ЛГБТ-тұлғаларға не үшін заңды түрде некелесу маңызды?
Қазақстанда бір жынысты адамдарға заңды неке құруға мүмкіндік жоқ. Содан ЛГБТ адамдары бала асырай алмайды, кейбір медициналық қызметтерді пайдалана алмайды. Тіпті оқыс жағдайда бір-біріне көмектесуге заңды мүмкіндігі де жоқ.
Бұл тақырыпта біз Education community құрушысы, әлеуметтанушы Азият Агишев пен заңгер Әйгерім Құсайынқызының ойын білдік.
*ЛГБТ — деген лесбиан, гей, бисексуал, трансгендер адамдарға қатысты қолданылатын аббревиатура. Кейінгі кезде оған «К+» қосылып, квир және басқа да сексуалды ориантация түрлері айтылып жүр.
ЛГБТ адамдарға некені ресми рәсімдеу қаншалықты маңызды?
«Менің ойымша, ЛГБТК+-қоғамдастығының өкілдеріне ресми неке құру аса маңызды. Себебі мұндай заң Қазақстанның ЛГБТК+ адамдарының бар екенін әрі олардың құқықтарын ресми түрде дәлелдейтін еді. Біз Қазақстанда дүниеге келіп, Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Онда неге заң бойынша біз тіпті жоқ сияқтымыз? Неге біз өміріміздегі ең маңызды адамға махаббатымызды өзге адамдар сияқты білдіре алмаймыз?», — дейді Азият.
ЛГБТ-қоғамдастығындағы адамдарға ресми неке қандай артықшылықтар мен құқықтар береді?
Азияттың айтуынша, некеге тұру мүмкіндігі ЛГБТК+ адамдарынының заңды құқықтары бар екенін дәлелдейтін еді. Негізі ол міндетті түрде қоғамның әр адамында болуы керек, бірақ іс-жүзінде бәріне ресми некелесу мүмкін емес. Сүйікті адамыңыздың жол апатына ұшырағанын елестетіп көріңізші. Ресми некесіз сізді реанимацияға жолатпайды, оның халін көре алмайсыз. Сүйіктіңіз жоғалса да іздеу жариялауға да құқығыңыз жоқ. Заңды түрде ол адамға сіз ешкімсіз. Жақыныңыз екенін басқа қалай дәлелдейсіз? Бір ғана қарапайым заң болмағандықтан қолыңыз байланатынын елестетіп көріңізші. Осыдан неке құру мүмкіндігінің болмауын ЛГБТК+ адамдарына деген әділетсіздіктің белгісі екенін түсінуге болады.
Ресми неке ЛГБТ-отбасыларының әлеуметтік танылуы мен қоғамның қабылдануына қалай ықпал етуі мүмкін?
«ЛГБТК+ отбасылары үшін некеге тұру жыныстық және гендерлік әртүрлі отбасыларды дестигматизациялауда айтарлықтай әлеуметтік мағынаға ие. ЛГБТК+-некенің негізгі мәні ЛГБТК+ адамдар басқалар сияқты тамаша ата-ана бола алатынын да . Кейбір адамдар «ЛГБТК+-қоғамдастығындағы ата-аналар балаларды өздері сияқты етіп тәрбиелейді» деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес», — дейді Азият.
Некесі заңды түрде тіркелмеген ЛГБТК+ отбасыларда қандай проблемалар болуы мүмкін?
«Біріншіден, неке — мұрагерлік, зейнетақы жинақтары сияқты аспектілерде заңды түрде кепілдік беретін заңды статус көрсеткіші. Некеге тұру мүмкіндігі болмағасын көптеген заңды салада проблемалар туады. Екіншіден, заңды неке ЛГБТК+ отбасыларына еш кедергісіз бала асырап алуға мүмкіндік бере алар еді. Үшіншіден, ЛГБТК+ отбасылары заңды некесіз тиісті медициналық қызметтерді пайдалануында проблемаға әкелуі мүмкін», — дейді Азият.
Қазақстанда не үшін бір жынысты некеге қатысты заң жоқ?
«1997 жылдан бастап Қазақстанда бір жынысты қатынаста болу — қылмыс емес. Яғни ЛГБТ өкілдері азаматтық неке де құра алады. Заң оларға тыйым саламайды. Бірақ олар заңды неке рәсімдей алмайды. Ол туралы ҚР “Неке және отбасы” кодексінде жазылған. Яғни онда “неке деген — еркек пен әйел арасындағы одақ” делінген. Оған Қазақстанның әлі де партиархал мемлекет болуы себеп», — дейді Әйгерім.
Заңгердің айтуынша, БҰҰ мойындайтын 193 мемлекеттің 34-інде бір жынысты неке заңды түрде тіркеледі. Оның ішінде Нидерланд, Ұлыбритания елдері бұл мәселені референдумға шығарып, кейін оны қабылдаған еді. Әйгерім Қазақстанда бір жынысты некені заңдастыру мәселесі жақын арада рефендумға шықпайды деп есептейді. Себебі біздің қоғам әлі оған дайын емес.
Өзге елде заңды түрде құрылған бір жыныстық неке Қазақстанда заңды бола ала ма?
«Біздің елде бір жынысты некеге заң тұрғысынан рұқсат болмағандықтан өзге елде тіркелген неке бізде заңсыз. Бұл бала асырап алу, дүние-мүлікті мұра етіп қалдыруда проблемаға әкеледі. Себебі заңның алдында олар — бір-біріне ешкім, заң оларды көрмейді. Бұл адам құқығы деген түсінікке түбегейлі түрде қайшы келеді. Себебі қоғам адамды тек адам болғаны үшін ғана құрметтеуі тиіс. Мұны бізде қате түсінеді. Адам құқықтарын мемлекет те, ата-ана да — ешкім бере алмайды, адам боп дүниеге келген әрбір жанның құқығы бар. Оны мойындайдын кез келді», — дейді Әйгерім.