Қазақ қалаларының аңыздары
Мистика мен қалалық аңыздарды ұнатасыз ба? Біз сізге қазақтың ең қызық, таңғажайып оқиғаларын ұсынамыз. Отыра қалғанда достарыңызды танғалдырғыңыз келсе – бұл материал сізге арналған.
Балқаш көлі туралы аңыз
Аңыз бойынша, Балқаш көлінің атауы байдың сұлу қызы Іле мен қарапайым Қараталдың махаббатынан туған. Әкесінің қарсылығына қарамастан, Іле сүйгенімен бірге қашып кетеді. Кейін екеуі өзен мен көлге айналған деген көркем миф бар. Осы оқиғадан Балқаш атауы шыққан деген нұсқа сақталған.
Балқашқа қалай жетуге болады?
Егер Алматыдан жүрсең, «Сайраннан» автобусқа отыруға болады. Пойызбен баратын болсан, «Балқаш» немесе «Сары-Шаған» станциясында түсесің. Ал көлікпен А355/А7 трассасымен шамамен 600 шақырым жүресің.
Қарағандыдан баратын жол – ең ыңғайлысы және жақыны. Пойыз 10-12 сағатта «Балқашқа» апарып тастайды.
Айша бибі кесенесі және махаббат хиқаясы (Тараз)
Тараз маңында орналасқан Айша бибі кесенесіне қатысты аңыз – қазақ фольклорындағы ең танымал махаббат аңыздарының бірі. Аңызда Айша бибі есімді ару сүйгеніне жету жолында өзеннен өте алмай, жолай кездескен жыланның шағуынан қаза табады. Оның адалдығы мен қайғылы тағдыры осы кесененің салынуына себеп болған деген сенім бар.
Айша бибіге қалай жетуге болады?
Алдымен Таразға жетіп алсаң болды. Кесене қала сыртында – шамамен 18 шақырым. Такси жалдап баруға болады. Егер өзің көлікпен жүрсең, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасымен Таразға дейін келесің, сосын көрсеткіштерге қарап Айша-Бибі жағына бұрыласың. Жол сұрап әуре болмайсың, бәрі көрсетілген.
Домалақ ана туралы аңыз (Түркістан)
Домалақ ана – есімі аңызға айналған, киелі аналардың бірі. Бір нұсқада оның атасы түсінде Қожа Ахмет Ясауидің аян бергенін көреді. Сол аянда қызға ерекше қасиет дарып, ол қолын ұстаған жанға бақыт тілейтін болады делінеді.
Тағы бір аңызда Домалақ ананың құдықтан су тарту кезінде құдыққа құлап кеткені, ал оны құтқарған Бәйдібек Қарашаұлы екені айтылады. Осы оқиға кейін киелі аңызға айналған.
Домалақ анаға қалай жетуге болады?
Ең алдымен, өзін тұратын жерден Шымкентке жету керек. Шымкентке жеткен соң, такси не рейстік автобуспен 100 км шамасында, Тұрбат арқылы немесе Қаратау таулары бойымен жүріп, Ақбастау ауылына жетесің.
Егер өз көлігіңмен шықсаң, Шымкенттен солтүстік-шығысқа, Ленгер арқылы немесе Р-33 тас жолымен Бәйдібек ауданына, Ақбастау ауылын бағыт етіп жүрсең болады.
Кесене керемет жерде – Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.
Атбасар – ат аялдаған жер
Атбасар – Ақмола облысындағы аудан орталығы, Жабай өзенінің бойында орналасқан.
Атаудың шығуы Асан Қайғымен байланысты. Аңыз бойынша, ол Жерұйықты іздеп жүріп, осы өңірге келеді. Жабай өзеніне жеткенде: «Ат аялдататын жер екен» деген екен.
Содан бері бұл мекен Атбасар аталып кеткен. Кейін бұл жерде үлкен ат базары құрылып, қала атауы халық жадында сақталып қалды.
Атбасарға қалай баруға болады?
Атбасарға Астанадан бару өте оңай, шамамен 260 км ғана.
Электричка №803А/804А күн сайын жүреді. Жолға шамамен 4 сағат кетеді. Билет құны 3 371 ₸ бастап. M-36 трассасымен көлікпен 3-3,5 сағатта жетуге болады.
Мың жылқы аңызы
Ертеде Сары-Тоғым даласынан көшкен бір қазақ ауылы жазда Долансай жайлауына қоныстанған екен. Соның арқасында мың жылқысы бар табын альпілік шалғында еркін жайылды.
Бір күні қатты жер сілкінісі болады. Таудан тастар құлап, жер теңселеді. Ауыл адамдары қорқып, ал жылқылар үркіп, шатқалға қарай қашады. Сол сәтте тау жартасы опырылып, алып тас төмен құлап, мың жылқы мен бір бақташыны басып қалады.
Содан бері Медеу шатқалының жоғарғы бөлігі «Мыңжылқы» деп аталады.
Мыңжылқыға қалай жетуге болады?
Алматыдағы «Мыңжылқы» аймағына (кіші Алматы шатқалы) жету үшін алдымен Медеуге барып, одан Шымбұлаққа көтерілу керек.
Шымбұлақтан «Тұйықсу» мұздығына қарай жаяу жүргіншілер жолымен (шамамен 2-3 сағат) «Мыңжылқы» жайлауына дейін жоғары қарай көтерілесіз. Бұл жерге жетудің негізгі жолы – жаяу серуендеу.