«Кинодан қатты байып кетпейсіңдер»: кастинг-директор Дастан Қасымшал – жас актерлер мен индустрия шындығы туралы
Жастар қазақстандық жобаларда жиі көріне бастады. Бірақ киноға деген қызығушылықпен қатар түрлі иллюзиялар да көбейіп келеді. Байланыс керек пе, актерлік білімсіз жол ашыла ма және тек түсірілімнен табыс табу қаншалықты мүмкін? Осы және өзге де сұрақтарға Youth.kz тілшісіне кастинг-директор әрі актер Дастан Қасымшал жауап берді.
– Қазіргі таңда Қазақстанда жас актерлерге сұраныс қаншалықты жоғары?
– Иә өте өте сұраныста жас актер актрисалар.
– Бүгінде кастинг-директорлар көбіне қандай актерлермен жұмыс істегенді жөн көреді – кәсіби мамандармен бе, әлде «жаңа есімдермен» бе?
– Әрине актер мамандығын бітірген актерлармен көп жағдайда,бірақ жаңа есімдер шығару өзіме ұнайды.
– Жастар киноға байланыстарсыз және таныстарсыз түсе ала ма?
– Менің жобаларымда таныс байланыстар жоқ.
– Сіз актерлерді көбіне кастинг арқылы емес, кездейсоқ табасыз ба? Мысалы, әлеуметтік желілер арқылы.
– Менің істеген жобаларымда Кез келген актер Кастинг арқылы өтеді рөлге,әлеуметтік желі арқылыда кей кезде іздеп қалатынымызды дп жасырмаймын.
– Қазіргі таңда актер үшін ең маңызды қасиеттер қандай: сырт келбет, харизма, тәртіп, техника?
– Профессионализм.
– Бүгінде актерлік білім қаншалықты бағаланады? Онсыз актер болу мүмкін бе?
– Актерлық білімсізде түсіп жүр ғой көп қыз,жігіттер,бірақ сол актерлық шеберлігін ары қарай дамытпаса сол 1-2 рөлмен қалып кетеді.
– Жас актерлер кино әлемі туралы сізге көбіне қандай жалған түсініктермен келеді?
– Өте көп. Қазіргі таңда, мысалы, тек киноға түсу арқылы отбасыңды асырай алмайсың – бұл ащы шындық.
– Алғашқы кезеңде қандай гонорарға үміттенуге болады?
– Әр түрлі.
– Кино саласындағы жолды неден бастаған дұрыс: массовкадан, қысқаметражды фильмдерден, әлеуметтік желілерден, әлде театр студиясынан ба?
– Массовкада жүріпте өзін көрсетуге болады.
– Қазір ғана актер болуды армандап жүрген жастарға қандай кеңес берер едіңіз?
– Бұл жерде қатты байып кетпейсіңдер.