Қазақстандағы бала құқықтары туралы нені білу қажет?
Қазақстанда бала құқықтары заңмен бекітілген және заңда– отбасы, білім алудан бастап зорлық-зомбылықтан қорғауға дейінгі ең негізгі мәслелер қамтиды. Ал осы құқықтардың сақталуына мемлекет қана емес, ата-аналар мен қоғам да жауапты. Youth.kz бала құқықтары мен оны бұзған жағдайдағы әрекет ету алгоритмдері туралы баяндайды.
Баланың негізгі құқықтары
Қазақстан заңына сәйкес, жасы 18-ге толмаған адам бала деп танылады. Бұл норма осы елдегі балаларға қолданылады. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда өмірдің барлық салаларын қамтитын негізгі кепілдіктер бекітілген.
Өмір сүру және даму құқығы
Әрбір бала туылғаннан бастап өмір сүруге, аты, тегі, ұлты, азаматтығы болуына құқылы. Мемлеке оның физикалық, интеллектуалды және рухани дамуына жағдай жасауға міндетті.
Отбасына құқығы
Бала отбасында тәрбиеленіп, өз ата-анасын білуге және олардың қамқорлығын алуға құқылы. Егер ол мүмкін болмаса, мемлекет баланы орналастырудың балама жолдарын – қорғаншылық, патронат немесе отбасының асырап алуын қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау құқығы
Мемлекет балаларға денсаулық сақтау мен тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
Білім алу құқығы
Мемлекет әрбiр баланың бiлiм алуына кепiлдiк бередi, ал ата-аналары баласының орта білім алуына жағдай жасауға міндетті.
Қорғалу құқығы
Бала өзінің құқықтары мен заңда көрсетілген мүдделерінің қорғалуына құқылы. Оны ата-анасы, мемлекеттік органдар мен соттар қамтамасыз етуге міндетті.
Мүлікке құқығы
Балалар ата-анасының қамқорлығында болуға және мүлік пен тұрғын үйлі болуға құқылы.
Бала құқықтарын кім қорғайды?
Бала құқын қорғау жүйесі бірнеше деңгейді қамтиды. Олар — ата-анасы немесе заңды өкілдерң, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, сот пен прокуратура.
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлін ерекше атауға болады. Одан бала құқын қорғау мәселелері бойынша жүгінуге және кеңес алуға болады.
Заңға сәйкес, жынысы, шығу тегі, денсаулық жағдайы немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық балалардың құқығы тең.
Бала құқығы қандай жағдайда бұзылады және қалай әрекет ету керек?
Баланың қауіпсіздігіне, денсаулығына немесе дамуына қауіп төндіретін кез келген әрекет немесе бейәрекет заң бұзу болып саналады. Оны дер кезінде әшкерелеп қана қоймай, заң орындарына жүгінуде дұрыс әрекет ету маңызды.
Отбасында
Физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық, күтім көрсетпеу, тамақтандырмау, емдемеу және қараусыз қалдыру.
Қалай әрекет ету керек:
Тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарына (жеке өзі немесе eGov порталы арқылы) шағым жіберіледі. Өмірге қауіп төнсе полицияға (102) хабарласу қажет. Сондай-ақ, 8 (7172) 74-67-57 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіліне жүгінуге болады.
Мектепте және білім беру саласында
Буллинг, педагогтар тарапынан қысым көрсету, оқуға қабылдаудан негізсіз бас тарту.
Әрекет ету алгоритмі:
Алдымен – мектеп директорының атына жазбаша өтініш беру керек. Егер мәселе шешілмесе, аудандық немесе қалалық білім бөліміне шағым түсіріледі.
Бұл деңгейде қарау мерзімі – 15 жұмыс күні. Егер одан нәтиже болмаған жағдайда прокуратураға немесе сотқа жүгінген жөн.
Қоғамда және онлайн ортада
Кибербуллинг, қудалау, қауіпті контент түсіруге тарту, дербес деректерді тарату.
Әрекет ету алгоритмі:
Полицияға шағымдану (онлайн) және «111» байланыс орталығы арқылы шағым түсіруге болады. Шағымға скриншот, сілтеме және өзге де цифрлық дәлелдерді қосқан жөн.
Ересектер мен ұйымдар тарапынан
Еңбекті қанау, заңға қайшы әрекеттерге тарту, лауазымды тұлғалардың өкілеттігін асыра пайдалану.
Әрекет ету алгоритмі:
Полицияға немесе прокуратураға шағым түсіріледі. Қажет болған жағдайда балалар омбудсменіне қосымша жүгінуге болады.
Медициналық және әлеуметтік салада
Медициналық көмек көрсетуден бас тарту, жәрдемақы алу немесе әлеуметтік қолдау құқығының бұзылуы.
Әрекет ету алгоритмі:
Алдымен – ұйымның басшылығына (аурухана, әлеуметтік қызмет), мәселе шешілмесе тиісті басқармаларға (денсаулық сақтау немесе әлеуметтік қорғау) шағымдану қажет.
Шағымды қарау мерзімі – 15 жұмыс күні, мәселе шешілмесе прокуратура немесе сотқа жүгіну қажет.
Шағым қалай жолдануы керек:
Өтініште міндетті түрде мына мәліметтер болуы тиіс:
- Жүгінген адамның аты-жөні, байланыс деректері;
- Бала туралы мәліметтер;
- Құқық бұзушылық туралы қысқаша және нақты фактілермен мәлімет;
- Оқиға болған орны мен уақыты;
- Дәлелдер болған жағдайда - фото, видео, құжаттар түрінде қосу.
- Өтінішті e-Otinish порталы арқылы немесе жазбаша жолдауға болады.
Көп жағдайда алдымен сотқа дейінгі тәртіп қолданылады – бұл ұйымға немесе тиісті органға жүгіну. Бұл 15 жұмыс күніне дейін уақыт алады және мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді.
Егер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдай болса, бірден полицияға (102) немесе «111» нөміріне хабарласу қажет.