Gap Year – уақытты босқа өткізу ме, әлде болашаққа салынған инвестиция ма?

Gap Year не үшін керек ? Ол қалай өз жолыңды табуға көмектесу мүмкін?

Мектеп бітірген соң көпшілік: «ЖОО-ға түсу керек» деген сөздерді естиді. Бірақ 16–18 жаста бүкіл өміріңе әсер ететін шешімді қабылдау оңай емес. Бүгіндікке көптеген жасөспірімдер Gap Year – университет дейінгі бір жылдық үзілісті таңдайды. Олар бұл уақытты өздерін тануға, жұмыс істеп көруге немесе саяхаттауға жұмсай алады. Сонда Gap Year не үшін керек ? Ол қалай өз жолыңды табуға көмектесу мүмкін? Және бұл Қазақстанда қаншалықты болу мүмкін?

Gap Year деген не?

Gap Year – мектеп түлектерінің университетке түсер алдында алатын бір жылдық үзілісі. Мұндай үзілісті алудың себептері әртүрлі болуы мүмкін: мамандық таңдаудағы сенімсіздік, қызықтырған салада тәжірибе жинау және т.б. Бірақ мақсат бір – оқу бағытын, ал кейде болашақ мансабын саналы әрі жауапкершілікпен таңдау.

Gap Year-ды кім ойлап тапты? 

Бұл жаңа құбылыс сияқты көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде шетел студенттері үшін бұл бұрыннан қалыптасқан тәжірибе. Gap Year тарихы XVII ғасырдағы Ұлыбританиядан басталды. Ол кезде тек аристократтардың балалары ғана білім алмас бұрын шетелге саяхаттап, тілдерін жетілдіріп, тарихи және өнер ескерткіштерін тамашалай алатын. Кейін, 1970-жылдары Ұлыбританияда GAP activity projects (қазір - Latitude Global Volunteering) ұйымы құрылды. Ол мектеп бітірген, бірақ әлі университетке түспеген түлектер үшін қауіпсіз әрі пайдалы волонтерлік жобаларды іске асырды. Бұдан кейін студенттерге Gap Year алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар АҚШ-та және басқа елдерде де пайда болды.

Gap Year-дың артықшылықтары мен тәуекелдері

College Finance зерттеуі көрсеткендей, 2020 жылығы 1000 түлектердің ішінде 78%-ы Gap Year оларға өмірде немен айналысу керегін анықтауға тікелей көмектескенін айтты. Ал жұмысқа қабылдайтын менеджерлердің 67%-ы Gap Year студент үшін тиімді шешім екенін мойындады. Дегенмен, егер студент бұл жылы ештеңемен айналыспаса, бұл түйіндемесіне кері әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, GYA (Gap Year Association) деректері бойынша, жастардың 90%-ы академиялық үзілістен кейін оқуға қайта оралады. Алайда, АҚШ-тың Ұлттық статистика зерттеу орталығы жүргізген National Postsecondary Student Aid Study деректері бойынша, Gap Year алған студенттер бакалавриатты екі есе сирек аяқтайды. Бұл тек оқу қарқынын жоғалтумен ғана емес, сонымен қатар жоғары білімсіз-ақ жұмысын жалғастыру туралы шешіммен де байланысты болуы мүмкін.

Қазақстанда жағдай қандай? 

18 жастағы Амалия Gap Year алу себебін былай түсіндіреді. Ол нақты қайда және қалай түскісі келетінін шешуде қиналып жүрген:

«Қайда құжат тапсыратынымды және не істейтінімді білмедім, сондықтан көп дедлайндарға үлгермедім. Ақырында, үзіліс алып, дайындалып, бағытымды анықтап, келесі жылы құжат тапсыруды ұйғардым», – дейді ол.

Бұл оның жеке таңдауы болғанымен, анасы бастапқыда мұны сынға алып, gap year-ды «өмірден қалып қою» деп қабылдады. Тек ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерден кейін шешімін қабылдады.

«Анам басында қатты қарсы болды, бір жылымды босқа жоғалтамын деп айтты», – дейді Амалия.

Қазір ол таңдауына риза және бұл жылды жаңа мүмкіндіктер мен саналы оқу бастауына арнамақ:

«Gap Year алғаныма өте қуаныштымын. Өз жоспарларымды орындауға көп уақытым пайда болды. Түрлі саланы байқап көруді, сәл жұмыс істеп, өзіме ұнайтын істермен айналысуды жоспарлап отырмын», – дейді ол.

Түлектер Gap Year-ды тек мамандық таңдамағандықтан ғана емес, денсаулық, отбасылық жағдай, ата-анасына көмектесу немесе ақша жинау секілді толыққанды оқуға мүмкіндік бермейтін себептерге байланысты да алады.

Мысалы, Назарбаев университетінің студенті Азамат (аты өзгертілген) былай дейді:

«Денсаулығыма байланысты Gap Year алдым. Бір жарым ай сабақтан қалдым да, үлгермеймін деп шештім. Демалып, қалпыма келгім келді».

Ол бұл шешіміне риза, өйткені Gap Year оған университеттен демалуға, туған қаласынан көшуге және толық қалпына келуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл кезеңде ол бірнеше кәсіпорында жұмыс істеп, бағалы тәжірибе жинады.

Қазақстанда мұндай формат тек соңғы жылдары танымал болып келеді, және жастар оны көбірек қолданып жүр. Gap Year – өз өмірің үшін жауапкершілік алып, түрлі саланы сынап көруге, не ұнайтынын түсінуге, сондай-ақ мектеп пен университет арасындағы үзілісте демалуға мүмкіндік береді.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз