ЖОО ақшаны нақты не затқа жұмсайды?
Еліміздің жоғары оқу орындары ақшаны қалай жұмсап жатқаны бәрімізді қызықтырады. Ал мемлекеттік сатып алуларды бақылай отырып, қаржыны желге шашудың алдын алуға болады. Бюджеттен бөлінетін қаражат шын мәнінде мақсатты жұмсалып жатқанына көз жеткізу үшін осы нұсқаулықты қолданыңыз.
1. Алдымен бюджетін қарағыңыз келген жоғары оқу орнының БСН-ін (БИН) гуглдан тауып алыңыз:
2. Оны көшіріп алып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары сайты – satypalu.gov.kz-ке кіріңіз. Кез келген ақпаратты алу үшін ЭЦҚ қажет емес:
3. Сайтты ашқаннан кейін “Тізілімдер” рубрикасына өтіп, “Келісімдер” батырмасын, оның ішінде “Шарттар тізілімі” бөліміне өтіңіз:
4. Ашылған терезені мұқият қарап шығып, “Тапсырыс беруші” ұяшығына БСН-ді енгізіңіз:
5. Сізге таңдаған университеттің сатып алулары туралы тізім ашылады. Толығырақ ақпаратты шарт нөміріне өту арқылы аласыз:
6. Мысалы, 5 610 998 теңгенің қайда жұмсалатынын білгіміз келеді:
7. Ол үшін “Шарт нөмірі” батырмасын басу керек. Шарттың мәртебесі, жасалған күні, қысқаша мазмұны туралы және т.б. ақпаратты көресіз. Мына жерде 5,6 млн теңге кеңсе жабдығына арналған қағаз үшін жұмсалатыны туралы жазылып тұр:
8. “Шарт нысандары” бөлімінде тауардың саны мен құны жайлы ақпарат алуға болады:
Мемлекеттік сатып алулар порталын түсініп алсаңыз, сан түрлі қызық ақпаратқа тап болатыныңыз анық. Мемлекеттік бюджеттің жұмсалуын бақылап отыру ашықтықты арттырады. Сондықтан бюджетті ара-тұра тексеруді әдетке айналдырайық.