Нұсқаулық: Өз атыма несие алуға қалай тыйым саламын?

Қазақстандықтар енді өз атына 6 ай бойы банктік несиелер мен микрокредиттерді алуға тыйым сала алады. Шектеуді кез келген уақытта тоқтатуға болады. 

Бұл жайлы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин былай деп мәлімдеді

«Бірінші кредиттік бюросымен бірлесе біз несиелер алуға ерікті түрде тыйым салу қызметін іске қостық. Бұнда несиеден өз еркімен бас тартуға  азаматтың өзі ғана жүгінеді және өз бетімен бас тарта алады. Осы арқылы біз еліміздің азаматтарына заңсыз несие алуға тырысатын көптеген алаяқтардан қорғауға көмектескіміз келеді». 

Осы нұсқаулықта тыйымды қалай салу керегін көрсетеміз. 

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, басты бетте «Азаматтарға», оның ішінде «Кеден және салықтар» бөліміне кіріңіз:

«Экономика және қаржы» бөліміне өтіп, «6 ай мерзімге банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» батырмасын басыңыз:

«Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз:

Ал eGov mobile қосымшасы арқылы өтінім беру үшін басты бетте «Танымал қызметтер» – «Банктік қарыз, микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтінім беру» батырмасын басыңыз:

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»