90% порнографиялық өнім зорлық-зомбылықтан тұрады
Осы тақырыппен 2023 жылдың 27 қыркүйегінде гендерлік теңдік мәселесімен айналысатын Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке қол жеткізу жөніндегі Жоғарғы Кеңес баяндама жасады.
Порнографияда әйелдер мен қыздар жаппай физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Әйелдер ең нашар сексисттік және нәсілшіл таптаурынды карикатуралық бейнеде қорланады, азапталады, зорланады, бұл әрине, адамдық қадір-қасиетке де, заңға да қайшы келеді.
Порнография индустриясы – заңсыздық жайлаған ауыр зардабы бар сала
Желідегі 90% видеода физикалық және сексуалдық зорлау бейнеленген. Теңдік жөніндегі жоғарғы кеңес миллиондаған бейне жүктелген төрт негізгі порнографиялық платформаға (Pornhub, XVideos, Xnxx, Xhamster) зерттеу жүргізді. Сайттарда бірнеше санат бар, садистік әрекеттегі 1,4 миллион бейне бар. Зорлық-зомбылық пен қорлау бейнеленген санаттар сұранысқа ие. Порнография саласының келісімшарттары заңды түрде жарамсыз.
Порнография – өшпенділікке толы мизогинді, расистік және гомофоб
Әйелдер жек көрінішті, төмен және объект ретінде көрсетіледі. Бейнелерде әйелдерді балағаттайды.
«Порнографияда әйелдер өзін жек көретін және кемсітетін ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен ұнайтындай, неғұрлым көбірек қорласа соғұрлым оргазмы керемет болатындай көрсетеді» дейді Америка зерттеушісі Гейл Динес.
Сонымен қатар, порнография әйелдің келісім беру не бермеуі маңызды емес екендігін көрсетеді. Зорлау туралы осындай мифтер қоғамдағы мизогиндік ойды одан сайын күшейтеді.
Порнографиядағы өшпенділік нысанасына айналған әйелдер ғана емес, расизм мен гомофобтық та өте көп тараған. Зерттеу платформалардағы нәсілшіл санаттағы 1,5 миллион бейнені анықтапты. ЛГБТ өкілдері де таптаурыннан ада емес.
Феминист, белсенді, философ Моник Виттинг 1978 жылы өзінің зерттеуінде «Порнографиялық дискурс бізге қарсы қолданылатын зорлық-зомбылық стратегияларының бір бөлігі болып табылады, бұл адамзатқа жасалынатын қылмыс» деген ойды жазады.
Балалар порнографиясы
Зерттеу «әке», «оқушы», «жасөспірім» деген кілт сөздерден тұратын 1,3 миллион балаларды қатыстырған порнография анықтады. Францияда жыл сайын 165 000 бала зорланады, ал бұл бейнелер балалардың жыныстық қатынасты қалайтынын және ересектердің әрекет етуін күтетініне сендіріп, қоғамда жаңсақ ой қалыптастырады.
Кіші OCRVP бөлімінің басшысы Вероника Беша пікірінше, порнографияға қатысы бар балалар есейгенде 15% жағдайда осы индустрияның продюсері немесе сыбайласына, бопсалаушысына айналады.
1994 жылдан кәмілет жасқа толмағандарға порно көруге тиым салынған. Бірақ бұл заң да, порно сайттардағы жас мөлшерін шектеу туралы 2020 жылы қабылданған заң да нәтиже көрсетпеді.
Осы заңсыздық қоғамдық денсаулық сақтауды дағдарысқа ұшыратып, гендерлік және сексуалдық зорлықпен қарсы күрестегі кедергілердің бір себебі болып табылады. Arcom есептеуінше, 12 жастағы ұл балалардың 51%-ы порнографияның тұрақты тұтынушысы. Жиі порно көру, әсіресе кәмелетке толмағандар арасында, зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп түсінуге әкеледі.
Адам саудасы
Порнографиялық видео роликтерді түсіру мен тарату әлемдік деңгейде жүйеленген. Ғаламторға бір жүктелген бейне шексіз тарала береді, оны жою мүмкін емес. Порно индустриядан шыққысы келетін әйелдердің бопсалануына алып келеді. Адам саудасына қарсы орталық басқармасының бұрынғы басшысы Эльвире Арриги «Камерадағы қыздардың артында жүйеленген құрылымдық қылмыстық ұйымдар бар» - деп, жезөкшелік пен порнографияның байланысы барын мәлімдеді.
Жоғарыда жазылғанның барлығы зорлық-зомбылықпен күресу және оны тарату мен тұтынудың салдарын жою үшін шұғыл шаралар қажет екенін айқын көрсетеді.
Докладты оқу: Rapport - PORNOCRIMINALITE: mettons fin à l’impunité de l’industrie pornographique!