МИСК Human Rights Festival-ге шақырады

10 желтоқсан күні бүкіл әлемде маңызды мереке — Адам құқықтары күні аталып өтеді.

10 желтоқсан күні бүкіл әлемде маңызды мереке — Адам құқықтары күні аталып өтеді. Біз жыл қорытындысын шығарып, пікір алмасу, жаңа түсініктерді талқылау, бір-бірімізбен кездесіп, қолдау көрсету, бірге күліп, дәмді кешкі ас ішу үшін дәстүрлі Human Rights Fest мерекесіне жиналамыз.

Негізгі мереке дәстүрге сай Human Rights Bar — адам құқықтары ең жоғарғы құндылық саналатын қауіпсіз орын – шарасы болады. Оған қоса, әртүрлі форматтағы бірнеше шаралар дайындадық.  

Сонымен, біздің бағдарламамыз!

7 желтоқсан, сенбі


14:00 - 15:00 | Мастер-класс: Тұрғын үй иелену құқығы және жас адам үшін оны сатып алу тәсілдері

Спикер: Имран Османов, Head of sales Krisha.kz

Тілі: орыс


Биыл әлем бойынша жастар тұрғын үй бағасының қолжетімсіздігі мәселесін көтерді. Krisha.kz сарапшысы жас азаматтарға үй иелену стратегиясын құруға көмектесетін құралдар мен бағдарламалар туралы айтып береді.


15:00 - 16:00 | Мастер-класс: Еңбек құқығы және оны жұмыс орнында қорғау

Спикер: Әлия Сағынғалиева, New Yorker Kazakhstan HR-менеджері, заңгер

Тілі: орыс

Жас мамандар үшін еңбек құқығы бойынша білім алу мәселесі әрдайым өзекті. Бұл мастер-класста еңбек нарығына алғаш қадам басқанда тұлғаның қандай құқықтары мен міндеттері барын, шарт түрлерін және жұмыс берушімен дұрыс қарым-қатынас орнату тәсілдерін талқылаймыз.

8 желтоқсан, жексенбі


14:00 - 16:00 | Өзін-өзі қорғау және қауіпсіздік бойынша мастер-класс
Тренер: Рүстем Рахимжанов, өзін-өзі қорғау курсының негізін қалаушы.

Тілі: орыс


Биылғы жылдың басты тақырыптарының бірі — отбасылық және жалпы зорлық-зомбылық мәдеиетіне қарсы тұру. Бұл мастер-класста физикалық шабуылға, соның ішінде отбасылық зорлық-зомбылыққа қалай төтеп беру керектігін үйренеміз. Қатысушылардан ыңғайлы киім мен аяқ киім алып келуді сұраймыз.


18:00 - 20:00 | "Менің құқығым бар" театрлық ойыны

Режиссер: Ольга Малышева, драматург, продюсер

Тілі: орыс


Бұл ойынға қатысушылардың өздері басты рөлде болады. Модератордың жетекшілігімен сіз жеке оқиғалар мен мән-мағынаға толы қимылдар арқылы театрдың бір бөлігіне айналасыз. Бұл формат жеке тәжірибе арқылы адам құқықтарына терең көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.

9 желтоқсан, дүйсенбі


17:00 - 19:00 | Өзін-өзі қорғау және қауіпсіздік бойынша мастер-класс
Тренер: Мария Макаревич, бокстан және кикбоксингтен спорт шебері

Тілі: орыс


Өзін-өзі қорғау бойынша мастер-классты қайталаймыз: кейбіреулерге өзін-өзін қорғау әйел адамның жетекшілігінде үйрену қолайлы болуы мүмкін. Ыңғайлы киім мен ауыстыратын аяқ киім киюді ұмытпаңыз.


19:00 - 21:00 | «Сенің Таңдауың» интерактивті театрлық ойыны 

Режиссер: Катя Дзвоник, режиссер, актриса, «Действие буквально» инклюзивті театры зертханасының кураторы

Тілі: орыс

Бұл әрбір көрермен актерге айнала алатын театрлық тәжірибені иемдену үшін керемет мүмкіндік. Адам құқықтары мәселелерін интерактивті түрде зерттей отырып, өзіңізді шешім қабылдауды талап ететін шынайы конфликттер мен дилеммалар эпицентрінде тауып аласыз.

10 желтоқсан, сейсенбі


18:30 - 23:00 | Human Rights Bar

Тілідері: қазақ және орыс 


Human Rights Fest-тің басты шарасы: адам құқықтарын мерекелейтін бейресми кеш. Әдемі киініп, мейірімді және әзіл мен күлкіге дайын болып келіңіздер. 


Бағдарламада:

  • Welcome drink және тағамдар
  • Құқық қорғаушы Евгений Жовтиспен жылды қорытындылау
  • Стендаптар, арт-перформанс және инсталляциялар
  • Кешкі ас, тамақ және сусындар
  • Қатысу үшін профильдегі сілтеме арқылы алдын ала тіркелу қажет.


Іс-шара өтетін орын тіркелуден кейін хабарланады.

Орындар шектеулі, бірақ барынша көбірек адамды шақыруға тырысамыз!

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз