Желі қолданушылары Президенттен Талғар ісіне араласуын сұрайды

ptrk.kz  парақшасы- бәрімізге мәлім ҚР Президентінің телерадиокешені, мұрағаттық бейнежазбалар қоры жарияланатын эксклюзивті паблик. Соңғы жайттарға байналысты дүрліккен халық Президенттің назарына аударту үшін бірнеше амалдарды ашық қолданып жүр. «Талғар Трагедиясы» атауына ие болған аталмыш оқиғаға президенттің араласпауы көпті алаңдатады. 

Желі қолданушылары әділдікті талап еткен посттарда өздері араласуға тиіс деп санайтын, заң үстемдігін орнатады-ау деген тұлғаларды тегтеп, оларға ашық хабарлама жазып жатыр.  Мысалы отбасын ойрандаған, қандықол қарақшылардың бостандықта жүруі, ойларындағы бар амалды еш кедергісіз қолдануы сияқты мәселелерді атып өтіп жатыр. Трагедияға көз жұма қарап, әртүрлі кездесулер мен жағымды жаңалықтардың үздіксіз жариялануы халықтың ызасын тудырды. 

Үміт, ыза да осы комменттерде

Ресми органдардың тарапынан мардымды жауап болмағандықтан «Талғардағы адам өлтіру фактісіне қылмыскерлерге тіпті полиция қызметкерлері болысқан» деген қауесет гүр-гүр қайнап тұр.

Көпшіліктің үміті де, реніші де Президентке бағытталады, алайда нәтиже жоқ. Нәтижені талап еткен ел-жұрт даурығуы бәсеңдейтін емес.

Бір адамның басындағы трагедия, әділетсіздік пен әлімжеттік елді ұйыстырғаны азаматтық қоғамның бар екенін де аңартады. Халықтың алаңдаушылық білдіріп, билік басындағы, әсіресе мемлекет басшысы президентке үн қатуы әлі де сенім деңгейінің қандай деңгейде болсын бар екенін білдіреді. Бірақ «сенім кредиті» қаншаға жетер екен, нәтижесі қалай болатыны белгісіз. 

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»