Қазақстандық тағылымдама бағдарламасына өтінім қабылдау
Қазақстандық тағылымдама бағдарламасы – Қазақстанның Жастар Ақпараттық Қызметі (МИСК) жүзеге асыратын жоба. Бұл бағдарлама Қазақстандағы құқық қорғау ұйымдарында, тәуелсіз медиада және әлеуметтік жауапты бизнес компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Тағылымдама барысында қатысушылар журналистер мен құқық қорғаушылар орындайтын нақты тапсырмалармен жұмыс істейді. Сонымен қатар ұйымдардың ішкі жұмыс үдерістерімен танысып, азаматтық қоғам секторының қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсінеді.
Тағылымдама аяқталғаннан кейін қатысушыны сол ұйымдағы қызметкер ретінде қарастыру мүмкіндігі бар.
Серіктестер: құқық қорғау ұйымдары, тәуелсіз медиа және әлеуметтік жауапты бизнес компаниялар. Ұйымдардың толық тізімі тіркелу формасында көрсетілген. Бұл тізім алдағы уақытта толықтырылып отырады.
Қатысу үшін не қажет?
- Қазақстан Республикасының 18–35 жас аралығындағы азаматы болу;
- Қазақстанның кез келген өңірінде тұру және қазақ және/немесе орыс тілінде сөйлей алу
- Қазақстандағы азаматтық қоғам саласында жұмыс істеуге қызығушылық таныту.
Іріктеу қалай өтеді?
1. Өтінім анкетасын конкурс талаптарына сәйкестігі бойынша қарау;
2. Үміткердің көрсеткен мәліметтерін растау үшін әңгімелесу өткізу.
Жоба қалай жүзеге асады?
Қатысушылар өздері таңдаған ұйымға тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Ұйымдастырушылар мен қабылдаушы ұйым тағылымдамадан өтушілердің жол жүру шығындарын, қала ішіндегі көлік шығындарын, күнделікті шығындарын немесе жалақы мен гонорар төлемейді. Тағылымдама екі тарап үшін де ақысыз түрде жүзеге асырылады.
Тағылымдама 1 аптадан 4 аптаға дейін созылады. Жұмыс кестесі қабылдаушы ұйыммен келісіліп анықталады: ол толықтай кеңседе, ішінара кеңседе немесе қашықтан (үйден немесе басқа қаладан) жұмыс істеу форматында болуы мүмкін.
Тағылымдамашыға арнайы бағдарлама ұсынылады, нақты жұмыс тапсырмалары беріледі және ұйым ішінде жетекші (куратор) тағайындалады.
Тағылымдама аяқталғаннан кейін үміткерді ұйымдағы қызметкер лауазымына қарастыру мүмкін. Дегенмен жұмысқа қабылдауға толық кепілдік жоқ. Сондықтан тағылымдама кезінде өзіңіздің кәсіби қабілеттеріңізді және жауапкершілігіңізді көрсету маңызды.
Жоба тәжірибесі көрсеткендей, тағылымдамадан өткен қатысушылардың кейбірі кейін сол ұйымдардың қызметкері атанады. Ал кейбірі жаңа бос орын ашылғанша волонтер немесе тағылымдамашы ретінде жұмысын жалғастырады.
Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 30 наурыз 2026 жыл
Жұмыстың басталу күні: 15 сәуір 2026 жыл
Бағдарлама 2026 жылдың 15 сәуірден 15 желтоқсанға дейін екі маусымда өтеді:
- көктем-жаз маусымы (сәуір–шілде)
- күз-қыс маусымы (қыркүйек–желтоқсан)
Тағылымдаманың нақты күндерін қабылдаушы ұйым белгілейді.
Өтінім беру үшін тіркеу формасын толтырыңыз.