Қан қысымын жақсартатын «Артерио» дәрісі жайлы ақпарат рас па?

Интернетте қан қысымын жақсартатын «Артерио» дәрісі жарнамаланды. Тіпті «Астарлы ақиқат» ток-шоуында медицина мамандары бұл дәріні мақтапты-мыс.

Алайда фактчекинг осы ақпарат толықтай алаяқтардың ісі болғанын көрсетті. Бұны қалай анықтауға болады?

Біріншіден, сілтемеге назар салыңыз. Мемлекеттік органдардың ресми сайтының домені gov.kz болып аяқталады. Ал алаяқтар көбіне қазақстандық емес, шетелдік домендерді қолданады. Мысалы, жоғарыдағы жағдаятта nationpost.org доменін пайдаланған.

Екіншіден, Қазақстанда сертификаты бар дәрілерді мемлекеттік реестрлер сайтынан қараңыз. «Артерио» осы ресми тізімде жоқ.

Үшіншіден, мәтінде келтірілген бағдарламалар мен сарапшылардың ресми парақшаларын табыңыз. Бұл дәріні «Астарлы ақиқатта» ешкім мақтамаған, түсірілім де болмаған. Егер дәрігердің жарнамалағанын көрсеңіз, дәрігер туралы ақпаратты интернеттен іздеп көріңіз.

 

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»