«Qantar 2022: сандар мен салдар»

Тимур Нусимбеков, журналист, @timurnusimbekov

Біз үш жыл бұрын Қазақстанда болған Қаңтар оқиғасын еске алып, сол қайғылы күндерден қандай сабақтар алынғанын ой елегінен өткізуді жөн көрдік.

2022 жылдың қаңтарында елді дүр сілкіндірген оқиғалар кезінде бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласып, үлкен қайғыға алып келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қантөгісті шетелде арнайы даярланған «лаңкестер» ұйымдастырды деп мәлімдеп, тәртіпті қалпына келтіру үшін ҰҚШҰ ұйымының әскерін шақырған болатын.

2024 жылдың басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Президент Қаңтар оқиғасына тоқтала отырып:

«Сол кезде Үкімет менің тапсырмаммен арнаулы комиссия құрды. Оның мүшелері қоғам өкілдерімен кездесіп, ортақ мәмілеге келу үшін бірден ай­маққа барды. Бірақ наразылық шеру­лері экстремистік сипат алды. Оны қас­көйлер дереу өз мүддесіне пайдаланды» - деген пікір білдірген болатын». 

Қаңтар оқиғасынан кейін билік, әрбір адам өлімі мұқият тергеліп, адам азаптағандар жазаға тартылатынын айтып уәде еткен болатын. Бірақ уақиғадан бері үш жыл уақыт өтсе де ол уәденің нәтижесі саусақпен санарлық. Ал ұсталғандарды азаптаған немесе оқ атқан, «билік өкілетін асырған» деп жазаланған күштік құрылым өкілдерінің саны елуге әрең жетеді. 

Қаңтардағы адам шығыны және тергеу нәтижелері

Ресми дерек көздерінің есебі бойынша, Қазақстанда 2022 жылғы қаңтарда болған көтеріліс кезінде және оқиға кезінде алған жарақат салдарынан 238 адам қаза тапты, 4500-дей адам жарақат алды. Қайғылы оқиғадан кейін жарты жыл  уақыт өткен соң, 2022 жылдың тамыз айында билік қаза болғандардың ресми тізімін жасады,  Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтері одан бұрын шығып қойған еді.  Биліктің ресми ақпараты шығып болмаған себепті  волонтерлер https://qantar2022.org/ сайтын іске қосып, Қазақстанда 2022 жылы қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен, ұсталған жараланған және қаза тапқан жандардың тізімін, сондай-ақ оқиғалар тізбегін жинай бастады. Қазіргі уақытта сайттың дерегі бойынша, 2470 адам жоғарыда аталған тізімге кіреді. Олардың кейбірінің статусы нақтылануды.

Қанды Қаңтар оқиғасына байланысты осы уақытқа дейін оқ атып, ұсталғандарды азаптады деп айыпталған бірнеше күштік құрылым өкілі, «мемлекетке сатқындық жасады» немесе «билік өкілетін асыра пайдаланды» деп айыпталған бірнеше лауазымды тұлға және «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» және өзге де айыптар бойынша жүздеген тұрғындар мен белсенділер сотталды. 


Қалпына келтіру жұмыстары және материалдық шығын

2022 жылдың наурызында Роман Скляр қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Р. Склярдың айтуынша, келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге 28 млрд теңге бағытталды. Алматыдағы кәсіпкерлердің шығынын 98 миллиард теңгеге бағаланды. 1,5 мың ғимарат пен 700-ден астам көлік бүлінген. Қаңтар оқиғаларына қатысы бар адамдардан 350 миллион теңгеге ұрланған мүлік тәркіленді. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры қаза тапқан 91 адамның отбасына 637 млн теңге материалдық көмек көрсетті.

Cол жылдың яғни, 2022 жылдың 10 қаңтары қаза тапқандар үшін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Кейінірек Алматыда қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды. 

Қылмыстық істер және сот процестері

2024 жылдың басындағы ресми мағлұмат бойынша, Қаңтар оқиғасынан соң 5300 қылмыстық іс тіркелген. 1419 адам сотқа тартылып, оның ішінде 1396 адам сотталған. Жеті адам ақталған, он алты адамның ісі тоқтатылған. 1200ге жуық адам амнистияға ілінген. Қазіргі уақытта кемінде 15 адамның өліміне қатысты сот өткені белгілі. Билік Қаңтарда қаза болғандарды бірнеше топқа бөліп отыр. Оның ішінде: алты адам – азаптаудан көз жұмған;  төрт адам – "өзге қылмыс жасау кезінде қаза болды" алпыс алты адам – "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" ісі бойынша күдікті деп танылған; бір жүз қырық үш адам - "төтенше жағдай режимін бұзғандар" (оның жиырма екісі кездейсоқ оқ тиіп қаза болғандар); он тоғыз адам – күштік құрылым өкілі; Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтар оқиғалары бойынша құқық қорғау органдарымен барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Қаңтар оқиғасы бойынша елде 10 жоғары лауазымды тұлға сотталған. Бірақ олардың барлығы «құпияланған» істер. Және 24 құқық қорғау орган өкілі сотталды. Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтар оқиғалары бойынша құқық қорғау органдарымен барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. 

«Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының 2022-2023 жылғы жүргізілген Қаңтар оқиғасын құжаттауындағы 150 куәгердің 90%-ы «Сіз болған оқиғадан кейін бір жерге өтініштермен, шағымдармен жүгіндіңіз бе?» деген сұраққа жауап берді, олардың 23%-ы өтініш білдіргендерін айтты.

Жәбірленуші 528 адамның 39,6%-ы «Сіз болған жағдайға шағымдандыңыз ба?» деген сұраққа жауап берді, олардың 69,4%-ы жүгінді. Сауалнамаға қатысқан 733 адамның 100-і мемлекеттік органдарға қандай да бір сұрау салумен жүгінді, ең көп өтініш білдіргендер – азаптау құрбандары.Оқиға куәгерлерінің ішінен барлығы 16 адам бір жерге хабарласқанын хабарлады.Құжаттаушылар Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік органдарға жүгінбеу себептерін білуге тырысты. Мұнда барлығы 79 ескерту болды. Олардың ішінде ең көп кездесетіні – жүгінуге негіз жоқ (32,9%). 16,5% мұндай жүгінулердің әділдігі мен мағынасына сенбейді. 15,2% жағдайда қудалаудан қорқу, өзінің/отбасының қауіпсіздігі үшін қорқудан туындаған себеп пайда болды. 

Билік Қаңтар оқиғасын кінәлілер жазаланып, аяқталған уақиға ретінде бағалағанымен, жұртшылық бұнымен келіспейді және де  қоғамда әлі күнге дейін белсенді түрде себеп-салдары талқыланып жатыр. 

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»