрғыдан алғанда фильм бүгінгі саяси ахуалдың көркем бейнесі сияқты көрінеді. 

«Ғажайып Марти»

«Ғажайып Марти» – режиссер Джош Сафди түсірген әлеуметтік драма. Басты рөлді сомдаған Тимоти Шаламе осы фильмдегі ойыны үшін «Үздік актер» номинациясын иеленді.

1952 жыл, Нью-Йорк. 23 жастағы амбициялы әрі дарынды үстел теннисі ойыншысы Марти Маузер Ұлыбританияға билет алу үшін ақша жинау мақсатында. Оның мақсаты – British Open турнирін жеңіп, бірінші америкалық атану. Басшысының бір айлық жалақысын қалдырмағанын білген Марти әріптесін пистолетпен қорқытып, сейфтен өзіне тиесілі ақшаны алып, турнирге қатысу үшін Лондонға аттанады.

Бұл фильм адамның қоғамдағы орнын табу туралы. Сырт көзге ол жеке адамның тағдырын баяндайтын қарапайым оқиға болып көрінуде. Бірақ оның астарында әлдеқайда терең мәселе жатыр. Нақтырақ айтқанда: қазіргі қоғам адамның құндылығын қалай өлшеуінде. 

Фильм атағымен, табыспен және әлеуметтік мәртебемен өлшенетін әлемдегі адамның жалғыздығын көрсетеді. Бүгінгі заманда әлеуметтік желілер мен қоғамдық қысым күшейген сайын, бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті бола түсті.

«Күнәһарлар»

«Күнәһарлар» – режиссер Райан Куглер түсірген драмалық картина. Фильм 4 «Оскар» жеңіп алды. Ал басты рөлді ойнаған Майкл Б. Джордан актерлік шеберлігі үшін ерекше бағаланды.

1932 жыл. Ұзақ жылдар бойы жоғалғаннан кейін егіздер Смок пен Стэк өздерінің туған қалашығына, Миссисипи өзенінің дельтасына оралады. Ағайындылар ақ нәсілшілден жұмыс ғимараттары бар жерді сатып алып, онда плантация жұмысшыларына арналған музыкалық бар ашады. Бірақ бұл жақын маңдағы ирландиялық вампирдің назарын аударады (фильмдегі вампирлер – расисттердің аналогы).

Фильмнің негізгі идеясы өте мағыналы. Яғни адам өміріндегі моральдық таңдау туралы. Қазіргі қоғамда адамдарды жиі «дұрыс» немесе «бұрыс» деп қарапайым түрде бөліп жіберу үрдісі бар. Бірақ бұл туынды өмірдің әлдеқайда күрделі екенін көрсетеді.

«Сентименталды құндылық» 

«Сентименталды құндылық» – норвегиялық режиссер Йоаким Триер түсірген нәзік драма. Фильм «Үздік халықаралық фильм» номинациясында «Оскар» жеңіп алды.

Бұрынғы әйелі қайтыс болғаннан кейін әйгілі кинорежиссер Густав Борг жерлеуге келеді. Ол көп жылдар бойы көріспеген үлкен қыздарымен кездесіп, үлкен қызы Нораға, театр актрисасына, өзінің жаңа фильмінде рөл сомдауды ұсынады. Густав өте жеке сценарий бойынша және бірнеше ұрпақ өмір сүрген үйде түсірілім жүргізуді жоспарлаған. Бірақ өзінің әкесіне ренжіген Нора рөлден бас тартады. 

Фильм адамның жеке естеліктері мен өткен өмірінің қазіргі болмысқа қалай әсер ететінін зерттейді.

Үлкен тарихи оқиғалар туралы көп айтылғанымен, бұл фильм сол оқиғалардың артында тұрған адамдардың сезімдері мен естеліктеріне үлкен назар аударады. Біздің өмірімізде шын мәнінде қандай құндылықтар маңызды? Осы сұраққа Йоаким Триер шынайы жауап беруге тырысты.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз