Сауд Арабиясында шөлдің ортасында өзен пайда болды ма?

Біраз уақыт бұрын TikTok-та Сауд Арабиясының шөлді аймақтарында өзен пайда болды деген дерек тарады. Желі қолданушылары бұл құбылысты «ақырзаманның жақындауымен» байланыстырады. Алайда желіде таралған видео толығымен жалған деуге болады. Мұндай ақпаратты қалай тексеруге болады?

Біріншіден, видеоның немесе фотоның қашан және қайда жарияланғанын анықтаңыз. Егер анықтау қиын болса, Google-дың кеңейтілген іздеу жүйесін (google advanced search) қолданыңыз.

Екіншіден, фото мен видеоның жарияланған күніне қарай, сол видео түсірілген елдің ауа-райы болжамын қарауға болады. Сауд Арабиясында шілденің соңы мен тамыздың басында шамадан тыс мөлшерде жауын жауған. Тек Сауд Арабиясы емес, онымен көршілес Біріккен Араб Әмірліктерінде де мөлшерден артық жаңбыр жауды. Мұны БАӘ ішкі істер министрлігінің ресми туиттер парақшасында сол уақытта жарияланған жазбалардан байқай аламыз.Жауын-шашыннан жиналған су кейбір шөлді аймақтарда «өзен» сияқты аққанын байқауға болады. Сондықтан бұл өзен не көл пайда болды деуге келмейді. Бұл — жаңбырдың әсерінен пайда болған уақытша құбылыс қана.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»