Тоқаев Путинге әскери техника жіберді ме?

Қыркүйек айының соңында «БӘСЕ» жаңалықтар порталы қару-жарақ тиелген пойыздың баяу қозғалып бара жатқан видеосын жариялады. Олар видео 27 қыркүйек күні таңғы сағат тоғыз шамасында Ақтөбе қаласының теміржол вокзалында түсірілгенін айтқан. Бейненің артқы фонында сөйлеп жатқан адамдар пойыз Ресей жаққа кетіп бара жатыр деп жорамалдайды. Ал жазба авторлары мұны Украинамен соғыста шығынға ұшырап жатқан Ресей әскеріне Қазақстанның қару-жарақ тасымалдап жатқанының дәлелі деп ұсынды.

Мұндай шындыққа ұқсас фейкті қалай анықтауға болады?

Біріншіден, видеоны зерттеп, детальдарды Google картадағы суреттермен салыстыруға тырысыңыз. Осылайша, біз пойыздың расында да Ақтөбе вокзалынан жолға шыққаны байқаладық. Бірақ ол солтүстікке – Ресей жаққа емес, Қазақстанның оңтүстік-шығысына қарай қозғалғаны анықталып отыр. Видеодан бірнеше ғимаратты: ашық сұр түсті бір қабатты үйді, ашық көк түсті құрылысты және теміржол маңындағы ақ-көк түсті ұзын ғимаратты көруге болады. Ал оның алдында қызыл шатырлы үй, оң жағында мұнара, ал оның артында теміржол арқылы өтетін көпір тұр. Бұлар Ақтөбе вокзалының үстінен түсірілген Google Maps спутниктік суреттерімен сәйкес келеді.

Екіншіден, ауа райы қосымшаларды да пайдалануға болады. Мысалы, видеонын екінші минуттың соңындағы кадрға аспанның бір бөлігі іліккен және пойыздың күнге қарай жүріп бара жатқанын байқаймыз. Видео таңғы сағат тоғыздар шамасында түсірілсе, SunCalc қосымшасындағы дерек бойынша, 27 қыркүйек күні бұл уақытта күн аспанның оңтүстік-шығыс бөлігінде болған. Сонымен, пойыздың техниканы оңтүстік-шығысқа, Ресеймен шекарасына қарама-қайшы бағытқа апара жатқанына көз жеткіздік.

Үшіншіден, ресми мемлекеттік органдардан мәліметті тексеруге болады. 26 қыркүйек-13 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстік-шығысында ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығу жиыны өткені белгілі. Қорғаныс министрлігінің дерегінше, ҰҚШҰ-ның әскери контингенттері ел аумағына қыркүйектің соңғы аптасында келген, оның ішінде теміржол арқылы келгендері де бар.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»