Өнімділікті арттыруға арналған пайдалы қосымшалар: тапсырма жоспарлағыштары, әдет трекерлері және әлеуметтік желілерді бұғаттайтын сервистер
Күнделікті тапсырмаларды реттеп отыру, пайдалы әдеттерді тұрақты қалыптастыру және әлеуметтік желілерде уақытыңызды босқа өткізбеу оңай емес. Бұл үшін түрлі қосымшалар бар, әрі олардың барлығы бірдей ақылы немесе күрделі баптауды қажет етпейді. Youth.kz оқу, жұмыс және күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін бірнеше сервисті ұсынады.
Microsoft To Do
Microsoft To Do – ең қарапайым әрі қолдануға ыңғайлы тапсырма жоспарлағыштарының бірі. Қосымшада істер тізімін құруға, орындау мерзімін белгілеуге, еске салғыштарды орнатуға және үлкен тапсырмаларды бірнеше шағын кезеңге бөлуге болады.
«Менің күнім» функциясы күн сайын өзекті тапсырмалар тізімін жасап, дәл сол сәтте орындалуы тиіс жұмыстарға назар аударуға көмектеседі. Қосымша смартфон мен компьютер арасында синхрондалады, сондықтан тапсырмалар тізімі әрдайым қолжетімді болады.
Платформалар: Android, iOS, Windows, Web
Бағасы: тегін
Loop Habit Tracker
Loop Habit Tracker – пайдалы әдеттерді қалыптастыру мен бақылауға арналған қосымша. Оның көмегімен жаттығу жасау, кітап оқу, шет тілін үйрену немесе күнделікті серуендеу сияқты әрекеттердің орындалуын белгілеп отыруға болады.
Қосымша статистиканы көрсетіп, жоспарды қаншалықты тұрақты ұстанып жүргеніңізді бақылауға мүмкіндік береді. Интерфейсі қарапайым, ал негізгі функцияларының барлығы орнатқаннан кейін бірден қолжетімді.
Платформасы: Android
Бағасы: тегін
BlockSite
BlockSite – жұмыс немесе оқу кезінде назарды бөлетін сайттар мен қосымшаларға қолжетімділікті шектеуге арналған сервис.
Пайдаланушы өзі бұғаттағысы келетін сайттар мен қосымшаларды таңдап, олардың жұмыс уақытын баптай алады. Мысалы, жұмыс кезінде немесе емтиханға дайындық барысында әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуға болады.
Әрине, бұл қосымша зейінді арттыру мәселесін толық шешпейді. Дегенмен ойын-сауық контентіне жиі алаңдайтын адамдар үшін тиімді көмекші құрал бола алады.
Платформалар: Android, iOS, Chrome, Firefox
Бағасы: тегін нұсқасы бар
Todoist
Todoist – қарапайым тапсырмалар тізімінен гөрі кең мүмкіндіктер қажет пайдаланушыларға жиі ұсынылатын сервис.
Мұнда тапсырмаларды жобалар топтастыруға, белгілер мен сүзгілерді қолдануға, ортақ тізімдер жасауға және орындалу барысын бақылауға болады. Сонымен қатар саяхат жоспарлау, контент-жоспар жүргізу және басқа да түрлі мақсаттарға арналған дайын үлгілер ұсынылған.
Интерфейсі ыңғайлы болғанымен, барлық мүмкіндіктерін толық меңгеруге біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Дегенмен тегін нұсқасының негізгі функциялары көпшілік қолданушылардың жеке қажеттілігіне толық жеткілікті.
Платформалар: Android, iOS, Windows, macOS, Web
Бағасы: негізгі нұсқасы тегін
Notion
Notion-ды бір ғана санатқа жатқызу қиын. Оны жазбалар жүргізуге, тапсырмаларды жоспарлауға, дерекқор жасауға және жобаларды басқаруға арналған әмбебап сервис ретінде қолдануға болады.
Бір кеңістікте құжаттарды сақтап, істер тізімін жүргізуге, жеке жазбалар жасауға және жұмыс процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Notion әсіресе студенттер, фрилансерлер және әртүрлі бағыттағы ақпаратты бір жерде жинақтап басқарғысы келетін мамандар арасында кеңінен танымал.
Платформалар: Android, iOS, Windows, macOS, Web
Бағасы: тегін тарифі бар.
Notion
Notion сложно отнести к какой-то одной категории. Его используют как сервис для заметок, планировщик задач, базу данных и инструмент для ведения проектов.
В одном пространстве можно хранить документы, составлять списки дел, вести личные заметки и организовывать рабочие процессы.
Notion особенно популярен среди студентов, фрилансеров и специалистов, которым важно собирать информацию из разных сфер в одном месте.
Платформы: Android, iOS, Windows, macOS, Web
Цена: есть бесплатный тариф