Балалар қауіпсіздігі мен Ғаламтордағы қауіп-қатер мәселелерін этикаға сай жариялау

ЮНИСЕФ жүргізген «Kazakhstan Kids Online» (2023) зерттеуіне сәйкес: балалардың 10%-ы
жеке өмірде кездеспеген адамдарды достар тізіміне қосады, 11%-ы бейтаныс адамдарға жеке
суреттерін немесе видеоларын жібереді, 9-10 жасар балалардың 60%-ы және 11-12 жасар
балалардың 66%-ы жас шектеулеріне қарамастан әлеуметтік желілерде аккаунтқа ие.
Балалардың 15%-ы ұнамсыз немесе тыйым салынған контентпен ұшырасқан, бірақ барлығы
дерлік бұл жайлы ересектерге айтпаған.

Осыған байланысты БАҚ өкілдеріне арнайы тренинг өткізу – онлайн ортадағы балаларға
қатысты қылмыстарды жариялау сапасы мен этикасын арттыру үшін қажетті шара болып
табылады. Бұл оқыту шарасы журналистерге балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін
қорғауға бағытталған материалдар жасауға, сондай-ақ оларды интернеттегі қауіп-қатерден
сақтандыру шараларына маңызды үлес қосуға мүмкіндік береді.

Тренинг мақсаттары:
❖ Қазақстандық журналистердің балаларды онлайн-қатерден қорғау мәселелерін
жариялаудағы білімдері мен дағдыларын арттыру.
❖ Тақырыпты БАҚ-та сауатты әрі этикаға сай жариялауға арналған құралдар беру.
❖ Нәзік тақырыптармен балалар үшін барынша қауіпсіз жұмыс істеу әдістерін үйрету.
❖ Интернеттегі балаларға қарсы қылмыстарды алдын алу мен ескертудегі БАҚ-тың рөлін
күшейту.

Өтетін уақыты мен орны: 2025 жылғы 11 қараша, 9.00-де, Астана қаласы,
Hilton Garden Inn қонақүйі, Қабанбай батыр даңғылы 15, Garden 1 залы.

Аккредиттеу үшін байланыс деректері:
Айжан Мадиходжаева +7 701 721 11 17 abcd.astana@gmail.com.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз