Мотивациялық хат: жастар жіберетін қателіктер және оны дұрыс жазудың жолы

Грантқа, шетелдік бағдарламаға, практикаға немесе алғашқы жұмысқа өтініш бергенде мотивациялық хат көпшілік үшін жай ғана «қажет құжат» болып көрінеді. Бірақ іріктеу кезінде дәл осы хат сізді жүздеген үміткердің ішінен ерекшелеуі мүмкін. Мәселе – оны қалай жазуда.

Мотивациялық хат – бұл сенің өз даусыңмен сөйлейтін құжат

Ол бағалар мен дипломдардан бөлек, сен кімсің, неге дәл осы мүмкіндік саған керек және қандай мақсатың бар екенін көрсетеді. Кей жағдайда мықты мотивациялық хат орташа резюмеден де күшті әсер қалдырады.

Мотивациялық хат – резюме емес, сенің мақсатың мен бағытың

Мотивациялық хатта үміткер өз бағаларынан бөлек қалай ойлайтынын, қандай мақсат қоятынын және дамуға қаншалықты дайын екенін көрсетеді. Бұл  қабылдау комиссиясы мен жұмыс берушілер үшін адамның ішкі мотивациясын, саналы таңдауын және болашаққа деген көзқарасын ең қысқа әрі түсінікті жолмен бағалауға мүмкіндік беретін құрал.

Жастар жиі жіберетін қателіктер

Іріктеу барысында жиі кездесетін қателіктердің бірі – шаблон мотивациялық хаттар. Бір мәтінді барлық жерге өзгеріссіз жіберу, клишелерді қолдану немесе жеке қасиеттерді дәлелсіз жазу үміткерді ерекшелендірмейді.
Дұрысы – әр мүмкіндікке хатты жеке бейімдеу: неге дәл осы орын қызықтырғанын айту, өз тәжірибеңді сонымен байланыстыру және жалпылама сөздердің орнына нақты мысал келтіру. Шынайы, өз сөзіңмен жазылған хат әрдайым сенімді әсер қалдырады.

Мұндай хаттар есте қалмайды.

Сапалы мотивациялық хат: бастау тәсілдері мен мысалдар

Сүйемелдеу хаты міндетті түрде сәлемдесуден басталуы керек – бұл жалпы қабылданған әрі стандартты формалдылық. Сәлемдесу форматы хат қай тілде жазылатынына байланысты өзгеруі мүмкін. Біз ең жиі қолданылатын бірнеше шаблонды тіркесті жинақтадық.

  • Dear Admission
  • «Құрметті Қабылдау Комиссиясы,»
  • «[Бағдарлама/Ұйым Атауы] таңдаулы комиссиясына,»
  • «Құрметті [Университет/Ұйым] қабылдау тобы,»

Бұл стиль ресми, қауіпсіз, ешқашан қате болмайды.

Мақсатты тезис арқылы бастау 

Мақсатыңды бірден анық көрсет. Комиссия мүшелері жүздеген мотивациялық хат оқиды, сондықтан әр үміткердің не үшін өтініш бергенін ұзақ түсінуге уақыты жоқ. Сол себепті өз мақсатыңды қысқа, нақты әрі түсінікті бір тезиспен жеткіз.

Бірден не үшін хат жазып отырғаныңды көрсету:

  • «Мен [Бағдарлама Атауы] бағдарламасына қатысуға қызығушылығымды білдіру үшін жазып отырмын, себебі цифрлы медиа саласындағы дағдыларымды дамытуға ұмтыламын»
  • «Мен журналистикадағы тәжірибемді [Бағдарлама Атауы] бағдарламасына артып, кәсіби құзыретімді жетілдіргім келеді»
  • «Медиа аналитикаға деген қызығушылығыммен [Бағдарлама Атауы] бағдарламасына өтініш білдіріп отырмын, бұл маған практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді»

Жеке немесе креативті «hook»

Бірінші сөйлемде тәжірибеңді немесе ерекше фактіңді қосу:

  • «Университет газеті үшін 15-ке жуық мақала жазған тәжірибем бар, сол арқылы өзімді [Бағдарлама Атауы] бағдарламасына қатысуға дайын сезінемін»
  • «Цифрлы дәуірде өскендіктен, медианы талдау және ақпаратты жеткізуге ерекше қызығушылыққа ие болдым, сондықтан [Бағдарлама Атауы] бағдарламасына өтініш беріп отырмын»
  • «Медиа саласында тәжірибе жинау арқылы аналитикалық қабілеттерімді дамытуға ынталымын, сол себепті [Бағдарлама Атауы] бағдарламасына қатысқым келеді»

Хатта тек оқу/жұмысқа «қызығуымды білдіремін» деп жазба, қандай нәтижеге қол жеткізгің келетінін жеткіз. 

Үзінді:

«Осы бағдарлама арқылы цифрлы медиа саласында аналитика дағдыларымды жетілдіріп, кейін Қазақстанда тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру жобаларын іске қосқым келеді»

Мұндай тұжырым мақсат пен бағытты айқын көрсетеді - оқырманға үміткердің неге ұмтылатыны түсінікті болады.

Неге мотивациялық хат маңызды?

Бүгінде қазақстандық жастар:

  • Халықаралық білім бағдарламаларына
  • Академиялық мобильділікке
  • Алғашқы жұмыс пен практикаға белсенді өтініш береді.
  • Мотивациялық хат – осы мүмкіндіктерге апаратын алғашқы сүзгі. Қысқа, сауатты, сенімді түрде өзіңді таныстыру мүмкіндігі.

Сіз өз хатыңызды тексердіңіз бе? 

  • Мақсаттарыңызды нақты жаздыңыз ба?
  • Хат резюмеңізді толықтырады ма?
  • Ерекше дағдылар мен тәжірибеңіз көрініп тұр ма?
  • Хат қысқа әрі түсінікті ме?
  • Стильі ресми, бірақ сенімді ме?
Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз