Өзіңізді және серігіңізді түсінуге көмектесетін қарым-қатынас туралы 10 кітап

Қарым-қатынас әдетте жиі қайталанатын сценарий іспетті – соның салдарынан түсініспеу, кикілжің және дағдарыс туады. Психология туралы әдебиет схеманы сырттай бақылап, серіктестің мінез-құлқына нақты не әсер ететінін түсінуге көмектеседі. Youth.kz ғылыми теориялардан бастап практикалық ұсыныстарға дейінгі түрлі бағытты қамтитын кітаптар тізімін жинақтады.

«Мені қатты құшақта» (Hold Me Tight) – Сью Джонсон

Эмоционалды-фокусы терапияның негізін салушы Сью Джонсонның еңбегі. Ол екі жанның арасындағы кикілжіңнің типтік сценарийлерін сипаттайды және олар неден туатынын түсіндіреді. Кітапта осындай циклдерді тануға және тұрақты эмоционалды байланыс орнатуға  баса назар аударылған.

«Опасыздық» – Марина Травкова

Секс-терапевт Марина Травкованың опасыздық себептері туралы еңбегі. Автор опасыздық неден туындайтынын және ондағы екі жұптың рөлі қандай екенін  қарастырады. Кітапта опасыздықты қалай қабылдау керек және одан кейінгі қадамдар талданады.

«Бір-бірімізге сай келеміз» – Амир Левин

Кітап Джон Боулбидың бауыр басу теориясына негізделген. Амир Левин бауыр басудың үш түрін сипаттап, олардың қарым-қатынастағы сипатыа баса назар аударады. Материал адамның өз мінез-құлқын анықтауға және қажет болған жағдайда оларды түзетуге көмектеседі.

«Тәуелділіктен арылу» – Берри Уайнхолд және Дженей Уайнхолд

Авторлар тәуелділікті әдеті нашар бар адаммен байланыс ретінде ғана емес,ауқымды феномен ретінде қарастырады. Кітапта мұндай қарым-қатынастар қалай қалыптасатыны және мінез-құлықты өзгертуге не көмектесетіні түсіндіріледі. Практикалық тапсырмалар мен терапияға қатысты мысалдар қамтылған.

«Бал айынан кейін» – Дэниел Уайл

Дэниел Уайл ғашықтық сезімі басылып, серіктестер арасындағы айырмашылықтар көріне бастаған кезең туралы жазады. Қақтығыстар қарым-қатынастың табиғи тармағы ретінде қарастырылады,өйткені ол байланысты тереңдетуге ықпал етуі мүмкін.

«Әрдайым қалағаным» – Эстер Перель

Эстер Перель ұзаққа созылған қарым-қатынастағы сексуалдылық тақырыбын зерттейді. Ол тұрақтылық пен құмарлық арасындағы қайшылыққа мән береді. Автор жақындықты жоғалтпай, қызығушылықты сақтауға көмектесетін тәсілдерді ұсынады.

«Неке мен оның баламасы» – Карл Роджерс

Клиентке бағытталған терапияның негізін салушының еңбегі. Карл Роджерс жұптардың басынан өткен оқиғаларды талдай отырып, қарым-қатынастың дамуына қандай процестер әсер ететінін көрсетеді. Кітапта дайын нұсқаулық жоқ, ол жүргізілген бақылауларға сүйенген.

«Өмірлік махаббат» – Харвилл Хендрикс және Хелен Хант

Авторлар жұптар арасындағы кикілжіңді балалық шақтың оқиғаларымен  байланыстырады және имаго-терапияның негізі – диалог құру әдісін ұсынады. Кітапта өзара байланыстың әдеттегі жолдарын біртіндеп өзгертуге көмектесетін жаттығулар бар.

Бақытты некенің 7 принципі» – Джон Готтман

Ұзақ жылдар бойы отбасылық жұптарды зерттеу нәтижесіне сүйенген еңбек. Джон Готтман қарым-қатынастағы тұрақтылыққа әсер ететін негізгі факторларды бөліп көрсетеді және эмоционалды интеллек рөліне баса мән береді.

«Махаббаттың 5 тілі» – Гэри Чепмен

Гэри Чепмен махаббатты білдірудің бес тәсілін сипаттап, жұптар неліктен бірінің біріне деген көңілін неге сезінбейтінін түсіндіреді. Кітап коммуникацияны жақсартуға көмектесетін қарапайым модель ұсынады.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз