Нұсқаулық: Мейрамханадағы тапсырысым талапқа сай емес. Не істеймін, қандай құқықтарым бар?
Сіз мейрамханаға тамақтануға келдіңіз делік. Тапсырыс берген тағамыңызды әкелгенде, ішінен шаш шықты. Осы сәтте не істейсіз? Үнсіз қалып, асты жей бересіз бе, әлде өз құқығыңызды басшылыққа алып, тағамды ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап етесіз бе? Мұндай жағдайға түскенде өз құқығыңды біліп, оны қорғай алған жөн. Бұл нұсқаулықта құқықтарды тізімдеп береміз.
Қай заңдарды оқиын?
Мекемелердегі тұтынушылар құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Мейрамханаларға қойылатын талаптар
«Мейрамханалар орындауға тиіс қолданыстағы ережелерге сәйкес, барлық мәзірлер, сондай-ақ прейскуранттар белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Теориялық тұрғыдан олар тағамның пісіру әдістерін, салмағын, құрамын және олардың калориялығы туралы ақпаратты көрсетуі керек», – деп түсіндіреді Қарағанды облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бұрынғы басшысы Әлия Кулагина.
«Моцарелла» пиццасының мәзірде жазылу мысалы:
Көп жерде ол қалай жазылып жүреді: «Моцарелла пиццасы», 1590 тг
Негізі қалай жазылуы керек: «Моцарелла пиццасы», 1590 тг
Салмағы: 320 грамм
Құрамы: Рогс-мини картобы, балғын микс көктері, пармезан ірімшігі, теңіз тұзы, қара бұрыш, моцарелла ірімшігі, жұмыртқа, нан ұнтақтары, бидай ұны, қызанақ соусы (п. ф. С/С қызанақтары, теңіз тұзы, қара бұрыш, табаско тұздығы, Әулие сарымсақ, Сент-насыбайгүл, орегано, зәйтүн майы, түйіршіктелген қант).
Шығуы: 138 гр./ 3 гр./15 гр./1 гр./ 0,1 гр./10 гр./1 дана/30 гр./40 гр./10 гр./ 60 гр.
Ал дамыған мекемелер өз мәзірлерінде аллергендерді, глютен, лактоза және т.б. көрсетеді.
Сапасы төмен тағам мен тауар
Сіз тұтынушы болғандықтан, тапсырыс берген тағамның дұрыс орындалуын талап етуге құқылысыз. Егер тағам сапасы тиісті емес, яғни ішінен шаш немесе өзге де бөгде денелер шықса, өнімдер ескірген немесе мәзірдегі бағасына сай емес болса, дайындаушы оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:
-
тағам бағасын мөлшерлес кемітуді;
-
тағам кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы;
-
тамақ кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
-
ұқсас тағамға ауыстыруды;
-
сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа тағамға ауыстыруды;
-
шартты бұзуды және тағам үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Тамақтану орнында улану болғанда
Тамақтанатын орыннан үнемі ішкен астың тізімі бар түбіртек алып жүру керек. Себебі бұл дәл осы жерде тамақ ішкеніңізді және нақты не жегеніңізді көрсетіп, дәлелдеп береді. Кейін дәрігерге барып, кеңесіп, одан улану мейрамхана немесе кафеге барғаннан кейін болғанын анықтамаларда көрсетіп беруін сұрау қажет. Емдеуден кейін жағдайды соттың араласуынсыз реттеу үшін тамақтанған орынға шағым жазыңыз (қайда шағым жазу керегі төменде) және оларды 16-бапқа сілтеме жасай отырып, тұтынушылардың тауардың кемшіліктері салдарынан олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеу құқығын көрсетіңіз.
1. Тұтынушы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) құрылымдық, нұсқамалық немесе өзге де кемшіліктері салдарынан оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеуге құқылы.
2. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеуді талап ету құқығы сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсіне және оның онымен шарттық қатынастарда болғанына немесе болмағанына қарамастан кез келген тұтынушының өзі үшін танылады», деп кеңес береді Әлия Қажыкенқызы.
Шағым жазу
Егер сатушы жауап қайтармаса, уәкілетті органдарға, оның ішінде аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш жазу мүмкіндігі бар. Уәкілетті органнан жауап алғаннан кейін жоғалған ақшаны өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге де болады. Тұтынушылар өз өтініштерін e-tutynushy.kz – бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы да жібере алады.