«Миранда» ережесі: өз құқығымызды білеміз бе?
«Миранда ережесі» – құқықтық термин, 1966 жылы АҚШ-та пайда болға. Ол осы ұғымның туындауына тікелей себепкер Эрнесто Миранданың есімімен байланысты. Айыпталушы өз құқығы туралы ескертілуі тиіс екенін растайтын қағиданың маңызы туралы Youth.kz таратып көрді.
Адам құқықтарын қорғаудың айшықты қағидасы саналатын, көптеген елдерде заңнамалық нормаға айналған ереже туралы аз-кем.
«Миранда қағидасының» тарихы
АҚШ, 1966 жыл. Аризона штатының тұрғыны Эрнесто Миринда адам тонау және зорлау ісі бойынша күдікті деп танылып, қамауға алынады. Оған азамат ретіндегі құқықтары бірден ескертілмейді әрі адвокатын қатыстырмастан күдіктіден жауап алынады.
Миранда күдікті ретінде қылмысты мойындайды. Осылайша Миранданың өз-өзіне қарсы куәлік етпеу құқығы бұзылады. Яғни, ұсталған сәтте құқықтары түсіндірілмеген адамнан тергеу кезінде алынған жауап немесе ақпарат “айғақ” болып саналмауы ықтимал.
Әсіресе Голливуд фильмдерінен: «үндемеуге құқыңыз бар. Айтқан сөзіңіз сотта сізге қарсы пайдаланылады» деген сөздерді естуіміздің мәні осында.
Ал, Эрнесто Мирандаға қатысты іс АҚШ-тың Жоғарғы сотына жеткен. Жоғарғы сот өз кезегінде Миранданың құқығы бұзылған деп табады. 1970 ж.ж. бастап көптеген елдерде «Миранда ережесі» секілді қағида заңдастырылған болатын.
Қазақстандағы заңнама талабы
Ал, Қазақстанда бұл ереже 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген қылмыстық-процессуалдық кодекске қарастырылған болатын.
Аталған Кодекстің 131 бабы – «Қылмыс жасады деген күдікті тұлғаны процессуалдық ұстау тәртібі» деп аталады.
Оның 1-тармағында осы ереже жазылған:
«Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді».
Енді дәл осы бап, 2026 жылы 15 наурыз күні қабылданған Қазастанның жаңа Конститциясының 18-бабының 3-ші және 4-ші тармағында да бекітілді.
Оған сәйкес:
«3. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері және оның құқықтары түсіндіріледі.
4. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар», – делінген.
Осылайша, Қазақстан Үкіметі «Миранда ережесін» Конституцияда бекіту арқылы жауапты органдардың күдіктіге айыбын мәжбүрлі түрде мойындату ықтималдығын төмендетуге талпынып отыр.