Тоқаев пен Әлиев орыс тілінде сөйлеуден бас тартты ма?

24 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми іссапармен барғаннан кейін түрлі медиада президенттер орыс тілінде сөйлеуден бас тартты деген ақпарат тарады. Ақпарат авторлары Тоқаев пен Әлиев өз ана тілінде сөйлейтін 50-секундты видеоға сілтеме жасайды. Бұл видео рас болса да, ақпарат – толықтай жалған провокация. Бұны қалай анықтауға болады?

Біріншіден, ресми сайттарға жарияланған толық видеорепортаждарды қараңыз. Жоғарыда келтірілген фейкте авторлар президент кездесулерінің бір үзіндісін ғана көрсеткен. Бірақ Khabar News және Atameken Business ресми телеарналары жариялаған толық жаңалық видеоларында Алиев пен Тоқаевтың өзара орыс тілінде сөйлескенін көруге болады.

Сонымен қатар, google-дың кеңейтілген іздеу жүйесі арқылы видео немесе фото туралы нақты ақпарат көре аласыз. Ең бастысы, сыни ойлауды ұмытпаңыз. Сыни ойлау дегеніміз – әрбір ақпаратқа күмәнмен қарап, басқа дереккөздерден қарап, салыстырып қарай алуыңыз.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»