Жасанды интеллект пен биометрия: қазақстандықтардың деректері қаншалықты қорғалған?

Жуырда Алматыда өткен Интернетті басқару жөніндегі Орталық Азия форумында жаһандық әлемдегі этика мен адам құқығы тақырыбы талқыланды. Қазақстан мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарды жедел цифрландыруда, ал жасанды интеллект күндегі рутинамызға енуде. Мұндай жағдайда цифрландыру кез келген қазақстандықтың өміріне қандай әсер тигізеді? Сарапшылар пікірін жинадық.  

ЖИ репрессиялық күші 

Freedom House мемлекет ЖИ-ті әлеуметтік желіде пікір қалдыратын боттарды жасауға жиі пайдаланатына назар аударды. Мысалы, Қырғызстанда бұған 350 000 доллар жұмсалған. Бұл – үкіметке  жақпайтын тұлғаға бағытталған пікірлер және авторитарлы режимнің құндылықтарын қолпаштау. Сондай-ақ үкімет чат-боттарды шектеуге тырысады. Сол арқылы белгілі бір көзқарасты қалыптастырғысы келеді. Мысалы, Қытайда ЖИ мемлекетке ұнамсыз сұрақтарға жауап бермейді.

Жұмысшының ақпараттық құпиялылығы 

Privacy Advocates компания негізін қалаушысы мен құпиялылық бойынша сарапшы Алексей Мунтян ЖИ-тің жұмыс орынында пайдаланылуы туралы атап өтті. 

Белгілі компания қызметкерлердің жұмыс жасау қабілетін бағалау болжамын ЖИ арқылы жасады. ЖИ 150-ден астам параметрлер мен сипаттамаларды пайдаланды және өте дәл болды. Оның есебі бойынша, адамдардың жұмыстан шығып кету үлесі 1%-ға төмендеп, 20 миллион доллар үнемделген. 

Менеджерлер төмендегі себептерге байланысты бұл идеядан бас тартты: 

1. жиналған материалдың жеткіліксіз санына және жетілмеген алгоритмдеріне байланысты қорытындылар қателігі; 

2. басшылықтың шешім қабылдауды ЖИ-ке жүктеп қоюы. 

Сонымен қатар бұл идеяның этикалық дұрыстығы нақты емес:

  • ол негатив кемсітушілікті туындата алады (басшылық нәтижелерді жұмысшыға қарсы қолдануы мүмкін), 

  • не позитив кемсітушілікке әкеле алады (нәтижелерді қызметкерді ұстап қалу үшін пайдалануы мүмкін). 

Демек ЖИ-ті қызметкерлер кәсібилігін шыңдау үшін пайдалануға да болады, бірақ «адамға қатысты шешімді адам ғана қабылдауы тиіс».

Қазақстандағы биометриялық сәйкестендіру

Еркіндік Қанаты қоғамдық қоры қазақстандықтардың жеке деректерін мемлекет не үшін және қалай пайдаланып жатқанын түсіндірді. 

2016 жылдың соңынан бері биометриялық деректерді міндеттелген түрде жинауды енгізу жоспарланған болатын. Кейінірек мұны ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылданды. Ерікті түрде деген аты ғана болмаса қазірдің өзінде Алматы қаласының кейбір ХҚКО-ында жеке куәлік алу үшін саусақ ізін тапсыру міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Заңнамасында жазылған:  

3-тарау. Биометриялық деректерді сақтау және жою

12. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды биометриялық аутентификациялау үшін жеке тұлғалардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 

13. Биометриялық деректерді сақтау және беру Қазақстан Республикасы ҚР СТ 1073-2007 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар" стандартына сәйкес қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес параметрлері бар ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. 

Бұл заң бойынша қазақстандықтардың жеке деректері қаншалықты қорғалатыны белгісіз.

Ұлттық биометриялық сәйкестендіру платформасы

Мемлекеттің 2022-2024 жылға арналған Ұлттық биометриялық сәйкестендіру платформасын құру бағдарламасы бар. 

Сондай-ақ мемлекет биометриялық жүйені дамытуда. Бұл әртүрлі дерекқорлар мен дереккөздерден алынған биометриялық ақпараттың хабы ретінде әрекет етеді. Деректер көші-қон қызметі арқылы жүйеге жіберіледі. Жүйе Ұлттық Банктің ресурсы есебінен әзірленіп, кейіннен Үкіметке беріледі. 

Ақпаратты кім және қалай қолданады?

Биометриялық деректерді Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б. жинақтайды. Жаңа заңнама енісімен биометриялық деректерді жинайтын ұйымдар тізімі, сондай-ақ мұндай деректер көлемі айтарлықтай артуы мүмкін. 

Әрбір құрылым деректерді өз платформасында жинайды. Мұнда да қауіпсіздік мәселесі, яғни деректердің таралып кету қаупі туындайды. 

Ал банктердің көпшілігі жеке деректерді жинау мен өңдеу келісімін дұрыс түсіндірмейді. Банк тұтынушысы жеке деректерді шексіз өңдеу мен жинау келісімінен бас тартатын болса, банк қызмет көрсетуден бас тартуы да мүмкін.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»