Резюме жасау үшін кеңестер

Резюме – кез келген тұлға үшін жұмысқа орналасудағы маңызды құжат.

Резюме – кез келген тұлға үшін жұмысқа орналасудағы маңызды құжат. Онда сіздің неге ең лайықты үміткер екеніңіз көрсетілуі тиіс. Бұл – жұмысқа қабылданатын адам мен жұмыс берушінің арасындағы алғашқы байланыс. Сұраныстар көбейген сайын резюмені жан жақты көркем көрсету қиындай түспек. Ескере кетсек резюмені қабылдау үшін 6 секунд жеткілікті. Сол 6 секундта қалай есте қалуға болады?  Көптеген үміткерлер арасында қалай ерекшеленуге және бірден көзге түсуге болады?

Визуалды тартымды резюме жасау үшін ақылы интерфейстер қолданудың қажеті жоқ. Оның орнына қол жетімді дайын шаблондары бар сайттар мен қосымшалар жетерлік. 

Естен шығармаңыз: көптілді мемлекетте қолданыстағы тілдердің бәрін қамтып резюме жасаған абзал. Бірнеше тілде резюме жасау және сол тілдерде сөйлей алатын кандидант әрқашан ерекшеленеді.

Егер өз қолыңызбен естен кетпес резюме жасағыңыз келсе, мына қосымшаларды басшалаққа алыңыз:

  • Picsart – түсті элементтер мен суреттерсіз резюме үшін.  JPEG (JPG), PNG сурет форматтары үшін қолайлы.
  • Canva – жастар арасындағы танымал шаблондар мен дайын графиканы арқылы оңай әрі, тез арада резюме жасауға болады. Ең бастысы PDF, PPTX, MP4, SVG форматтарында жүктеуге болады.
  • Resume-Now – резюмені жасауды білмесеңіз не, қиналсаңыз бұл сайтта қадамдармен шаблон арқылы көрсетіледі. Шұғыл түрде резюме керек болған жағдайда таптырмас көмекші.
  • Resume help –  резюмеге арналған нұсқаулығы бар сайт. Өзіңіз үшін маңызды мақалаларды жоғары стандарттарға сай тексерістен өткізуге болады. Минимализм стиліндегі бірнеше шаблондар мен кеңестер қамтылған.
  • CapCut – материалдарды анимациялы етіп көрсету үшін ыңғайлы. Көбінде шығармашылық мамандықтар үшін ерекше форматты резюмеге арналған.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ

Рекрутерлер резюмемен жұмыс істегенде уақыттың шамамен 80%-ын төмендегі алты негізгі элементке жұмсайды:

  • Кандидаттың аты-жөні
  • Қазіргі лауазымы мен жұмыс істейтін компаниясы
  • Бұрынғы лауазымы мен жұмыс істеген компаниясы
  • Қазіргі және алдыңғы жұмыс орындарындағы қызмет ету мерзімі
  • Білімі
  • Дағдылары мен біліктіліктері

Резюменің түрлері қандай, оларды қай салаларда қолданған жөн?

Академиялық резюме

Атауында көрсетілгендей арнайы білім санаты үшін немесе ғылыми -зерттеу қызметіне, магистратура немесе докторантура бағдарламаларына, гранттық өтініштерге және конференцияларға қатысу үшін қолданылады. Бұл резюмеде нақты  білім саласындағы ауқымды жетістіктер, ғылыми еңбектер, марапаттар мен стипендиялар туралы толық ақпарат беріледі.

Кәсіби резюме

Белгілі мамамандандырылған жұмысқа орналасу үшін ең кең таралған түр. Мұндағы резюмеде  үміткердің жұмыс тәжірибесі, кәсіби дағдылары мен жетістіктері көрсетіледі.

Креативті резюме

Шығармашылық мамандықтар үшін таптырмас түр болып саналады және  индустрияларда (графикалық дизайн, медиа, өнер) жұмыс іздеу кезінде қолданылады. Ол ерекше форматтарда, мысалы, инфографика немесе интерактивті бейне түрінде болуы мүмкін.

Хронологиялық резюме

 Жұмыс тәжірибесі уақыт ретімен (соңғы жұмыс орнынан бастап) беріледі. Маңызды оқиғалар мен маманның ғылым жолындағы храналогиялық даталары қамтылады. Соңғы статиска, жыл ағымындағы белсенділігі қамтылады.  Бұл түрі тұрақты жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер үшін тиімді.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»