Алғашқы Құрылтайға кімдер депутат болды: партиялар тізімі
24 тамыз күні таңертең Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Сайлау қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың белсенділігі 74,08% болды. Дауыс беруге 9,3 миллион адам қатысты.
Сонымен, Құрылтай сайлауында ең жоғары нәтижені «Әділет» партиясы көрсетті. Партияға 6 528 948 адам, яғни сайлаушылардың 71,17 пайызы дауыс берген. Нәтижесінде партия 110 депутаттық мандатқа ие болды.
Қалған партиялардың көрсеткіші мынадай:
- «Ауыл» – 6,26% немесе 574 621 дауыс, 10 мандат;
- Respublica – 5,56% немесе 509 631 дауыс, 9 мандат;
- «Ақ жол» – 5,21% немесе 478 083 дауыс, 8 мандат;
- ЖСДП – 5,11% немесе 469 058 дауыс, 8 мандатқа ие болды.
Сонымен, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Құрылтайға сайланған депутаттары тізімі мынадай:
1) «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша:
- Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
- Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
- Еспаева Дания Мадиқызы
- Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
- Ли Юрий Виссарионович
- Нұралдинов Олжас Елтайұлы
- Шынасилова Мейраш
- Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы
2) «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша:
- Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
- Байманов Шахмардан Асқарұлы
- Бегалиева Захира Онғарбайқызы
- Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
- Иргибаев Мұрат Саматұлы
- Киян Владимир Сергеевич
- Қажыбекова Ажар Елемесқызы
- Мухаметов Алмас Ерекұлы
- Райханова Динара Қуанышқызы
- Тоқсейітова Рабиға Әлібекқызы
3) «Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша:
- Авершин Константин Викторович
- Адаев Ербол Дәненұлы
- Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
- Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
- Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
- Аймағанова Айжан Талғатқызы
- Алтай Абай
- Амантай Жарқынбек
- Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
- Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
- Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
- Әбдікешов Алмат Жанболатұлы
- Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы
- Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
- Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
- Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
- Баденова Әсел Жанболатқызы
- Базенов Айрат Базенұлы
- Байбеков Шалқар Заманбекұлы
- Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
- Бақытбекұлы Нұркен
- Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
- Басин Вадим Борисович
- Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
- Башимов Марат Советұлы
- Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
- Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
- Беркімбаев Берік Серікұлы
- Больгерт Евгений Андреевич
- Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
- Годунова Наталья Николаевна
- Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
- Данбаева Жұлдыз Сейіткамзинқызы
- Данилов Александр Сергеевич
- Дәдебай Айбек Арқабайұлы
- Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы
- Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
- Елеусізова Бота Серикқызы
- Ералиев Бегалы Ералыұлы
- Ералиев Мағжан Абзалұлы
- Ергешбек Нұрсадық
- Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
- Есімханов Сұңғат Қуатұлы
- Жамалов Бауыржан Салдарұлы
- Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
- Жансенгіров Арман Серікұлы
- Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
- Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы
- Закиева Динара Болатқызы
- Имашева Снежанна Валерьевна
- Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы
- Каринова Шолпан Танатқызы
- Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
- Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
- Кузиева Замира Зәкіржанқызы
- Кучинская Юлия Владимировна
- Қалықов Арман Қобыландыұлы
- Қамзабекұлы Дихан
- Қарабасова Лаура Чапайқызы
- Қожаев Марат Шәдетханұлы
- Қожаниязов Серік Салаватұлы
- Қожахметова Ләззат Таймырқызы
- Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
- Медеуова Дана Теміртайқызы
- Мұсылманбек Ерқанат Серікұлы
- Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсапиұлы
- Наимбекова Айжан Ізбасханқызы
- Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы
- Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
- Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
- Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы
- Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
- Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
- Оспанов Шота Сәбитбекұлы
- Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
- Перепечина Ольга Валентиновна
- Петров Константин Викторович
- Пономарев Сергей Михайлович
- Пулатов Шерзод Аббозович
- Рамазанова Наталья Сергеевна
- Рожин Максим Николаевич
- Рымжанов Мәди Рысбекұлы
- Савельева Татьяна Михайловна
- Сағынов Замир Садықұлы
- Сайыр Ерлан Бияхметұлы
- Сарым Айдос Әміроллаұлы
- Себасов Марат Бақбергенұлы
- Семидоцких Елена Александровна
- Сқақова Айжан Амангелдіқызы
- Смышляева Екатерина Васильевна
- Сулаймонова Русана Руслановна
- Сүгірбай Аят Исатайұлы
- Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
- Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
- Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы
- Темірбаева Айжан Маратқызы
- Тен Ирина Сергеевна
- Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
- Теренченко Илья Сергеевич
- Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
- Тоқтамұрат Армангүл
- Тоқшалық Ерлан Бейсенұлы
- Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
- Хаирова Әсел Ануарқызы
- Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
- Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
- Шапақ Үнзила
- Шаталов Никита Сергеевич
- Шибутов Марат Мақсұмұлы
- Щербаков Станислав Александрович
4) Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша:
- Ақылбай Арман Серікұлы
- Камалова Нурайнаш Балтабайқызы
- Кульмагамбетов Аслан Мұхтарұлы
- Ли Лариса Юрьевна
- Насибулов Мақсұт Бейбітұлы
- Рахимжанов Асхат Нұрмағамбетұлы
- Сагандыкова Ажар Бахытқызы
- Сайлаубай Наурыз Саятұлы
5) «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша:
- Айтқұлов Бекжан Бахтыбекұлы
- Идрисов Руслан Рашитович
- Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы
- Қожаназаров Айдарбек Асанұлы
- Құспеков Олжас Хайроллаұлы
- Наумова Динара Рүстамқызы
- Смолякова Екатерина Сергеевна
- Тау Нұргүл
- Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы
Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы бүгін, 28 тамызда Астана қаласында өтті.
Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында жаңа заң шығарушы органның басшылығын қалыптастыру мәселесін көтерді.
Мемлекет басшысы алдымен Құрылтайдың төрағасын және басшылық құрамын анықтау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, Конституцияның 57-бабына сәйкес, төрағалыққа кандидатты Президент ұсынады.
Ақорданың Telegram арнасының хабарлауынша, осы ретте Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.
Құрылтай Төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша I шақырылымдағы Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға сәйкес Үкіметтің жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтататынын айтты.
Ақорданың Telegram арнасының хабарлауынша, құрылтай құрамы жасақталғаннан кейін Мемлекет басшысы вице-президент пен премьер-министр қызметіне кандидаттарды ұсынады. Сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары деген жаңа лауазым енгізіледі.
Құрылтай мен Үкімет құрамы толық бекітілген соң Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.
Ақорданың Telegram арнасының хабарлауынша, сонымен қатар, Президент қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесі жасақталатынын мәлімдеді.
Құрылтайға қандай міндеттер жүктеледі?
Жаңа Конституцияның 56-бабына сәйкес, Құрылтайға бірқатар маңызды өкілеттік берілген. Заң шығарушы орган конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдайды.
Сонымен қатар Құрылтай Президент қарсылық білдірген заңдарды қайта қарап, дауысқа салады. Егер депутаттардың қажетті көпшілік даусымен Президенттің қарсылығы еңсерілсе, Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қояды.
Құрылтай соғыс және бітім мәселелерін шешеді. Сондай-ақ Президенттің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдай алады.
Заң шығарушы орган Президент сайлауын жариялайды және жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы.
Құрылтай депутаттары Президентке Вице-президент пен Премьер-министрді тағайындауға келісім береді. Сондай-ақ Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беру мәселесіне қатысады.
Бұдан бөлек, Құрылтай Президенттің ұсынуымен Жоғарғы Сот судьяларын сайлайды және оларды қызметтен босатады.
Құрылтайдың Үкімет қызметін бақылауға қатысты да өкілеттігі бар. Депутаттардың кемінде бестен бірінің бастамасымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру туралы мәселе көтерілуі мүмкін.
Депутаттардың кемінде үштен бірінің бастамасымен Үкімет мүшелерінің өз қызметі туралы есебі тыңдалады. Егер Үкімет мүшесі заң талаптарын орындамағаны анықталса, депутаттардың кемінде үштен екісінің дауысымен Президентке оны қызметінен босату туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдануы мүмкін.
Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін қарайды және бекітеді. Үкіметтің бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітпеу Үкіметке сенімсіздік вотумы ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге Құрылтай Конституциялық Соттың конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды. Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет қарайды.
Құрылтай өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдаулар өткізіп, жұмыс тәртібін белгілейтін регламент қабылдайды. Сондай-ақ үйлестіру және жұмыс органдарын, комиссияларды құрып, олардың төрағаларын сайлайды.
Осылайша, Құрылтайдың негізгі міндеттері заң қабылдау, мемлекеттік органдардың қызметін бақылау, бюджет мәселелерін қарау және елдің маңызды саяси шешімдерін қабылдауға қатысуға бағытталған.