Дүниежүзілік тазалық күні: ескі киімді қайда тапсыруға болады?

Қыркүйектің үшінші аптасында  әлемнің көптеген елінде Дүниежүзілік тазалық күні аталып өтеді. Негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру. Алайда, тазалық тек көшені немесе ауланы жинаумен шектелмейді. Үйде жиналып қалған ескі киімдерді дұрыс жерге өткізу де қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға көмектеседі.

Ескі киімді қоқысқа тастамай, қайда өткізуге болады?

Қазақстанда киім қабылдайтын және оны қайта пайдалануға немесе қайта өңдеуге бағыттайтын жобалар бар. Соның бірі – Астанада жұмыс істейтін LikeKomek әлеуметтік жобасы.

Астана әкімдігінің мәліметінше, қалада LikeKomek-тің 170-ке жуық киім қабылдау пункті бар. Жоба іске қосылғалы бері 1,3 млн килограмнан астам тоқыма бұйымы жиналған. Олардың қатарында киім, аяқ киім және ойыншықтар бар.

  • Астана  LikeKomek бокстарының мекен-жайы:
  • Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 26
  • Кенесары көшесі, 25
  • Тұран даңғылы, 37
  • Мақсұт Нарикбаев көшесі, 10
  • Кенесары көшесі, 4
  • Ғабит Мүсірепов көшесі, 4/1
  • Сарыарқа даңғылы, 31/2
  • Құйшы Дина көшесі, 23/3
  • Анет Баба көшесі, 11/2
  • Жеңіс даңғылы, 67
  • Айтеке би көшесі, 15
  • Анет Баба көшесі, 10
  • Шыңғыс Айтматов көшесі, 40
  • Ілияс Омаров көшесі, 27
  • Ермек Серкебаев көшесі, 2
  • Жұмекен Нәжімеденов даңғылы, 4
  • Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 41

Жиналған заттардың жарамды бөлігі мұқтаж адамдарға беріледі. Ал қайта пайдалануға келмейтін кейбір тоқыма бұйымдары қайта өңдеуге жіберіледі. Мысалы, жарамсыз джинсы маталары жаңа өнім жасауға пайдаланылады, ал ақауы бар тоқыма бұйымдарынан қайтадан жіп дайындалады.

Алматыда да тоқыма қалдығын жинау жүйесі бар

Алматыда тоқыма қалдықтарын жинау және сұрыптауға бағытталған FABRIQA жобасы жұмыс істейді.

Алматы әкімдігінің дерегіне сәйкес, қалада арнайы экобокстар орнатылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша осы жоба аясында 282 тоннаға жуық тоқыма қалдығы жиналған.

Бұл жерде ескі киімнің бәрі бірден қоқысқа кетпейді.Жарамды заттар қайта қолдануға берілуі мүмкін, ал жарамсыз тоқыма қайта өңдеуге жіберіледі.

FABRIQA жобасы бокстарының мекен-жайы:

  • Марков 44
  • Абай даңғылы 109/7k24
  • Байтұрсынов 22
  • Назарбаев 43
  • Құрмағазы 145
  • Гоголь 75
  • Көктем 1
  • Ресей (Қабанбай-Достық)
  • 6-шағын аудан, 11в
  • Қабанбай батыр 71\
  • Сәтбаев, 133/3
  • Абылайхан даңғылы 74
  • Жандосов 51
  • Абай-Жароков
  • Абай/Момышұлы даңғылы (метро)
  • Айнабұлақ 2, 71/1
  • Әуезов-Төлеби
  • Қабанбай батыр 150
  • Розыбакиев 237
  • Райымбек даңғылы 239
  • ШамСкул

Ескі киімді қалай дайындаған дұрыс?

Киімді арнайы қабылдау орнына апармас бұрын оны қарап, бірнеше бөлікке бөлген жөн:

  • киюге жарамды киім;
  • қайта пайдалануға келмейтін ескі тоқыма;
  • аяқ киім;
  • басқа адамдарға қажет болуы мүмкін тұрмыстық заттар.

Ең бастысы – қабылдау орнының талаптарын алдын ала тексеру. Өйткені, әр жобаның қабылдайтын заттары әртүрлі болуы мүмкін.

Неге бұл маңызды?

Ескі киімді қоқысқа тастау – мәселенің ең оңай шешімі сияқты көрінеді. Бірақ, киімнің бір бөлігі қайта пайдалануға жарамды болса, оны қоқысқа тастаудың қажеті жоқ.

Бір киімді басқа адам қайта кисе – ол заттың өмірі жалғасады. Ал жарамсыз мата қайта өңделсе, одан жаңа өнім жасауға болады.

Сондықтан, Дүниежүзілік тазалық күні – тек сенбілік өткізу күні емес, күнделікті әдетімізге қараудың да мүмкіндігі. Үйдегі қажетсіз киімді қоқыс жәшігіне тастамас бұрын оны қайта пайдалануға немесе қайта өңдеуге беру дұрыс..

Бұл – үлкен өзгеріс емес. Бірақ әр үйден шыққан бір пакет киімнің өзі дұрыс бағытқа жіберілсе, оның қоршаған ортаға пайдасы бар.

Сондай-ақ оқыңыз


Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз