Қазақстанда шетелдік ЖОО-ларға түсуге арналған жаңа тест енгізіледі
Қазақстанда 2027 жылдан бастап ҰБТ-ға балама ретінде пилоттық режимде Admission Insight Test атты жаңа тесті енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Жаңа емтихан ETS компаниясымен бірлесіп әзірленуде. Компания делегациясы жақында Астанаға келіп, шетелдік университеттердің филиалдарында алғашқы кездесулер өткізді.
«Жаңа тесттің артықшылығы – оның нәтижелерін шетелдік университеттердің барлық филиалдары қабылдайды. Себебі – бұл ETS, яғни жоғары сапа стандарты. Олардың тесті автоматты түрде қабылдау рәсімдерінде мойындалады. Шетелдік университеттер де оны қабылдайды», – деді Саясат Нұрбек.
Ғылым министрлігінің мәліметінше, жобаны іске қосу биыл пилоттық режимде жекелеген өңірлерде жоспарланып отыр, ал толық енгізу 2027 жылға қарай жүзеге асады.
«Біз оны тамыз айында қарқынды түрде іске қосамыз, ал толық көшу 2027 жылы іске асырылады. Әзірге ол ҰБТ-мен қатар жүргізіледі», – деді министр.
Жаңа тестті әзірлеуге шамамен 3 миллион доллар жұмсалған. Министрдің айтуынша, қосымша қаржыландыру жыл сайын шамамен 1,5 млрд теңге табыс табатын Ұлттық тестілеу орталығының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.