Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ) Адам құқықтары мектебі аясындағы кіріспе семинарларға тіркелу басталғанын хабарлайды
Семинар туралы
Адам құқықтары – әр адамның қадір-қасиетін, еркіндігін және теңдігін қорғауға негізделген әмбебап құндылықтар. Бірақ өз құқықтарымызды қаншалықты жақсы білеміз? Олар қалай қалыптасты және күнделікті өмірде оларды қалай қорғай аламыз?
Кіріспе семинар барысында қатысушылар:
- адам құқықтарының мәні мен негізгі қағидаттарымен танысады;
- адам құқықтарының пайда болуы мен даму тарихын біледі;
- өз құқықтарын қорғаудың негізгі тетіктері туралы ақпарат алады;
- нақты мысалдар мен жағдайларды талқылайды;
- тәжірибелі құқық қорғаушымен кездесіп, адам құқықтарын іс жүзінде
- қорғау тәжірибесімен танысады.
Семинар тек теориялық білім берумен шектелмейді. Қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасып, адам құқықтарын қорғауда кездесетін нақты жағдайларды талқылауға мүмкіндік алады.
Біз кімді күтеміз?
Семинарға 14 пен 25 жас аралығындағы жастарды шақырамыз.
Егер сіз жаңа білім мен тәжірибеге қызығушылық танытсаңыз, адам құқықтары туралы көбірек білгіңіз келсе және әр адамның қадір-қасиеті мен құндылығын маңызды деп санасаңыз – бұл семинар сізге арналған.
Қатысу шарттары
- Қатысу тегін
- Тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdG3pMzsCaBo4DXZSmuNdr
a6KMKD8JA972TeB58vi1EVgiwiw/viewform - Семинар ұзақтығы: 4 сағат
- Форматы: оффлайн, жеке қатысу қажет
- Өткізу уақыты мен нақты орны: тіркелген қатысушыларға қосымша
хабарланады
Қатысушылар саны шектеулі: әр қаладағы семинарға тек 50 адам қатыса алады
Қатысушыларға шақырту ұялы телефон арқылы жіберіледі (WhatsApp), номерді қатесіз жазыңыз.